«Әлеуметтік»
санат

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, өз қызметі арқылы қоғамға барынша пайда келтіруді қамтамасыз ету мақсатында Компания қызметкерлеріне, өзі жұмыс істейтін аймақтағы тұрғындарға және тұтастай алғанда қоғам өміріне деген жауапкершілікке қатысты міндеттемелерді ерікті түрде қабылдайды.

Адам ресурстарын басқару Компания қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады және «СамұрықЭнерго» АҚ-ның 2018–2028 жылдарға арналған Кадр саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

Кадр саясатының миссиясы

Компанияның болашақтағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және нарықта бәсекелес басымдықты қамтамасыз ету үшін адам ресурстарының күш-жігерін біріктіру.

Кадр саясатын пайымдау

Әрбір қызметкердің құндылықтарымен үйлесетін, адам әлеуетінің өсуіне және бизнестің қарқынды дамуына ықпал ететін бірыңғай тиімді корпоративтік мәдениет. HR-функциясының стратегиялық рөлі, ең алдымен, болашақта еңбек ресурстарын сандық және сапалық тұрғыдан жоспарлауынан көрінеді.

Компания қызметкерлердің санын және ұйымдық құрылымын, сапасы мен біліктілік жүйесін басқаруға, қызметкерлерді іздеу мен іріктеуді тиімді жолға қою арқылы жоспарлау мен еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді басқаруға ерекше көңіл бөледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі жұмыс берушілер қатарына енеді. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, Компания қызметкерлерінің тізімдік саны 17 783 адамды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының кадрлық құрамы соңғы жылдары тұрақты болып қалып отыр, қызметкерлердің орташа жұмыс өтілі – 12 жыл.

Компания қызметке қатысты басқа да елеулі өзгерістер туындаған кезде, оның ішінде еңбек шартын бұзу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтайды, қызметкерлерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.

Есепті кезеңде жұмыспен толық қамтылған қызметкерлердің үлесі 100 %-ды құрады. Есеспті кезеңде жергілікті халықтың өкілдері есебінен қабылданған қызметтің маңызды аумақтарында жоғары дәрежелі басшылардың үлесі 100% құрады.

2020 ж. өңірлер бойынша бөлгенде жұмыс күшінің жалпы саны

2020 ж. өңірлерге бөлгенде кадрлар тұрақтамаушылығы

2020 ж. өңірлер бойынша бөлгенде жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер

2020 ж. жынысы бойынша жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің саны

2020 ж. жұмыспен қамту түрі бойынша жұмыс күшінің жалпы саны

2020 ж. жынысы бойынша бөлгенде кадрлар тұрақтамаушылығы

Қызметкерлер құрамы

Көрсеткіш

Қызметкерлер

Үлесі

1.

Қызметкерлердің 2020 жылдың аяғындағы жалпы саны (тізімдік)

17 783

 

2.

Жынысы

17 783

 

2.1.

Ер адамдар

13 184

74 %

2.2.

Әйелдер

4 599

26 %

3.

Жас топтары (қызметкерлердің орташа жасы – 38 жас)

17 783

 

3.1.

30 жасқа дейін

2 975

17 %

3.2.

30-дан 50 жасқа дейін

9 452

53 %

3.3.

50 жастан жоғары

5 356

30 %

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің өндірістік ерекшелігіне байланысты негізгі өндірістік учаскелерге ер адамдар көбірек тартылған, олардың үлесі 2020 жылы қызметкерлердің жалпы санының 74 %-ын құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ «БҰҰ-Әйелдер» серіктестігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық шартының аясында әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатын қолдайды. Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстанатынына, сонымен қатар әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың неғұрлым табысты болатынына және жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенеді. Осы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Компанияда іс-шаралар жоспары қабылданды.

Есепті кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша 272 қызметкерге бала күтімі бойынша демалыс берілді. Оның ішінде 252 әйел және 20 ер адам. Есепті жылы 172 әйел өз жұмысын жалғастырды, олардың 163-і – әйел, 9-ы – ер адам.

2020 жылы кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті 6 %-ды құрады. Негізгі себептер - басқа жерде жоғары жалақы алу перспективасы және мансаптық, кәсіби дамудың және оқытудың болмауы.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бала еңбегін және мәжбүрлі еңбекті оның қандай да бір көріністерінде пайдалануды, сондай-ақ жас қызметкерлердің қауіпті жұмысты орындауын қабылдамайды.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Компания орнықты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өндірістік жарақаттануды төмендету және жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүргізеді.

