«ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІК» АСПЕКТІСІ
Маңызды тақырыпты және оның шекараларын түсіндіру
Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг бола отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ компанияның тұрақты дамуындағы экологиялық аспектінің маңыздылығын түсінеді. Қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану Компания мен оның еншілес және бағынысты ұйымдарының қызметінде маңызды рөл атқарады.
ҚР Экологиялық кодексі негізінде «Самұрық-Энерго» АҚның еншілес компанияларының негізгі өндірістік қызметі арнайы табиғат пайдалану ретінде жіктеледі және тиісті талаптар мен нормативтермен реттеледі. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әрбір еншілес және бағынысты компаниясы алынған экологиялық рұқсат пен табиғатты пайдаланудың басқа да арнайы шарттары шеңберінде қоршаған табиғи ортаға өзінің әсері үшін жауапты болады.
ҚР экологиялық заңнамасы табиғат пайдаланушыларды экономикалық ынталандырушы тетіктерді пайдалана отырып, қоршаған ортаға әсерін төмендетуге ынталандырады. Мәселен, 02.01.2021 жылы Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі бекітілді, онда «ластаушы төлейді» қағидаты қайта қаралды және айтарлықтай күшейтілді.
Әрине, қоршаған ортаны қорғау бағытында біз бірінші кезекте Қазақстанда қолданылатын заңнамалық талаптар мен нормаларды ұстанамыз, бірақ бұл ретте бірқатар энергия үнемдеу, материал үнемдеу және табиғат қорғау іс-шараларын дәйекті іске асыра отырып, дамыған елдердің неғұрлым қатаң нормативтеріне сәйкес келуге ұмтыламыз.
Басқарушылық тәсіл
Қолда бар тәжірибені және қолданылатын технологиялардың ерекшелігін, отынның қолжетімді түрлерін, климатымыздың ерекшеліктерін, сондай-ақ орнықты даму тұжырымдамасына тән бірқатар басқа да ынталандырушы, кейде тежеуші факторларды ескере отырып, біз Компанияның Даму стратегиясының бір бөлігі болып табылатын кешенді ұзақ мерзімді бағдарлама ретінде экологиялық саясатты әзірледік.
Кешенді өндірістік қауіпсіздіктің бір бөлігі саналатын экологиялық қауіпсіздікті басқару үшін «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобында корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатын экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды. «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы ЭМЖ тәуелсіз консультанттарды тарта отырып, үздік әлемдік практикаларға сәйкестік деңгейіне қарай тұрақты түрде бағаланып отырады және біртіндеп жетілдірілу үстінде. Қоғамның өндірістік қызметті жүзеге асыратын барлық ЕТҰ-ларында ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты енгізілді.
Бекітілген Ұзақ мерзімді стратегияға сәйкес Компания қолданыстағы технологияларды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін қысқартуға қол жеткізуді жоспарлап отыр.
Профилактикалық шаралар ретінде өндірістік экологиялық бақылау арқылы өндірістік процестердің тиімділігіне тұрақты экологиялық бағалау жүргізіледі. Бақылау қоршаған ортаға эмиссиялар деңгейін, зиянды өндірістік факторларды өлшеуге және есептеуге негізделген. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз зертханаларды тарта отырып жүргізіледі. Атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулары, топырақ өндірістік мониторинг нысаны болып табылады.
Сонымен қатар, апатты жағдайларда ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру және жою қорларының болуы қарастырылған.
Басқарушылық тәсілді бағалау
Жаңа технологияларға ерекше көңіл бөлінеді: ЖЭК дамыту, мазутсыз тұтану және басқа да энергия тиімді технологиялар.
2013 жылдан бастап Қоғам ЖЭК және СЭС секторында бірнеше инвестициялық жобаларды табысты іске асырды: қуаты 300 МВт «Мойнақ СЭС» АҚ, қуаты 45 МВт Бірінші жел электр станциясы, 2 МВт күн электр станциясы, қуаты 126 МВт дейін ұлғайтылған «Шардара СЭС» АҚ-ны жаңғырту.
