Самұрық-Энерго» АҚ Холдингі жұмыс істеп тұрған өндіруші қуаттарды жаңарту және жаңаларын енгізуге қатысты ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында 2007 жылғы 10 мамырда құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешіміне сәйкес құрылды (толық ақпарат Компанияның www.samruk-energy.kz сайтында ұсынылған).
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметінің негізгі түрлері көмір, көмірсутегі және су ресурстары негізінде электр энергиясын, жылу энергиясын өндіру және ыстық суды дайындау, оны халыққа және өнеркәсіптік кәсіпорындарға өткізу, электр энергиясын тасымалдау, желідегі электрді техникалық бөлу, су электр станциялары мен жылу электр станцияларын салу, жаңартылатын энергия көздерін салу және пайдалану, көмір өндіру, сондай-ақ су электр станцияларының мүліктік кешендерін жалға алу болып табылады.
Бүгінгі күні Компания активтерінің құрамында аса ірі өндіруші компаниялар бар, олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты ұлттық маңызға ие станциялар, сондай-ақ Ертіс СЭС каскадына енген республиканың негізгі су электр станциялары, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі СЭС («Шардара СЭС» АҚ және «Мойнақ СЭС» АҚ) нысандары бар. «Самұрық-Энерго» АҚ активтерінің құрамына Қазақстандағы ең ірі көмір өндіретін кәсіпорын «Богатырь Көмір» ЖШС кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына Алматы өңірінде электр және жылу энергиясын өндіретін станция, сондай-ақ өңірлік тарату желілері мен өткізу компаниясы енген.
Өз миссиясын толық іске асыру және акционер мен басқа да мүдделі тараптардың талаптарын қанағаттандыру үшін қоғам ЕТҰ басқару жүйесін әзірлеп, оның қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп отыр.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару жүйесі мынадай басқару қағидаттарын сақтауға құрылған:
1) еншілес және тәуелді ұйымдар органдарының (акционер (қатысушы), Директорлар кеңесі / Байқаушы кеңес, атқарушы орган), қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың құзыреттері мен өкілеттіктерін нақты ажырату
2) еншілес және тәуелді ұйымдардың (акционер (қатысушы), Директорлар кеңесі / Байқаушы кеңес, атқарушы орган), қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін нақты ажырату
«Самұрық-Энерго» еншілес және бағынысты ұйымдарының операциялық қызметтерінің негізгі бағыттары компанияның ұйымдық құрылымында көрсетілген. Негізгі бөлімшелердің өзара іс-қимылдары мен басқару қағидаттары компаниялардың ішкі құжаттарында белгіленген.