Компания тобындағы 2020 жылға арналған еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Компанияның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы саясатына сәйкес барлық еншілес және тәуелді компанияларда еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс жоспарлары әзірленіп, бекітілді, ұйымдастыру және алдын алу шаралар кешені өткізілді.

Қызметкерлерге қорғалу кепілдігін беру үшін Компания әлеуметтік қорғау бағдарламасын (медициналық сақтандыру, өмірді сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, жазатайым оқиғалардан сақтандыру және т. б.) дамытуды, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуды жалғастырып келеді.

Заңнамаға сәйкес Компания еңбекке жарамсыздық парақтарын, медициналық сақтандыруды, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды, қызметкерлерді жыл сайынғы медициналық тексеруді және өндірістік жарақат алған кезде материалдық көмекті төлейді. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша жыл сайын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру жоғары жарақаттанушылықтан қорғайтын келісімшарттар жасалады.

Компаниялардың барлық тобы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер (бұрынғы комитеттер) жұмыс істейді. Оның құрамына тепе-теңдік негізде жұмыс берушінің өкілдері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды қоса алғанда, қызметкерлердің өкілдері кіреді.

«OHSAS-18001 денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты енгізілді.

Компанияның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілді. Жұмыс орындарын аттестаттауға сәйкес зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары анықталды. Бұл ретте барлық қызметкерлер тиісті жеңілдіктермен, оның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 185-бабына сәйкес қауіптілігі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан өтеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы тұрақты негізде өз қызметкерлері үшін вакцина егу шарасын жүргізеді, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатында иммунитетті көтерудің өзге де нысандарын пайдаланады.

Компания еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау бойынша жоспарлы және жоспардан тыс (кенеттен) тексерулер жүргізу тәжірибесін енгізді. Есепті кезеңде 9 жоспарлы тексеру, 3 жоспардан тыс (кенеттен тексеру) тексеру жүргізілді.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу, хабарлау тәртібі және есепке алу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 20-тарауына «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу» және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылды.

«Оқиғаларды есепке алу және тергеп-тексеру» корпоративтік стандартына сәйкес жазатайым оқиғаларға түпкілікті (жүйелі) себептерді айқындау мақсатында ішкі тергеп-тексерулер жүргізу практикасы енгізілді. Жоғарыда көрсетілген корпоративтік стандартқа сәйкес жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған оқиғаларға тергеу жүргізіледі.

Жүргізілген профилактикалық және түзету шараларының көптігіне қарамастан, 2020 жылы еңбек қызметіне байланысты 8 жазатайым оқиға тіркелді: оның ішінде 7-еуі – ауыр нәтижемен, 1-еуі – жеңіл нәтижемен.

Жарақат атауы

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Химиялық күйік, термиялық күйік

1

2

Соғып алу

1

1

1

Жарақаттық ампутация

1

Электр жарақаттары (термиялық күйіктер)

1

1

Сынықтар

5

5

1

Бірнеше жарақат (сынықтар, соғып алу, ішкі органдардың жыртылуы)

1

4

Көз жарақаты

Бас-ми жарақаты, ми шайқалуы

2

2

Барлығы

10

11

8

2020 жылғы көрсеткіштер

LTIFR

0,27

FIFR

0

LDR

230,15

Жоғалған күндер коэффициенті

816

Келмеген күндер коэффициенті

158 852

Кәсіби сырқаттанушылық коэффициенті

жоқ

Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобына кіретін барлық кәсіпорындар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген: тасымалданатын және жылжымалы өрт сөндіргіштермен, өрт крандарымен жабдықталған, ұнтақты құрамы (құм) бар жәшіктермен, сондай-ақ отқа төзімді маталармен (киіз, туырлық және т. б.) қамтамасыз етілген.

Бақылаушы мемлекеттік органдар, «СамұрықЭнерго» АҚ қызметкерлерінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпорынның еңбекті қорғау мамандары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер кезінде жарамды өрт сөндіру құралдарының болуына бақылау жүргізеді.

2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Компаниялар тобының құрамына кіретін кәсіпорындар нысандарында 1 өрт оқиғасы тіркелді. 2020 жылғы 25 маусымда «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС көпірлі кран кабинасының ішінде от жұмыстарын жүргізу кезінде дәнекерлеу бұршағының қызған бөлшектері жанғыш полимерлі жылытқыштарға түсіп, соның салдарынан көпірлі кран кабинасының жылытқышы өртенді. Себебі: дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларының сақтамалмауы. Зардап шеккендер жоқ.

Өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қабылданатын шаралар

Өндірістік жарақаттануды азайту үшін «СамұрықЭнерго» АҚ-ның Компаниялар тобы бойынша мынадай шаралар қолданылады:

  • 1. Жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептері барлық қызметкерлерге хабарланады.
  • 2. Барлық өндірістік персоналға жоспардан тыс нұсқама жүргізіледі.
  • 3. Жазатайым оқиға орын алған бөлімшелердің барлық қызметкерлерінің ТПЕ, ҚТЕ және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау туралы нұсқаулықтар бойынша білімдеріне кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
  • 4. Ай сайын кәсіпорынның бірінші басшыларының қатысуымен Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі. Оны өткізу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар әзірленеді.
  • 5. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметтері қондырғыларға, ғимараттар мен құрылғыларға, жұмыс орындарына кешенді түрде тексерістер жүргізеді. Кешенді тексеріс қорытындылары бойынша орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалар көрсетіліп, іс-шаралар жоспары әзірленеді.
  • 6. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша Қызметкерлерді оқыту, нұсқамалар беру және білімдерін тексеру қағидаларына сәйкес, барлық өндірістік қызметкерлерге оқыту жүргізіледі.
  • 7. Жөндеу науқаны алдында Компанияның барлық кәсіпорындарда құрылымдық бөлімшелердің наряд беруге, жұмыс басында басшы және өндіруші болуға құқығы бар инженерлік-техникалық қызметкерлеріне жасақты өндірістік жұмыстарға жіберу мен нарядты ресімдеуді дұрыс атқару бойынша практикалық сабақтар қамтылған семинар-кеңестер өткізіледі.
  • 8. Кәсіпорындарда ең кемі бес жылда бір рет жұмыс орындарында еңбек жағдайлары бойынша аттестация жүргізіледі.
  • 9. Ұзақ уақыт пайдаланылу ресурсын тауысқан және өндірістік персонал үшін айтарлықтай қауіп тудыратын жабдықтар жоспарлы түрде ауыстырылады.
  • 10. Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудитін жүргізу тәжірибесі енгізілуде.
  • 11. Қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша персоналға қосымша тренингтерді/оқу өткізуді ескере отырып, жұмыс орындарында тәуекелдер карталарын/тізілімдерін өзектендіру жүргізіледі.

Ынталандыру және сыйақы

Компания еңбекке ақы төлеу және ынталандыру бойынша мынадай саясатты ұстанады:

  • Компаниядағы барлық қызметкерлер үшін жергілікті жағдайларды ескере отырып, негізгі тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру және белгілі бір кірісті қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, заңнамада белгіленген ең төменгі сыйақы мөлшерінен асатын деңгейде ең төменгі кепілдендірілген сыйақы мөлшерін белгілеу;
  • тұтыну бағаларының индексі негізінде жалақыны индекстеу;
  • еңбек өнімділігінің артуына байланысты жалақыны мерзімді түрде өсіріп отыру;
  • қызметкердің жеке еңбек үлесін мейлінше толық ескеру мақсатында икемді сыйақы беру жүйелерін пайдалану;
  • қызметкерлерге еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесінің объективтілігі мен бірлігі және оның республикалық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі;
  • корпоративтік және салалық марапаттармен марапаттау.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 2020 жылы өткен жылдың көрсеткішінен 12 %-ға – 243 722 теңгеден 273 628 теңгеге дейін өсті. Өндірістік қызметкерлердің орташа жалақысының өсімі 225 632 теңгеден 256 611 теңгеге дейін 14 %-ды, ал әкімшілік қызметкерлердің орташа жалақысы 450 171 теңгеден 467 305 теңгеге дейін 4 %-ды құрады.

Компаниялар тобы бойынша ең төменгі жалақы 135 526 теңгені құрайды. Әйелдердің ең төменгі жалақысының ерлердің ең төменгі жалақысына қатынасы 100 % құрайды. Жалақы еңбекақы және тарифтік мөлшерлеме сызбасының негізінде белгіленеді.