Қазақстандағы көмірдің ауқымды қорын және оның баға түріндегі тартымдылығын ескере отырып, оның экологиялық сипаттамаларын жақсарту бағытындағы инновациялық технологияларды дамытуды қолдау орынды. Осы мақсатта қоғам «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен ынтымақтастықта «Таза көмір технологиялары» ғылыми зертханасын құрды.
Бұдан басқа, Компания табиғатты қорғау іс-шараларының кешенді бағдарламасын іске асыруда, бұл бағдарлама 2020 жылдың қорытындысы бойынша мынадай нәтижелерді көрсетті:
- қоршаған ортаға зиян келтіретін авариялық жағдайлардың болмауы;
- ЖЭК және СЭС-те «таза энергия» өндіру үлесі – компаниялар тобының жалпы өндіру көлемінің 8,7 %;
- компаниялар тобы бойынша 2019 жылмен салыстырғанда 1 кВт*с өнімге ластаушы заттардың меншікті шығарындысы 3,8 %-ға қысқарды. 3 жыл ішінде (2018– 2020) азот тотығының меншікті шығарындыларының 4 %-ға және шаңның 1,5 %-ға төмендеуінің оң динамикасы байқалады.
- Отын генерациясы секторы бойынша 3 жыл ішінде (2018–2020) КҚТ түзілуінің үлестік көрсеткіші шамамен 10 %-ға қысқарды.
2020 жылдың қорытындылары бойынша «СамұрықЭнерго» тобының кәсіпорындарына міндетті экологиялық аудит заңнамада қоршаған ортаға едәуір залал келтіретін белгіленген негіздердің болмауына, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушы заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырылуы немесе банкроттығы болуына байланысты жүргізілмеген.
Қоршаған ортаға келтірілетін залалдың алдын алу үшін заңнамада инспекторлық экологиялық тексерулер көзделген, олардың нәтижелері бойынша заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар қойылуы мүмкін. 2020 жылы 5 инспекторлық тексеру жүргізілді – «ГРЭС-1» ЖШС-да 2 рет, «ГРЭС-2» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС нысандарында бір реттен. Кейбір заңнамалық актілер талаптарын бұзушылықтар анықталды, айыппұлдар сомасы 14,45 млн теңгені құрады. Барлық айыппұлдар толық төленді. Түзету шаралары орындалды.
Елеулі айыппұлдардың ақшалай мәні және экологиялық заңнама мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны
|
|
Өлшем бірлігі |
Сомасы |
||
|---|---|---|---|---|
|
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
||
|
елеулі айыппұлдардың ақшалай сомасы |
мың теңге |
721,5 |
4 751 |
14 448 |
|
қаржылық емес санкцияларды қолдану жағдайларының саны |
– |
0 |
0 |
20 |
|
дауларды шешу тетіктері арқылы қозғалған істер |
– |
– |
– |
3 |
Тексеру материалдарын талдау заңнаманың бұзылуына негізгі жабдықтарда емес, көмекші процестерде, мысалы, ТТЦ-да, көмір қоймаларында, сондай-ақ шағын құрылыс операциялары кезінде жер қазу жұмыстары және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде желілік персонал мәдениетінің төмендігінен жол берілетінін көрсетті.
2020 жылы қоршаған ортаны қорғау тақырыбында жеке және заңды тұлғалардың 3 өтініші тіркелді. Барлық жағдайлар шағымдармен жұмыс істеудің ішкі механизміне сәйкес қаралып, пысықталды.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған жалпы шығыстар мен инвестициялар, түрлеріне қарай бөлінген
Компания табиғатты қорғау іс-шараларының мынадай аспектілерді қамтитын кешенді бағдарламасын іске асырады:
- атмосфералық ауаны қорғау;
- парниктік газдарды азайту;
- күл үйінділерін қалпына келтіру;
- қалдықтарды басқару;
- cу ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану;
- басқару жүйелері мен озық қауіпсіз технологияларды енгізу;
- ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да жұмыстар;
- экологиялық оқыту және насихаттау.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бар, оны орындау арнайы табиғатты пайдаланудың міндетті шарты болып табылады.
