Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілері мен бәсекелес нарықта басым сипатқа ие субъектілер болып табылатын Топтың еншілес компаниялары мен оның бірлескен кәсіпорындарының операциялық қызметі «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңдарымен және ҚР Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі. Тарифтік реттеу энергетикалық компанияның қызметінің түріне байланысты ҚР Ұлттық экономика манистрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) немесе салалық министрлік – Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – ЭМ) құзыретіне жатады.
Электр энергиясының тарифтері 2016–2018 жылдар кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – ЭӨҰ) үшін бұрын станциялар үшін 2015 жылға бекітілген шекті тарифтер деңгейінде белгіленді.
2014 жылы қабылданған Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізінде 2019 жылдан бастап саланы инвестициялардың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде қуат нарығы енгізілді, бұл ұзақ мерзімді болашақта нарыққа жағымды әсер ететін болады.
2019 жылдан бастап энергия өндіруші ұйымдар үшін қуат нарығын іске қосуды ескере отырып, мыналар қалыптастырылды:
- инвестициялық жобаларға және негізгі борышты өтеуге арналған шығындарды қамтитын қуатқа арналған шекті тарифтер (инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тартылатын несие қаражаты бойынша);
- операциялық шығындар мен тіркелген пайданы қамтитын электр энергиясына шекті тарифтер. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен жаңа «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесі» бекітілді.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жеткізу тарифтері тіркелген болып табылады және ЖЭК технологиясына байланысты (жел, күн және басқа көздер үшін бөлек) ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген және жыл сайын индекстеуге жатады. Бұл ретте қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алушы ретінде әрекет етеді, ал энергия өндіруші ұйым сатушы ретінде әрекет етеді.
Энергия жеткізуші компаниялар үшін электр энергиясын беруге және бөлуге, жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтерді және энергиямен жабдықтауға арналған тарифтерді (ЭЖҰ) Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті реттейді. Комитеттің реттеуі мен бақылауы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
Тарифтер бойынша шешімдер әлеуметтік және саяси мәселелерге айтарлықтай әсер етеді. ҚР Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік және өзге де саясаты Топтың операциялық қызметіне елеулі әсер етуі мүмкін.
КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІН ТАРИФТІК МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Электр энергиясын өндіруге арналған орташа мөлшерленген тарифтер
|
Атауы |
2018 ж. нақты |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
2021 ж. болжам |
2022 ж. болжам |
|---|---|---|---|---|---|
|
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, орташа мөлшерленген тарифтер, теңге кВт*с |
6,85 |
6,07 |
6,44 |
7,67 |
9,87 |
|
экспортқа арналған тариф, теңге/кВт*с |
5,18 |
9,64 |
10,22 |
10,75 |
10,75 |
|
ҚР тарифі, теңге/кВт*с |
7,28 |
5,87 |
5,86 |
7,39 |
9,84 |
|
о.і. эл. энергиясына арналған тариф, теңге/кВт*с |
|
5,65 |
5,65 |
6,63 |
8,98 |
|
о.і. эл. қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*айына |
|
590 |
590 |
590 |
614 |
|
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, орташа мөлшерленген тарифтер, теңге кВт*с |
7,53 |
8,70 |
9,64 |
9,91 |
9,95 |
|
электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт*с |
|
7,42 |
8,55 |
9,13 |
9,13 |
|
қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*айына |
|
590 |
590 |
590 |
614 |
|
«Алматы электр станциялары» АҚ, орташа мөлшерленген тарифтер, теңге кВт*с |
8,60 |
9,66 |
11,41 |
12,54 |
13,40 |
|
электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт*с |
|
8,43 |
9,45 |
10,66 |
11,65 |
|
қуатқа арналған орташа мөлшерленген тариф, мың теңге/МВт*айына |
|
|
875 |
883 |
820 |
|
қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*айына |
|
590 |
590 |
590 |
614 |
|
қуатқа арналған жеке тариф, мың теңге/МВт*айына |
|
|
4 169 |
4 169 |
3 139 |
|