Жалақы мөлшерін арттыру және инфляциялық процестердің орнын толтыру мақсатында, сондай-ақ жасалған Ұжымдық шарттарға сәйкес, 2020 жылы «СамұрықЭнерго» АҚ Компаниялар тобында жалақыны орташа есеппен 7,5 %-ға индекстеу жүзеге асырылды.

Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында «СамұрықЭнерго» АҚ олардың сіңірген еңбегін ескере отырып, материалдық емес ынталандыру түрлері мен жанама қосымша материалдық сыйақы беру түрлерін – қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бағдарламалары мен қосымша жеңілдіктер беру бағдарламаларын дамытады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Ұжымдық шартқа сәйкес: үстеме жұмысқа ақы төлеуді, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс ақысын, түнгі уақыттағы үстеме ақыларды, үстеме және қосымша ақыларды, ауыр жұмыстағы, зиянды (ерекше зиянды) жұмыспен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеуді, қауіпті еңбек жағдайлары, жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, үйлену тойына материалдық көмек және қызметкерлердің мерейтойына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу көзделген. Ұжымдық шартқа сәйкес зейнеткерлікке шығуға байланысты еңбек шартын бұзу кезінде жұмысшыларға үш жалақы мөлшерінде өтемақы төлемі төленеді.

Жұмысты білім беру ұйымдарындағы оқумен ұштастыратын жұмысшыларға емтихан немесе нұсқау беруші сессиялары, дипломдық жобаны (жұмысты) дайындау және қорғау, қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңіне қосымша демалыс беріледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобындағы жұмысшылардың жұмысын ынталандыру және көтермелеу мақсатында корпоративті мәдениетті дамыту аясында ерекшеленген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мемлекеттік, ведомстволық және ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығының, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т. б. салалық марапаттары берілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 22 қызметкер Энергетика министрлігінің «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «KAZENERGY» медалімен – 4 қызметкер, ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, ҚР Энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісімен, «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Даму және мансаптық өсу

Электр энергетикасының ерекшелігі жұмыс істеуге рұқсат беру және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін сақтау үшін кадрларды үнемі даярлау мен қайта даярлауды талап етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметкерлерді үнемі дамытып, оқытуға ұмтылады. Қызметкерлерді оқыту және дамыту жабдықтардың және жалпы алғанда, компанияның үнемді, авариясыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі табысқа жетудің маңызды факторы болып табылады.

Қоғам компаниялары тобының персоналын дамытудың негізгі бағыттары:

  • «Көшбасшылықты дамыту» бағдарламасы;
  •  Жылу электр станцияларының көмір қазанын/бу турбиналарын пайдалану;
  • «Жобаларды басқару», «Ситуациялық көшбасшылық» тренингтері;
  • Магистартура бағдарламалары (ВА, Ms);
  • Ағылшын және мемлекеттік тілді оқыту бойынша корпоративтік курстар;
  • Қызметкерлер қызметінің функционалдық бағыты бойынша семинарлар, тренингтер және конференциялар.

2020 жылы қызметкерлер жауапты адамдарға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқудан өтті; «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олар өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы заңнамалар. Өндірістегі энергия менеджменті. Энергия үнемдеу бағдарламаларын әзірлеу мен ендіруді басқару. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру», «Корпоративтік басқарудағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің рөлі» және «Корпоративтік басқару және орнықты даму» тақырыптары бойынша оқу семинарларынан өтті.

Сонымен қатар, міндетті Көшбасшылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде СЕО – 100 %; СЕО-1 – 92 %; СЕО-2 – 91 % оқытылды;

CEO-1 үшін «Адамдарды басқару», «Өзгерістерді басқару», «Көпшілік алдында сөйлеу», «Стратегиялық менеджмент», «Коучинг дағдылары» және «Сандық дағдылар» тренингтері өткізілді. CEO-2 үшін «Адамдарды басқару», «Өзгерістерді басқару», «Стратегиялық менеджмент», «Коучинг дағдылары» және «Сандық дағдылар» тренингтері өткізілді.

Цифрлық трансформация бағдарламасына сәйкес («Жоғары өнімділік мәдениеті» бастамасы бойынша жол картасы) көшбасшылық бағдарламалары бойынша оқыған басшылардың пайыздық шекті мәніне қол жеткізілді.