|
|
Өлшем бірлігі |
Сомасы |
||
|---|---|---|---|---|
|
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
||
|
қалдықтарды өңдеуге және шығарындыларды, төгінділерді тазартуға, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды жоюға байланысты шығындар |
мың теңге |
6 556 645 |
4 242 256 |
5 604 706 |
|
қоршаған ортаға және экологиялық менеджмент жүйесіне тигізетін әсерді болдырмаумен байланысты шығындар |
|
72 616 |
373 908 |
286 567 |
«СУ ЖӘНЕ АҒЫНДЫ СУЛАР» АСПЕКТІСІ
Маңызды тақырыпты және оның шекараларын түсіндіру
Су – бірегей зат және жер бетіндегі барлық тіршіліктің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар, су адам өміріне қажетті өнімдерді өндіруде көптеген технологиялық процестерде қолданылады.
Энергетика саласында да судың зор маңызы бар: «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында су гидрожәне бу турбиналары үшін қозғаушы күш ретінде ғана емес, сонымен қатар су қоймаларын толықтыру және басқа технологиялық процестердегі шығындарды өтеу үшін, күл жағажайларын суару үшін, күл үйінділеріндегі су деңгейін ұстап тұру үшін, сондай-ақ қызметкерлердің коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтары үшін де қолданылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның су ресурстарын қорғау саласындағы негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- тұщы суды тұтыну көлемінің төмендеуі;
- бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су үлесінің ұлғаюы;
- сарқынды суларды ағызу көлемін және сарқынды сулардағы зиянды заттардың шоғырлануын азайту.
Суды жинау
«Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде су электр станциялары мен жылу электр станцияларының бар екенін ескере отырып, сумен өзара іс-қимылды тиісінше суды пайдалану және суды тұтыну деп жіктейміз. Бұл ретте алынатын су көлемінің 98 % СЭС-терде суды пайдалану санатына, ал 2 % суды тұтынуға жатады. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы су ресурстары тапшы өңірлерде суды тұтыну қызметін жүзеге асырмайды.
Басқарушылық тәсілмен суды табиғи ресурс ретінде пайдалану
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобында суды пайдалану және суды тұтыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және бақылауға алынады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары су жинауды уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп әзірленген жобалар мен нормативтерге сәйкес өндірістік мұқтаждарға негізделген көлемде жүзеге асырады.
Осылайша, технологиялық қажеттіліктерге арналған судың негізгі көздері: Шарын өзені және Бестөбе су қоймасы (Мойнақ СЭС), Сырдария өзені мен Шардара су қоймасы (Шардара СЭС), Қ. Сәтпаев атындағы арна (Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ), Шідерті арнасы («Екібастұз ГРЭС-2» АҚ) Үлкен Алматы көлі және Үлкен Алматы өзені бассейні (Каскад СЭС), Қапшағай су қоймасы (Қапшағай СЭС) болып табылады.
Суды үнемдеу мақсатында Екібастұз станцияларында толтырылатын салқындатқыш су қоймалары және тура ағынды гидравликалық күл шығару жүйесі бар техникалық сумен жабдықтаудың айналымдық жүйелері, сондай-ақ Алматы станцияларындағы күл үйінділерінен сарқынды суларды қайтадан пайдалану және градирнялары бар айналымдық салқындату жүйелері қолданылады.
Суды ағызып жіберумен байланысты әсерді басқару
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындарының ағынды суы өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардан тұрады. Ағынды сулардың негізгі көлемі өнеркәсіптік ағынды сулар болып табылады, олар табиғи объектілерге тасталмайды. Олар күл және қож қалдықтарын күл үйінділеріне шығару үшін гидрокөлік ретінде қолданылады.
