ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
Компания жобалар мен активтерді таңдау, бағалау және басқару кезінде портфельдік тәсілді қолданады, бұл тәуекел деңгейі қолайлы болған жағдайда инвестицияларға салынатын қаржылық, техникалық, технологиялық, адами және басқа ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобалардың портфелін басқару жекелеген бағдарламалар мен жобаларды жоспарлау, инвестициялауға болатын капитал көлемін анықтау, қол жетімді ресурстардың көлеміне байланысты жобаларға басымдық беру, тәуекелді, қайтарым мен уақытша мүмкіншілікті теңгерімдеу, сондай-ақ жоба көрсеткіштерін қайта қарау сияқты іс-шаралар жиынтығынан тұрады.
Қоғамның Инвестициялық жобалар портфелін басқаруға арналған негізгі құралы:
1) «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының Даму стратегиясы мен Даму жоспары, сондай-ақ «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобы бойынша мақсатты НҚК-ны белгілеу.
Операциялық энергетикалық компания ретінде Қоғам өзінің Даму стратегиясын іске асыру шеңберінде әзірленген НҚК негізінде инвестициялық жобалар портфелін басқарады. НҚК жүйесі Қоғамның, оның ЕТҰ-ларының стратегиялық мақсаттары, операциялық және инвестициялық қызметі мен басқару жүйесі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
2) Сыртқы орта мен мегатрендтердің инвестициялық жобалар портфелінің құнына әсерін бағалау.
Компания инвестициялық жобалар портфелінің жағдайына сыртқы факторлардың әсерін шикізат тауарларының бағасы, шетелдік валютаның айырбас бағамы, инфляция деңгейі және т.с.с. секілді макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерісін имитациялау арқылы бағалайды. Сценарийлік талдау сыртқы жағдайларға байланысты инвестициялық жобалар портфелінің құны қалай өзгеретінін көруге мүмкіндік береді.
3) Инвестициялық шешімдерді модельдеу және олардың әсерін бағалау.
Компания өзінің инвестициялық жобалары мен активтері портфелінің жалпы құнын және инвестициялық жобаға кірген әрбір инвестициялардың жеке мәндерін объективті түрде бағалайды, сондай-ақ жеке жобалардың «Самұрық-Энерго» АҚ-ның портфеліне тигізетін әсерін бағалайды.
Инвестициялардың негізгі көрсеткіштерін мұқият және үнемі бақылау ұсыным жасаушы органның ұсынымдар әзірлеуі және Компания басшылығының уақытылы шешім қабылдауы үшін өте маңызды. Түзету шараларын жедел қабылдау мақсатында инвестициялық жобалар Компанияның тиісті бақылауынан өтеді.
Өз міндеттемелерін орындау және ұзақ мерзімді перспективада активтерінің құнын арттыру мақсатында Компания жауапты инвестиция тартуды дамытуға ықпал етеді. Даму стратегиясы мен Корпоративті басқару кодексі шеңберінде Компания орнықты даму қағидаттарын Компания қызметіне енгізу және кіріктіру бастамасын өз міндетіне алды.
ESG-ді бағалау кезінде Қоғам Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін және халықаралық қоғамдастық мойындаған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары, ХҚК мен ЕҚДБ-ның Экологиялық және Әлеуметтік Стандарттары бойынша жаһандық есеп беру бастамасы, БҰҰ-ның жауапты инвестициялау принциптері және т. б. секілді ең үздік халықаралық стандарттарды басшылыққа алады.
Қоғам инвестициялармен тікелей байланысты мынадай негізгі принциптерді ұстанады:
- инвестициялық талдау және шешім қабылдау процесіне ESG параметрлерін қосу;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау және құпия ақпаратты тиісінше пайдалану;
- жалпыға танылған халықаралық немесе ұлттық аудит стандарттарына сәйкес жылдық есептерді, оның ішінде қаржылық есептерді, ESG факторларын қоса алғанда, орнықты даму туралы есептерді дайындау;
- сәйкестендіру, бағалау және тәуекелдерді басқарудың нысандандырылған жүйесінің болуы
Инвестицияға жұмсалған шығыстар, млн теңге


Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру өз қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдары мен ҚР екінші деңгейдегі банктерінің қарыздық қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады.
Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру, млн теңге
|
|
2018 ж. нақты |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
|---|---|---|---|
|
БАРЛЫҒЫ |
41 689 |
50 364 |
73 232 |
|
меншікті |
35 342 |
42 836 |
35 129 |
|
қарыздық |
6 211 |
7 528 |
35 122 |
|
мембюджеттің қаражаты |
137 |
– |
2 982 |