«Шардара СЭС» АҚ, орташа мөлшерленген тарифтер, теңге кВт*с |
9,50 |
4,86 |
12,95 |
13,81 |
15,87 |
|
электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт*с |
|
4,23 |
8,49 |
9,15 |
11,21 |
|
қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*айына |
|
590 |
4 069 |
3 868 |
3 868 |
|
«Мойнақ СЭС» АҚ, орташа мөлшерленген тарифтер, теңге кВт*с |
9,51 |
10,02 |
21,33 |
21,88 |
21,94 |
|
электр энергиясына арналған тариф, теңге/кВт*с |
|
7,93 |
12,02 |
12,02 |
12,02 |
|
қуатқа арналған тариф, мың теңге/МВт*айына |
|
590 |
2 564 |
2 564 |
2 564 |
|
«Samruk-Green Energy» ЖШС, теңге кВт*с |
45,11 |
48,54 |
32,73 |
18,88 |
20,00 |
|
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, теңге кВт*с |
28,31 |
30,03 |
31,62 |
33,20 |
34,53 |
|
«Ereymentau Wind Power» ЖШС |
|
|
|
|
22,68 |
|
«Энергия Семиречья» ЖШС |
|
|
|
22,68 |
23,59 |
Есепті кезеңде мынадай тарифтер қолданылды:
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында электр қуаты нарығы жұмыс істей бастады. Электр энергиясын өндірушілер алатын кірістер екі құрамдас бөлікке бөлінді – электр энергиясын сатудан түскен кіріс (ағымдағы шығындарды жабуға бөлінеді) және электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметтерін көрсетуден түскен кіріс (негізгі қарызды және инвестицияларды өтеуге бөлінеді). Барлық ЭӨҰ үшін 590 мың теңге/МВт*айлық мөлшерде электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне бірыңғай шекті тариф бекітілді. 2020–2025 жылдарға электр энергиясына тарифтер бекітілді. Алайда, бекітілген тарифтер жылдар бойынша индекстеуді қарастырмайды. Мұның үстіне, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда электр энергиясына бекітілген тарифтер жыл сайын түзетіліп отырады.
Қуат нарығының іске қосылуымен станциялар үшін 2020 жылы электр энергиясына орташа өлшенген тарифтер 2020 жылғы 1 шілдеден бастап түзетілген шекті тарифтер мен қуатқа жеке тарифтердің енгізілуін ескере отырып өсті.
ҚР ЭМ-нің станциялар үшін тапшы тарифтерді бекітуіне байланысты, нормативтік актілерге сәйкес, ЭӨҰ ҚР ЭМге электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуге өтінімдер ұсынды. Нәтижесінде 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР ЭМ электр энергиясына мынадай шекті тарифтерді бекітті.
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС үшін тариф елеусіз ғана өсті – 5,80 теңге/кВт*с. «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ станциясы мен «Алматы электр станциялары» АҚ үшін тарифтердің айтарлықтай өсуі шығыстардың өсуіне байланысты сәйкесінше 18,4 % және 18,4 % мөлшерінде жүргізілді. Мойнақ СЭС үшін тариф қолданыстағы деңгейде сақталды. «Шардара СЭС» АҚ үшін тариф 7,1 %-ға төмендеп, 8,10 теңге/кВт*с құрады. (бұрын бекітілген тариф бойынша 8,72 теңге/кВт*с).
|
ЭӨҰ атауы |
ҚР ЭМ бекіткен |
Ауытқу |
||
|---|---|---|---|---|
|
2019 ж. 1 қазаннан |
2020 ж. 1 шілдеден |
(+,-) |
%-да |
|
|
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС |
5,76 |
5,80 |
0,04 |
0,7 |
|
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ |
7,73 |
9,13 |
1,4 |
18,1 |
|
«Алматы электр станциялары» АҚ |
8,70 |
10,30 |
1,6 |
18,4 |
|
«Мойнақ СЭС» АҚ |
12,02 |
12,02 |
0 |
0 |
|
«Шардара СЭС» АҚ |
8,72 |
8,10 |
–0,62 |
–7,1 |
2020 жылға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыратын станцияларға – «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ үшін инвестициялық тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізді.
|
ЭӨҰ атауы |
Көлемі |
Жеке тариф |
Кезең |
|---|---|---|---|
|
«Алматы электр станциялары» АҚ |
69,5 МВт |
4 168,60 |
2020–2024 жж. |
|
«Мойнақ СЭС» АҚ |
298 МВт |
2 563,67 |
2020–2026 жж. |
|
«Шардара СЭС» АҚ |
61 МВт |
4 069,3 |
2020–2028 жж. |
ЕГРЭС-1» ЖШС 30.01.2020 ж. Нарық кеңесіне (ҚЭҚ) «Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, № 1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасын іске асыру бойынша жеке тарифті бекітуге өтінім берді.
28.02.2021 ж. ЕГРЭС-1 ҚР ЭМ-мен 2025–2031 жылдар кезеңінде 476,6 МВт қызмет көлеміне есептегенде айына 1 199 мың теңге/МВт*айына мөлшерінде тариф белгілей отырып, № 1 энергия блогын қалпына келтіру бойынша жаңғыртуға, қайта құруға, кеңейтуге және жаңартуға инвестициялық келісім жасады.