Ағынды суларда ластаушы заттар құрамының рұқсат етілген нормативтері және олардың көлемі заңнамаменен белгіленеді. Ағызылғанға дейін ағынды сулар бекітілген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес тиісті тазартудан өткізіледі.
Сонымен қатар, жер үсті сулары ортасына, сарқынды суларға бақылау, бақылау ұңғымаларының желісі арқылы судың және жер асты суларының температуралық режимінің өзгеру процестеріне мониторинг, ТӨҚ жүйесінің жабдықтары мен құбырларына жөндеу тұрақты жүргізіледі.
Есепті кезеңде қоршаған табиғи ортаға залал келтірген майлардың, отынның, қалдықтардың, химиялық реагенттердің, өзге де заттардың авариялық төгінділері мен төгілуі тіркелген жоқ.
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ТӘСІЛДІ БАҒАЛАУ
Тақырыптық ашу:
|
Барлық аудандар, мегалитрлер |
Су тапшылығы бар аудандар |
||||
|
2018 |
2019 |
2020 |
|||
|
Су жинау |
|||||
|
Су көздерінен жиналатын су көлемі |
|||||
|
жерүсті су объектілерінен (барлығы) |
10 498 150 |
11 924 598 |
10 473 288 |
жоқ |
|
|
тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л) |
10 498 150 |
11 924 598 |
10 473 288 |
жоқ |
|
|
басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
жерасты көздерінен (барлығы) |
7 341 |
6 630 |
6 061 |
жоқ |
|
|
тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л) |
7 341 |
6 630 |
6 061 |
жоқ |
|
|
теңіз суы (барлығы) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
жер қабатының суы (барлығы) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
басқа су (жалпы еріген қатты заттардың >1,000 мг/л) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
сумен жабдықтаудың муниципалды және басқа жүйелерінен |
40 577 |
44 917 |
36 227 |
жоқ |
|
|
тұщы су (жалпы еріген қатты заттардың ≤1,000 мг/л) |
40 577 |
44 917 |
36 227 |
жоқ |
|
|
басқа су (>1,000 мг/л жалпы еріген қатты заттардың) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Сумен жабдықтаудың муниципалды және басқа жүйелерінен жиналған судың жалпы көлемі: |
|
|
|||
|
Жерүсті |
40 577 |
44 917 |
36 227 |
жоқ |
|
|
Жерасты |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Теңіз |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Жер қабатынан |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Жиналатын судың жалпы көлемі |
10 546 314 |
11 976 439 |
10 515 575 |
жоқ |
|
|
Төгінді |
|||||
|
Түрлері бойынша төгінділер |
|||||
|
Жерүсті |
77 001,4 |
73 751,3 |
75 313 |
жоқ |
|
|
Жерасты |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Теңіз |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Сумен жабдықтаудың муниципалды және басқа жүйелері (барлығы) |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Басқа ұйымдарға пайдалануға берілген ағынды сулардың көлемі |
0 |
0 |
0 |
жоқ |
|
|
Жалпы төгінді |
77 001,4 |
73 751,3 |
75 313 |
жоқ |
|
|
Тазарту деңгейі бойынша ағынды сулар |
|||||
|
Тазартылмаған |
|
|
|
|
жоқ |
|
р/х талап етілгенге дейін |
Тазалау қажетті деңгей |
|
|
|
жоқ |
|
к/б талап етілгенге дейін |
Тазалау қажетті деңгей |
|
|
|
жоқ |
|
басқа |
ПДС нормативтері |
77 001,4 |
73 751,3 |
75 313 |
жоқ |
|
Суды тұтыну |
|||||
|
Суды тұтынудың жалпы көлемі |
201 229 |
198 438 |
197 838 |
жоқ |
|
|
Суды пайдалану |
|||||
|
Суды пайдаланудың жалпы көлемі |
10 345 085 |
11 778 000 |
10 317 737 |