Жылына бір қызметкерді оқытуға жұмсалатын орташа сағат саны, қызметкерлердің санаттары бойынша бөлгенде

Персонал санаты

2020 жылдың аяғындағы жалпы саны

2020 жылғы даярлау сағатының саны

Жылына бір қызметкерді даярлауға жұмсалған оқу сағаттарының орташа саны

ер

әйел

ер

әйел

Жоғары басшылық (топ-менеджмент)

60

6

1,289

129

21

Басшылар, мамандар

3 247

2 091

37,144

23,914

11

Қызметшілер, жұмысшылар

9 877

2 502

662,331

167,779

67

Персонал санаты

2019 жылдың аяғындағы жалпы саны

2019 жылғы даярлау сағатының саны

Жылына бір қызметкерді даярлауға жұмсалған оқу сағаттарының орташа саны

ер

әйел

ер

әйел

Жоғары басшылық (топ-менеджмент)

56

7

1,627

203

29

Басшылар, мамандар

3 218

2 105

35,323

23,106

11

Қызметшілер, жұмысшылар

9 800

2 513

591,253

151,614

60

Өңірлерге бөлгендегі бір қызметкерге кеткен жылдық оқудың сағат саны

Компания қызметкерлерінің қызметін бағалаудың қолданыстағы қағидаларына сәйкес мынадай бағалау жүргізіледі:

  • мақсаттар мен құзыреттер бойынша кешенді (қорытынды) бағалау, ол өзіне өзін-өзі бағалау, шолу кездесулері, дағдыларға, әлеуетке шолу жасау, қызметкерлерге қызмет тиімділігін арттыру және олардың даму мүмкіндіктерін арттыру бойынша бағыт беру мен бағалауды қамтиды;
  • есепті кезеңде мақсаттарды орындау дәрежесіне мониторинг жүргізу мақсатында қызметкерлердің қызметіне тоқсан сайын өткізілетін аралық шолу.

Әкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің 94 %-ы бағаланды, оның 95 %-ы ерлер, ал 94 %-ы әйелдер. Бәсекеге қабілеттілікті сақтау мен дамыту, сыртқы және ішкі сын-қатерлерге белсенді түрде әрекет ету, келешегі зор, кәсіби шеберлігі жоғары және тартылған қызметкерлердің әлеуетін өсіру, өзінің басқарушы қызметкерлерін тәрбиелеу мақсатында Компания сабақтастық пен таланттарды басқару жүйесін дамытуда.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында маңызды лауазымдарға орналасу үшін бірыңғай кадр резерві қалыптастырылады және объективтілік, ашықтық, әділдік, еріктілік және тиімділік қағидаттарына негізделген кадр резервінен іріктеу мен тағайындау рәсімдері енгізілуде.

Кадр резервін қалыптастыру мен дамыту процесі қызметкерлердің жыл сайынғы жұмысын бағалаумен тығыз байланысты, соның негізінде таланттар картасы жасалады, резервистердің жеке даму жоспарлары (ЖДЖ) жасалады, тәлімгерлік, тағылымдама бағдарламалары және сабақтастық бағдарламалары дамиды.

Корпоративтік басқаруды дамыту аясында «СамұрықЭнерго» АҚ Директорлар кеңесі және компанияны басқару органдары басшылық лауазымдарға сабақтастық жоспарын құру мен іске асыруға үлкен көңіл бөледі.

Әлеуметтік тұрақтылық және корпоративтік мәдениетті дамыту

Әлеуметтік тұрақтылық пен персоналды қатыстыру көрсеткіштерін жыл сайын өлшеу қызметкерлердің адалдығы мен сенімін, персоналдың әлеуметтік әл-ауқаты мен қатыстырылу деңгейін арттыру, персоналдың еңбек қызметімен байланысты еңбек жағдайлары мен процестерін жақсарту, коммуникация жүйелерін дамыту және кез келген өзгерістер туралы ақпараттандыру шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

2020 жылы қатыстырылу индексі мен әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау әдістемесі жаңартылды. Әдістемені жаңартудың мақсаты –нәтижелердің практикалық маңыздылығын және еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстардың құндылығын арттыру.

Қазақстан Республикасында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылы зерттеу Samruk Research Services платформасы шеңберінде телефон арқылы жүргізілді.

2020 жылғы жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Қоғамның компаниялар тобы бойынша «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» 79 %-ды* құрады.

* SRS көрсеткіші бойынша өзгерісті салыстыру 2021 жылдан бастап мүмкін болады

Компаниялар тобы бойынша қатыстырылған өндірістік қызметкерлердің үлесі

2020 жылы Қоғамның Компаниялар тобы бойынша әкімшілік – басқарушы персоналының қатысуы туралы сауалнама көрсеткіші 83 %-ды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 %-ға өскенін көрсетеді*.