26.01.2021 ж. «ЕГРЭС-2» АҚ Нарық кеңесіне (ҚЭҚ) «№ 3 энергия блогын орната отырып, ЕГРЭС-2-ні кеңейту және қайта құру» жобасын іске асыру бойынша жеке тарифті бекітуге өтінім берді. Нарық кеңесінің мақұлдауын алғаннан кейін өтінім ҚР ЭМ қарауына жіберілетін болады.
2021 жылдан бастап және одан әрі қарай электр энергиясына және қуатқа тарифтер тұтынушылардың баға индексін ескере отырып болжанады.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жеткізу тарифтері тіркелген болып табылады және ЖЭК технологиясына байланысты (жел, күн және басқа көздер үшін бөлек) ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген әрі ол жыл сайын индекстеуге жатады.
Жылу энергиясын өндіруге арналған тарифтер, теңге/Гкал
|
Атауы |
2018 ж. нақты |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
2021 ж. болжам |
2022 ж. болжам |
|---|---|---|---|---|---|
|
«Алматы электр станциялары» АҚ |
3 917 |
3 354 |
3 441 |
3 467 |
3 929 |
|
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ |
816 |
809 |
697 |
867 |
902 |
|
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС |
446 |
572 |
367 |
496 |
496 |
Табиғи монополия субъектісі үшін заңнама инвестициялық құрамдасты және шығындарды жыл сайын индекстеуді қоса отырып жылу энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тарифтердің ұзақ мерзімді (5+ жыл) шекті деңгейлерін бекітуді қарастырады. Шекті тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бекітеді. Алайда, тарифтерді көтеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді және объективті себептер бойынша станциялардың шығындары өскен жағдайда тарифтерді арттырмай-ақ сақтау тәуекелдері бар.
Электр энергиясын жеткізу қызметіне арналған тарифтер, теңге/кВт*с
|
Атауы |
2018 ж. нақты |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
2021 ж. болжам |
2022 ж. болжам |
|---|---|---|---|---|---|
|
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ |
5,89 |
5,46 |
5,95 |
6,04 |
6,42 |
Табиғи монополиялар субъектісі болып табылатын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ үшін өңірлік энергия жеткізуші компаниялар (АЭК-тер) үшін 2016–2020 жж. арналған инвестициялық құрамдасты қосу арқылы тарифтік сметалар негізінде ұзақ мерзімді шекті тарифтер бекітілді, мұны қажет болған жағдайда уәкілетті орган түзетеді.
2020 жылғы шілдеде АЖК өтінім берді және Алматы қаласы бойынша ТМРБҚД-ның 06.11.2020 ж. № 126-НҚ бұйрығымен 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңге шекті ұзақ мерзімді тарифтер бекітілді.
|
Кезең |
2021 ж. |
2022 ж. |
2023 ж. |
2024 ж. |
2025 ж. |
|---|---|---|---|---|---|
|
Бекітілген тариф |
6,04 |
6,42 |
6,69 |
7,10 |
7,36 |
Тарифтерді ұлғайту (түзету) объективті себептер бойынша АЭС шығындары өскен жағдайда (иесіз желілер мен жабдықтарды теңгерімге алу және т. б.) жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Сондай-ақ тарифтерді ұлғайтпай сақтау тәуекелдері де бар.
ЭҚҰ-ның электр энергиясын сатуға арналған тарифтері, теңге/кВт*с
|
Наименование |
2018 ж. нақты |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
2021 ж. болжам |
2022 ж. болжам |
|---|---|---|---|---|---|
|
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС |
16,42 |
16,11 |
17,66 |
20,15 |
22,42 |
Энергиямен жабдықтаушы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС компаниясы әлеуметтік маңызы бар нарықтың субъектісі болып табылады, сонымен қатар оны уәкілетті орган реттеп отырады. Тарифтерді есептеу операциялық, қаржылық және инвестициялық компоненттерді қамтиды. Өңірлердегі халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау мақсатында Реттеушінің тарифтің өсуін жасанды түрде ұстап қалу қаупі бар. ЭҚҰ үшін жеке тұлғаларға тұтыну нормаларына сәйкес саралану сақталады, заңды тұлғалар үшін электр энергиясы орташа босату тарифтері бойынша жеткізіледі.