жоқ |
|
|
ӨНДІРІСТІҢ СУ ТИІМДІЛІГІ |
|||||
|
|
|
Барлық аудандар, м3/кВт*с |
|
||
|
Шығарылатын өнімнің бір бірлігіне жұмсалатын су көлемі |
0,333 |
0,396 |
0,335 |
жоқ |
|
Есепті кезеңдегі бірнеше рет пайдаланылатын және қайта пайдаланылатын судың үлесі және жалпы көлемі:
Жалпы жинап алынатын су көлемі, мың м3
Бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су көлемі, мың м3
«БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК» АСПЕКТІСІ
Маңызды тақырыпты және оның шектерін түсіндіру
«Самұрық-Энерго» АҚ өз портфелінде СЭС, ЖЭС және АЭК нысандарының болуына байланысты «Биоалуантүрлілік» аспектісін маңызды деп бағалайды. Алайда, біз «Самұрық-Энерго» АҚ-ның отын станциялары мен «Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмір кесіктері жабайы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне тікелей жағымсыз әсер етпейді деп санаймыз, өйткені олар елді мекендердің шетінде немесе өнеркәсіптік аумақтарда орналасқан, сондай-ақ осы өндірістік нысандарды жобалау кезінде табиғат қорғау шешімдері ретінде құрылыс аудандарында биоалуантүрлілік жұтаңдығы ескерілгенін назарға аламыз.
Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының қызметі орнитофаунаға, ихтиофаунаға және басқа да тұщы су экожүйелеріне, сондай-ақ «Шардара СЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, СЭС каскады, Қапшағай СЭС, сондай-ақ «БЖЭС» ЖШС және «АЖК» АҚ ықпал ету аймақтары шегіндегі жағалау аймақтарының флорасы мен фаунасына теріс әсер етуі мүмкін.
Басқарушылық тәсіл
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында биоалуантүрлілікке тиер әсерді азайту мақсатында қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер етуді бағалау жүргізіледі. ҚОӘБ рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Кәсіпорындарды одан әрі пайдалану процесінде өсімдік және жануарлар дүниесіне әсер ету мониторингі де регламенттелген.
Басқарушылық тәсілді бағалау
«БЖЭС» ЖШС жел паркін жобалау кезеңінде жел энергетикалық қондырғылардың қоршаған ортаға әсерін азайту қарастырылған – жарықтық ластану тірі тіршілік биоритмдерінің бұзылуына әкеп соқтыратынын ескере отырып, түнгі уақытта тек габариттік оттарды пайдалану көзделіп, ЖЭҚ-ты жарықтандыру барынша азайтылады.
«АЖК» АҚ-ның ӘЖ-де құстардың электр тоғымен зақымдануынан қаза болуы жағдайларын азайту үшін оқшауланған сымдармен (ОСЖ) жабдықталған желілерді қайта жаңарту жүргізілуде.
Гидротурбиналардағы балықтардың өлімін азайту мақсатында барлық СЭС балық қорғау құрылғыларымен жабдықталған. Сондай-ақ, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынысы бойынша, балықты қорғау шарасы ретінде турбиналық су таратқыштар алдындағы су жинағышқа жақын жерде тәуліктің қараңғы уақытында су бетін прожекторлармен жарықтандыру жүзеге асырылады – осылайша жарық сәулелері балықтарды үркітеді. Балықтардың еркін қозғалуы үшін бос су төгуге арналған құрылғылармен (БСТ) жабдықталған. Су және жер үсті (жағалау маңындағы) экожүйелерге әсерін төмендету үшін су электр станцияларының жұмыс режимі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен, әкімдіктермен, сондай-ақ ЕҚТА басшылығымен (мәселен, Мойнақ СЭС жағдайында) келісіледі.
Өсімдік және жануарлар әлеміне келетін әсерді мониторингілеу үшін СЭС пен ЖЭС-терде визуалды далалық бақылау жүргізіледі.