*Өткен жылдардың нәтижелерімен салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында 2018 және 2019 жылдардағы қатыстырылу индексі 2020 жылдың әдістемесінің үлгісі бойынша қайта есептелді.

Қоғамның (корпоративтік орталықтың) әкімшілікбасқарушы персоналының қатысуы бойынша сауалнаманың көрсеткіші 2020 жылы 92 %-ды құрады және оң аймақта. 2019* жылмен салыстырғанда, қатыстырылған қызметкерлердің үлесі 4 %-ға өсті

*Өткен жылдардың нәтижелерімен салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында 2018 және 2019 жылдардағы қатыстырылу индексі 2020 жылдың әдістемесінің үлгісі бойынша қайта есептелді.

Қоғамның компаниялар тобы бойынша ӘБП қызметкерлерінің қатысу үлесі

Компанияның қатысқан қызметкерлерінің үлесі

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында Келісу комиссиялары құрылып, жұмыс істеуде, олар жұмыс берушінің өкілдері мен кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдерінен құрылған, негізгі функциясы еңбек ұжымы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен өтініштерді қарастыру болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бәсекеге қабілетті әлеуметтік топтаманы беруге ұмтылады, оның болуы сыртқы нарықтан жоғары білікті үміткердерді тартуға мүкіндік береді. Өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкерлер мен олардың отбасылардың әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға арналған. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының қызметкерлерімен жасасқан ұжымдық шартқа сәйкес ұсынылатын әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің құрамына мыналар кіреді:

  • еңбек демалысына қосымша сауықтыруға, баланың тууына байланысты материалдық көмек;
  • (қызметкерді және оның жақын туыстарын) жерлеуге, зейнеткерлерді емдеуге, төтенше жағдайларға және т. б. байланысты материалдық көмек;
  • табысты жоғалтуына байланысты материалдық көмек (жүктілікке және босануға байланысты демалыс немесе нәрестені (ұл/қыз) асырап алуға байланысты демалыс);
  • ерікті медициналық сақтандыру;
  • қызметкерлер мен балалардың шипажай-курорт жағдайында емделуі;
  • қызметкерлердің мерейтойларына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу;
  • мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыстар;
  • қарыздарды төлеу;
  • асыраушысының жарымжан боп қалғаны немесе одан айрылғаны үшін берілетін жәрдемақы;
  • балаларға жаңа жылдық сыйлықтар және т. б.

2020 жылы Ұжымдық шартқа сәйкес 2 228 698 мың теңгеге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер берілді.

Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің үлесі

Көрсеткіш

Мәні (2020)

Өлшем бірлігі

1.

2020 жылдың соңындағы қызметкерлердің жалпы саны (тізімдік саны)

17 783

адам

2.

Оның ішінде 2020 жылғы ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлер саны:

15 567

адам

3.

Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің жалпы санының үлесі:

88

%

Компания сауықтыру, спорт және демалыс ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

  • еңбек сіңірген жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша күндер беру;
  • корпоративтік ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын жүйелі насихаттау;
  • Компания қызметкерлерінің мүгедек-балалары мен жетім-балаларға шипажайға және балаларды сауықтыру орталықтарына берілетін жолдамалардың құнын ішінара өтеу.

Негізгі қызмет бойынша бөлгенде, жұмыспен уақытша немесе толық қамтылмаған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілмейтін, жұмыспен толық қамтылған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

Көрсеткіш

Жұмыспен толық қамтылған қызметкерлер үшін

Жұмыспен толық қамтылмаған немесе уақытша қамтылған қызметкерлер үшін

1.

Қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

1.1.

Өмірді сақтандыру

Беріледі

Беріледі

1.2.

Денсаулық сақтау (медициналық сақтандыру)

Беріледі

Беріледі

1.3.

Еңбекке жарамсыздық/мүгедектік бойынша өтемақылар

Беріледі

Беріледі

1.4.

Ана/әке болуына байланысты демалыс алу

Беріледі

Беріледі

1.5.

Зейнетақы беру (зейнетке шыққан кездегі біржолғы төлем)

Беріледі

Берілмейді

1.6.

Компанияның акцияларын жекеменшікке беру

Берілмейді

Берілмейді

1.7.