Көмірді сату бағасы, теңге/тонна
|
Атауы |
2018 ж. нақты |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
2021 ж. болжам |
2022 ж. болжам |
|---|---|---|---|---|---|
|
«Богатырь Көмір» ЖШС |
2 013 |
2 120 |
2 311 |
2 348 |
2 587 |
«Богатырь Көмір» ЖШС көмірін сату бағасы тұтынушылардың 3-тобы үшін ҚР тұтынушыларына арналған дербес прейскурантпен бекітіледі (ҚТЖ жанасу станциясындағы энергетика, көмір жинау станциясындағы энергетика, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер). Реттеу ҰЭМ СК ТМРК Кәсіпкерлік кодексінің негізінде жүзеге асырылады.
ӨТІМДІЛІК ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Сыртқы кредиторлардың ковенанттарының орындалуы:
|
Ковенант |
Норматив |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
Ескертпе |
|---|---|---|---|---|
|
Қарыз/EBITDA (ЕҚДБ, ҚХБ) |
не более 3,5 |
3,31 |
2,96 |
Сақталады |
|
EBITDA/Пайыздар (ЕҚДБ, ҚХБ) |
не менее 3,0 |
3,34 |
3,76 |
Сақталады |
|
Қарыз/Меншікті капитал (ҚДБ) |
не более 2,0 |
0,56 |
0,54 |
Сақталады |
|
Атауы |
2018 нақты |
2019 нақты |
2020 нақты |
2021 болжам |
2022 болжам |
|---|---|---|---|---|---|
|
Қарыз/EBITDA |
3,18 |
3,31 |
2,96 |
3,18 |
1,77 |
|
Қарыз/Меншікті капитал |
0,65 |
0,56 |
0,54 |
0,58 |
0,50 |
|
Ағымдағы өтімділік |
1,04 |
0,70 |
0,75 |
0,75 |
1,30 |
2020 жылдың қорытындысы бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ кредиторлардың жартыжылдық есепте көрсетілген қаржылық және қаржылық емес ковенанттарын сақтады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ акционер ұсынған қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізді.
Қарыздық жүктемені азайту
2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Қоғамның шоғырландырылған қарызы 325,4 млрд теңгені құрады, 2019 жылдың қорытындыларымен (338 млрд теңге) салыстырғанда есепті кезеңдегі қарыздың төмендеуі – 12,6 млрд теңге.
2020 жылы қарыздың азаюы жоспарланған қарызды өтеумен және 17,8 млрд теңге көлеміндегі қарызды мерзімінен бұрын өтеумен байланысты.
Қоғам валюталық тәуекелдерді теңестіру аясында 2019–2020 жж. мынадай іс-шараларды жүзеге асырды:
Валюталық міндеттемелерді теңгемен қайта қаржыландыру – «Мойнақ СЭС» АҚ 148 млн АҚШ долларына, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ шамамен 100 млрд теңге сомаға айырбасталды. Нәтижесінде несиелік портфельдегі валюталық міндеттемелердің үлесі 1,5 %-ға дейін төмендеді.
2017–2020 жылдар аралығындағы кезеңде қарызды басқару жөніндегі жоспарлы жұмыс есебінен «СамұрықЭнерго» АҚ борышты баланстық көріністе бағалау тұрғысынан 94,5 млрд теңгеге қысқартты, бұл акционер белгілеген қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Пайыздық шығыстарды оңтайландыру
Сонымен бірге, 2020 жылдың қорытындылары бойынша қарыздарды жоспарлы және мерзімінен бұрын өтеу, валюталық міндеттемелерді қайта қаржыландыру және «Самұрық-Энерго» АҚ Топтың қолданыстағы несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету есебінен сыйақыға жұсалатын шығыстарды 1,3 млрд теңгеге азайтуға қол жеткізілді.
Несиелік рейтинг (Fitch Ratings)
2020 жылдың қорытындылары бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ-ның Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі берген ұзақ мерзімді рейтингтері «ВВ» деңгейінде сақталды, болжам «Тұрақты». Бұл ретте Fitch Ratings «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басым қамтамасыз етілмеген рейтингін «ВВ -» деңгейінен «ВВ» деңгейіне дейін көтерді, сондай-ақ несие төлеу қабілеттілігін бағалау дербес негізде «b» деңгейінен «b+» деңгейіне дейін көтерілді.
Мәмілелер
Маңызды, ірі мәмілелер бойынша ақпарат «СамұрықЭнерго» АҚ-ның қаржылық есептілігінде көрсетіледі (2-том).
Айыппұлдар
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша елеулі айыппұлдардың жалпы мөлшері – 1 703,31 мың теңге.