Қорғалатын немесе қалпына келтірілген мекендер
2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қандай да бір арнайы санитарлық немесе экологиялық режим сақталған немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі бар өңірлерде өндірістік қызметін жүргізбеді.
|
Қорғалатын аймаққа немесе қорғалатын аймақтың шекарасынан тыс биологиялық әртүрлілік құндылығы жоғары ауданға қатысты ереже |
Операция түрі |
Қорғалатын аумақтың немесе қорғалатын аумақтан тыс биологиялық әртүрліліктің құндылығы жоғары аймақтың белгісімен сипатталатын биоәртүрлілік мәні |
Аумақты басқару мәртебесі/ санаты |
|---|---|---|---|
|
«БЖЭС» ЖШС (Ақмола обл., Ерейментау қ.) |
|||
|
45 км қашықтықта Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан |
Электр энергиясын өндіру |
Ерейментау тауларында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың 2 түрі (ақиық және дала қыраны) мекендейді. Алайда, құстардың жиналуы жолдар мен темір жол бойындағы төменгі және ағаш отырғызуларда байқалды, олар өз кезегінде ЖЭС-те орнатылған ЖЭҚ-дан тыс орналасқан. Нысанды пайдалануға берген сәттен бастап құстардың ЖЭҚ қалақтарымен соқтығысу жағдайлары тіркелген жоқ. |
Табиғи парк |
|
«Мойнақ СЭС» АҚ (Алматы облысы) |
|||
|
Мойнақ СЭС-тен шамамен 55 км қашықтықта Шарын өзенінің ағысымен төмен қарай Шарын ұлттық паркі орналасқан |
Электр энергиясын өндіру |
«Мойнақ СЭС» АҚ Қазақстандағы БҰҰДБ сарапшыларымен Шарын өзенінің ағысынан төмен орналасқан ежелгі шаған тоғайын сақтау жобасы бойынша бірлесе жұмыс істейді |
Табиғи парк |
«ШЫҒАРЫНДЫЛАР» АСПЕКТІСІ

Маңызды тақырыпты және оның шектерін түсіндіру
«Самұрық-Энерго» АҚ үшін өзінің ЖЭС нысандарының өндірістік қызметінен атмосфералық ауаға әсер ету аспектісі басқа экологиялық аспектілермен салыстырғанда анағұрлым маңызды болып табылады. Бұл қисынды да, өйткені Қоғамның компаниялар тобында электр энергиясының басым бөлігі (2020 жылы – 91,3 %) қазбалы отын түрлерін пайдалану арқылы өндіріледі, соның нәтижесінде атмосфералық ауаны ластайтын түтін газдары түзіледі. Сонымен қатар, отынды жағу кезінде пайда болатын химиялық реакциялар нәтижесінде климаттың өзгеруіне әсер ететін парниктік газдар ауаға енеді.
Парниктік газдар шығарындыларын азайтуға қатысты басқарушылық тәсіл
Қазақстан 2015 жылы Париж келісімін ратификациялады, сол арқылы климаттың өзгеруіне қарсы жалпы әлемдік күреске өзінің бейілділігін растады. «Самұрық-Энерго» АҚ Климаттық проблемаға да байыпты қарайды: процестер мен өнімдердің көміртекті сыйымдылығын төмендету жөніндегі негізгі бағыттар мен мақсаттар қоғамның ұзақ мерзімді Даму Стратегиясында және экологиялық саясатында көрсетілген. Компанияның стратегиялық мақсаттарына ЖЭК пен СЭС-ті дамыту жатады, барлық жерде энергия менеджмент жүйелері енгізілген, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бойынша ауқымды бағдарламалар әзірленген.
ЖЭК-ті қолдау аясында «Самұрық-Энерго» АҚ тобының шартты тұтынушылары 2020 жылы 765 млн кВт*с «жасыл» энергияны сатып алды. Топ бойынша ЖЭК электр энергиясын сатып алуға жұмсалған шығыстар шамамен 28 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың көлемінен екі есе артық (378 млн кВт*с).
Бұдан басқа, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС сияқты ЕТҰ-лары квоталанатын қондырғылар болып табылады және ПГ шығарындыларына квоталар саудасының ұлттық жүйесі шеңберінде ПГ шығарындыларын азайтуға қатысты міндеттемелері бар.
Маңызды ластаушы заттардың шығарындыларына қатысты басқарушылық тәсіл
I санаттағы отын станциялары Қоғамдағы ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көздері болып табылады. Азот тотықтары, күкірт тотықтары, көміртегі тотығы, шаң (күл) ЖЭС-ке тән маркерлік ластаушы заттар болып табылады.
Станцияларды жобалау кезінде қабылданған экологиялық шешімдердің тиімділігі мен дұрыстығын оларды пайдаланған жылдар нәтижесі растап отыр. Ұлттық маңызы бар Екібастұз станцияларының орнын таңдау кездейсоқ болған жоқ – отын көзіне жақындық қамтамасыз етілді, әрі көмір тасымалдауынан болатын жағымсыз әсерді азайтады, түтін құбырларының биіктігіне, желдің рельефі мен бағытын ескере отырып орналасуына, тұрғын аудандардан қашық орналасуына байланысты ластаушы заттардың таралуының оңтайлы жағдайлары қамтамасыз етілді.
Қалалық агломерацияда орналасқан Алматы станцияларында жұртшылық пен уәкілетті органдардың пікірін ескере отырып, қазірдің өзінде газға ауыстырылған ЖЭО-1 және БЖК-ға қосымша ЖЭО-2, 3 нысандарын газдандыру жоспарлануда.
Атмосфералық ауаға эмиссия экологиялық заңнамамен қатаң реттеледі. ЛЗ шығарындылары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп әзірленген және арнайы рұқсат беру құжаттарында регламенттелген жобалар мен нормативтерге сәйкес өндірістік процестермен негізделген көлемде жүргізіледі.
Күл шығарындыларын барынша азайту үшін күлтұтқыш технологиялар қолданылады – Екібастұз ГРЭС-інде – бұл электр сүзгіштер, ал Алматы ЖЭО-да-жаңа буынның эмульгаторлары. Азот тотықтарының түзілуін басу үшін төмен эмиссиялық қыздырғыштар қолданылады, Жоғары қысымды жылытқыштар мен турбина буының 4-ші іріктеуінен қуат алатын турбо-қоректік сорғыларды қолдану арқасында режимдер реттеледі.
Шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуына тұрақты өндірістік экологиялық бақылау және бақылаушы орган алдында тұрақты есептілік жүргізіледі.
Басқарушылық тәсілді бағалау
2020 жылдың қорытындысы бойынша топтың жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК, ЖЭС, КЭС, шағын СЭС) объектілеріндегі электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 336 млн кВт*с құрады, осылайша ЖЭК нарығындағы «Самұрық-Энерго» АҚ үлесі шамамен 10 %-ды құрады.
2020 жылы Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасы аяқталды – қайта жаңарту СЭС қуатын 100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін арттырды, бұл «таза» энергия үлесінің қосымша өсуіне алып келеді.
2020 жылы Алматы ЖЭО-2 нысанын газдандыру туралы шешім қабылданды, бұл Оңтүстік мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, белгіленген қуатты 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып, Алматы ЖЭО-3 Қайта құру жобасын іске асыру жоспарлануда.