Өзге (шипажай-курорт жағдайында емделу, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, отбасы мүшелерін емдеуге байланысты материалдық көмек, сауықтыруға байланысты материалдық көмек)

Беріледі

Беріледі

Жас қызметкерлерге қатысты саясат

Компания жастарды қатыстыруды арттыру бойынша жас ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге, жастарды әлеуметтік қолдауға және Компанияны болашақта жоғары бейінді мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған жан-жақты жұмыс жүргізуде.

Осы бағыттың міндеттері:

  • Компанияның жастар активі есебінен Компания басшылығы жанынан Жастар кеңесін құру және дамыту;
  • жастар қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
  • жас мамандардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға, конкурстарға және басқа да іс-шараларға қатысуы;
  • кадрларды даярлау, үздік түлектерді іздеу және іріктеу, студенттердің өндірісте тәжірибеден өтуі мен тағылымдамасын ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын жетілдіруге қатысу және дуальді оқытуды дамыту, стипендиялық бағдарламаларды дамыту және т. б. мәселелері бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде бейінді білім беру ұйымдарымен жұмыс істеу;
  • жас мамандарды, жас отбасыларды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын дамыту;
  • жас мамандарға қатысты бейімдеу, тағылымдамадан өту, тәлімгерлік және менторлық, оқыту, мансаптық және кәсіби жоспарлау жүйелерін дамыту.

Жыл сайын бұл жастар қозғалысы өз ұстанымын нығайтып келеді. Жас белсенділер өндірістік және қоғамдық өмірге қатысады. Олардың арасында корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысатын көптеген шығармашыл дарынды адамдар бар.

2020 жылы жас мамандар еріктілер қозғалысын жанжақты қолдау мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. 2020 жылдың басында Қоғамның компаниялар тобының Жастар активі COVID-19 пандемиясының салдарынан қиын жағдайға тап болған қызметкерлердің отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті.

«Көңілі жас» еріктілер жобасын іске асыру аясында еріктілер қарттарға, ардагерлер мен мүгедектерге азықтүлік себеттерін таратуға қатысты.

«Taza Kazakhstan – табиғатты қорғауға үлес қосу» жобасы аясында еріктілер Қазақстан аймақтарында экологиялық сенбілік өткізді.

Жаңа жыл қарсаңында белсенді жастар «Сиқырлы шырша» қайырымдылық акциясының көмегімен қатерлі ісікке шалдыққан балалардың тілектерін шындыққа айналдырды.

Компания жас, талантты жұмыскерлерді тарту және тұрақтандыру туралы, жас мамандар үшін жұмыс орындарын құруға, тәлімгерлік институтын дамытуға, дарынды мектеп түлектерін ҚР, таяу және алыс шетел ЖООларында энергетика саласы мамандықтары бойынша оқытуға ниет білдіреді.

«Жас Өркен» бағдарламасын іске асыру аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы 4 жас маманды тағылымдамаға және «Цифрлық Жаз» бағдарламасы бойынша 5 тәлімгерді қабылдады. Ауыстыру кезеңінде барлық жас мамандарға электронды бейімделу курсын өту үшін мүмкіндік берілді. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен Алматы Энергетика және байланыс университеті физика-математика пәнінен республикалық олимпиада өткізді.

Адам құқығы

Адам құқықтарын сақтау саласында Компания өз қызметін заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырады, БҰҰ жариялаған адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарының маңыздылығы мен құндылығын, оның ішінде бірігу еркіндігі, ұжымдық шарттар жасасу құқығын тану, еңбек құқықтары, қолайлы қоршаған ортаға құқық, денсаулықты қорғау құқығын мойындайды. Есепті жыл ішінде қызметкерлерді кемсіту жағдайлары тіркелген жоқ.

Адам құқықтарын сақтау саласындағы қағидаттар «Самұрық-Энерго» АҚ Іскерлік этика кодексінде көрсетілген. Бұдан басқа, өз өнім берушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде Компания денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қоса алғанда, еңбек заңнамасын сақтауды талап етеді. Тиісті талаптар Қоғамның және ЕТҰ-ның өнім берушілермен жасасатын үлгі шарттарына енгізілген.