Уәкілетті мемлекеттік органдар (еңбек инспекциясы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, энергетикалық қадағалау және бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша) заңнама талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізіліп, қаржылық санкциялар салынбай 25 ұйғарым актісі берілді.
Есепті жыл ішінде бәсекелестікке кедергі келтіруге және монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты орын алған жағдайлар тіркелген жоқ.
Елеулі айыппұлдардың ақшалай мәні және экологиялық заңнама мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны «Экология» бөлімінде көрсетілген.
Бенчмаркинг нәтижелері:

Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)
Бенчмаркинг – «Самұрық-Энерго» АҚ-ны басқарудың маңызды элементтерінің бірі. Бенчмаркингті жүргізу мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін шетелдердің ұқсас компанияларымен операциялық және қаржылық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады. Салыстырмалы талдау үшін таңдалған компаниялар өз елдерінің жетекші электр энергетикалық холдингтері болып табылады, олардың қызмет саласына жылу және су электр станцияларын, ЖЭК объектілерін, электр және энергиямен жабдықтаушы компанияларды қоса алғанда, электр және жылу энергиясын өндіру мен өткізу кіреді. Капиталдандыру бөлігінде компаниялардың ауқымы «СамұрықЭнерго» АҚ-ға қарағанда жоғары, өйткені салыстырылатын компаниялар өз қызметін іске қосылған капитал көлемі мен ақша қаражатының ағындары бойынша электр энергетикасы нарығы айтарлықтай жоғары елдерде жүзеге асырады.
Бенчмаркинг үшін мына көрсеткіштер қолданылды:
- EBITDA margin (EBITDA маржасы);
- Қарыз/EBITDA
- қарыз қаражаты үлесінің коэффициенті (Қарыз/Меншікті капитал)
- Инвестицияланған капиталдың тиімділігі (ROIC)
Бенчмаркинг үшін төмендегідей ұқсас компаниялардың деректері пайдаланылды:
- Inter RAO UES PJSC (Ресей);
- CEZ Group (Чех Республикасы);
- Drax Group (Ұлыбритания)
2020 ж. Return on Invested Capital (ROIC)
2020 ж. электр энергия орташа тарифі, теңге/кВт*с
Қазіргі кезде шетелдік ұқсас компаниялармен салыстырғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кейбір көрсеткіштері бойынша нәтижелері төмен.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері «СамұрықЭнерго» АҚ-ның қолжетімді қаржылық левереджді толықтай пайдаланатынын көрсетеді.
Сонымен қатар, EBITDA margin көрсеткіші бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің ұқсас компанияларынан басым түседі. Бұл көрсеткіш сатудан түсетін кірістің жоғары екенін көрсетеді. ROIC көрсеткіші (салынған ұзақ мерзімді капиталдың рентабельділігі) бойынша «Самұрық-Энерго» өзге еуропалық ұқсас компаниялардың деңгейінде. Десек те, осы көрсеткіш бойынша «Самұрық-Энерго» қызметінің экономикалық талаптары ұқсас келетін ресейдің холдингінен едәуір төмен деңгейде, бұл инвестициялардың тиімділігін (рентабельділігін, қайтарымдылығын) арттыру қажеттігін көрсетеді.
Бұл ретте «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұқсас жария компанияларға қарағанда ҚР Үкіметіне тиесілі екенін атап өту қажет, осыған байланысты Қоғам мемлекеттік саясаттың электр энергетикасы саласындағы жолсерігі болып табылады. Осыған орай, сондай-ақ энергетикалық сектордың мейлінше тозуына байланысты 2009 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобалар (Қазақстан Республикасы энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған) іске асырылды, бұл инвестицияланған капиталдың едәуір өсуіне әкеліп соқты, сәйкесінше инвестициялардың рентабельділік көрсеткішін төмендетті.
Қазақстан Республикасында ұқсас компаниялар елдерімен салыстырғанда электр энергиясына тариф деңгейінің төмен болуы инвестициялардың рентабельділік көрсеткіштеріне әсер ететін қосымша фактор болып табылады
|
Ел |
кВт*с үшін орташа тариф |
Теңгемен/кВт*с |
2020 жылғы жағдай бойынша орташа бағам |
|---|---|---|---|
|
Қазақстан |
17,66 теңге |
17,66 теңге/кВт*с |
|
|
Ресей |
4,15 рубля |
23,84 теңге/кВт*с |
5,74 теңге/рубль |
|
Чех Республикасы |
0,18 евро |
86,86 теңге/кВт*с |
471,81 теңге/евро |
|
Ұлыбритания |
0,22 евро |
103,94 теңге/кВт*с |
|
Источник: