Энергетикалық саланы реттеуді мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Уәкілетті орган нысанындағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде электр энергетикасы саласында басшылық жасайды.

Уәкілетті орган нысанындағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде ЖЭК саласына басшылық жасайды.

Мемлекеттік орган нысанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, табиғи монополиялар салаларында, о.і. электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, жеткізу, үйлестіру және қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызметтерге қатысты мемлекеттік саясатты іске асырады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес көмір өнеркәсібі саласына басшылық жасайтын мемлекеттік орган болып табылады.