Қызметкерлер тұрақты жұмыс істейтін Келісу комиссиялары, Әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын реттеу жөніндегі комиссиялар арқылы қолданыстағы заңнама аясында ұжымдық келіссөздерді жүргізуге құқылы.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да персоналды іріктеу рәсімі тестілеу элементтерін қолдана отырып, транспаренттілік пен меритократияны, айқындылықты, кәсібилікті, лауазымдарға қойылатын кандидаттың жеке қасиеттері және оның біліктілік талаптары мен құзыреттеріне, сондай-ақ қызметкерлерге әділ және тең қарау қағидаттарын сақтай отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ-да бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу және жаңа қызметкерлерді бейімдеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. «Самұрық-Энерго» АҚ кемсітушіліктің кез келген түрін, бала еңбегін пайдалануға және мәжбүрлеп еңбек етуді болдырмауға барынша ықпал етіп, кадрлардың қызметін өсіруді тек кәсіби қабілеттері мен біліміне, білік-дағдыларына қарай жүргізуге күш салады.

Қызметкерлердің кәсіби, экономикалық, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін реттеу және қорғау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да 15 567 адам мүшесі болып табылатын 12 кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ кәсіподағы «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін еңбек заңнамасын сақтау, белгіленген әлеуметтік кепілдіктер және шарт ережелерін орындау бөлігінде қорғайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша мүдделі тараптармен диалог құрады. Атап айтқанда, алаңдаушылық пен кінәраттар туралы ақпарат алу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ сыртқы веб-сайтында кері байланыс жүйесі – «Жедел желіге» жазбаша өтініш немесе телефон шалу арқылы өтініштер мен шағымдарды беру және қарау тетігі пысықталды.

2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша 67 өтініш тіркелді және барлық өтініштер есепті кезең ішінде реттелді. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде компанияда 73 шағым мен өтініш тіркелді.

2020 жылдың нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында қызметкерлерді кемсітудің расталған жағдайлары орын алған жоқ.

Шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген, өңделген және реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдар саны

Көрсеткіш

Мәні

1.

2020 жыл ішінде шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдардың жалпы саны, олардың ішінде:

67

1.1.

есептік кезең ішінде өңделген

67

1.2.

есептік кезең ішінде реттелген

67

2.

Есептік кезең басталғанға дейін берілген және есептік кезең ішінде реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдардың жалпы саны

 

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде денсаулық пен қауіпсіздік мәселелерін көрсету

Көрсеткіш

Мәні

1.

Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде (жаһандық немесе жергілікті деңгейде) денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қозғалған ба

Иә

2.

Егер қозғалған болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жергілікті деңгейдегі келісімдер мынадай мәселелерді қозғайды:

 

2.1.

Жеке қорғаныш құралдары

Иә

2.2.

Басшылық пен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі бірлескен комитеттер

Иә

2.3.

Қызметкерлер өкілдерінің денсаулық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі инспекцияларға, аудиттер мен жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуы

Иә

2.4.

Білім және оқыту

Иә

2.5.

Шағым беру тетіктері

Иә

2.6.

Қауіпті жұмыстардан бас тарту құқығы

Иә

2.7.

Мерзімді инспекциялар

Иә

3.

Егер қозғалған болса, ұйым қол қойған жергілікті келісімдерде қамтылған денсаулық және қауіпсіздік мәселелерінің дәрежесіне қатысты мәліметтер көрсетілсін. Әдетте жаһандық деңгейдегі келісімдер мынадай мәселелерді қозғайды:

 

3.1.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстарына сәйкес келуі

Иә

3.2.

Проблемаларды шешу бойынша шаралар немесе құрылымдар

Иә

3.3.

Нәтижеліліктің мақсатты стандарттарына немесе іс жүзінде қабылданатын әдістердің деңгейіне қатысты міндеттемелер

Иә

Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру және жергілікті қауымдастықпен өзара ісқимыл

«Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік-жауапты компания бола отырып, еншілес ұйымдары орналасқан өңірлердің әлеуметтік әл-ауқатына назар аударуға ерекше көңіл бөледі.

2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Компания қатысатын өңірлерде әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру бағытында «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорымен белсенді іс-шаралар атқарылды. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарының («АлЭС» АҚ, «Samruk-Green Energy» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «ПВЭС» ЖШС) жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бар өңірлердегі өткір әлеуметтік проблемалардың тізімі, сондай-ақ осы проблемаларды шешу шеңберінде жобаларға бастамашылық жасауға және оларды іске асыруға қабілетті коммерциялық емес ұйымдардың тізімі анықталды.