2020 жылдың қорытындысы бойынша компаниялар тобы бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
- қоршаған ортаға зиян келтіретін авариялық жағдайлардың болмауы;
- ЖЭК және СЭС-те «таза энергия» өндіру үлесі – компаниялар тобының жалпы өндіру көлемінің 8,7 %;
- ШОҮШ-ты төмендету есебінен 2019 жылмен салыстырғанда СО2 меншікті шығарындысының төмендеуі;
- экологиялық көрсеткіштері «Самұрық-Энерго» тобының басқа көмір станцияларына қарағанда жақсы болатын ЖЭК және СЭС, газ ЖЭО-1, сондай-ақ ГРЭС-1 өндіру үлесінің ұлғаюына байланысты компаниялар тобы бойынша атмосфералық ауаға ластаушы заттардың үлестік шығарылымы (г/кВт*с) 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 %-ға қысқарды;
- компаниялар тобы бойынша SO2 меншікті шығарындыларын (г/кВт*с) 6 %-ға, NO – меншікті шығарындыларын 2019 жылғы ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда 3 %-ға қысқарту
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары
|
|
Өлшем бірлігі |
көлемі |
||
|---|---|---|---|---|
|
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
||
|
көміртегінің қос тотығы |
мың тонна |
33 744 |
31 593 |
33 413,98 |
|
метан |
|
351,98 |
353,850 |
341,6 |
|
азот тотығы |
|
0,293 |
0,275 |
0,296 |
Әдістемелер: парниктік газдарды ұлттық түгендеудің басшылық қағидаттары, МГЭИК, 2006; жылу электр станциялары мен қазандықтардан парниктік газдардың шығарындыларын есептеу жөніндегі ТМ, Астана, 2010, ҚР ҚОҚМ 05.11.2010 ж № 280-ө бұйрығына 9-қосымша. Қазақстан Республикасының заңнамасы парниктік газдардың жанама шығарындыларын міндетті бағалауды талап етпейді, алайда парниктік газдар шығарындыларының көрсетілген көлемдері парниктік газдардың жалпы шығарындыларының 95 %-ын, оның ішінде «СамұрықЭнерго» АҚ Компаниялар тобының жанама (Scope 1 және 2) қамтиды деп пайымдаймыз, өйткені тікелей шығарындыларды есептеу кезінде ЕТҰ-ның меншікті энергетикалық мұқтаждары ескеріледі.
ОБЗ шығарындылары және өзге де шығарындылар
|
|
Өлшем бірлігі |
көлемі |
||
|---|---|---|---|---|
|
2018 |
2019 |
2020 |
||
|
ОБЗ өндіру көлемі |
– |
– |
– |
– |
|
ОБЗ импортының көлемі |
|
– |
– |
– |
|
ОБЗ экспортының көлемі |
|
– |
– |
– |
|
Тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) |
|
– |
– |
– |
|
ЖТҚ |
тонна |
297,2 |
261,6 |
261,4 |
Компанияның жиынтық шығарындыларындағы ЕТҰ үлесі «Генерация» секторы 2020 жыл
Ластағыш заттардың шығарындылары, мың тонна
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша жалпы шығарындылар көлемі
NOx
SO2
Зола
«ҚАЛДЫҚТАР» АСПЕКТІСІ
Маңызды тақырыпты және оның шектерін түсіндіру
Өнім өндіру процесі қалдықтардың пайда болуымен байланысты болатындығы күмәнсіз, қалдықтармен жұмыс істеу кезінде «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қалдықтардың жекелеген түрлерімен жұмыс істеу саласындағы стандарттардың талаптарын сақтауға тырысады.
«Самұрық-Энерго» АҚ ірі кәсіпорындарының қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, ауқымды өндіріс қалдықтарына ЖЭС-тегі күл-қож қалдықтары және «Богатырь Көмір» ЖШС-дағы көмір кесігіндегі аршу жыныстары жатады.
Қалдықтардың бұл түрлері қауіпті емес және қалдықтардың жалпы көлемінің қомақты үлесін құрайды. Қалдықтардың басқа түрлері тұтыну қалдықтары ретінде жіктеледі. Ол қалдықтарға қатысты бөлек жинау және одан әрі қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға беру жөніндегі шаралар көзделген.
Басқарушылық тәсіл
Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстанда қалдықтарды орналастыру көлемі нормаланады. Тұтыну қалдықтарына қатысты арнайы жабдықталған орындарда бөлек жинау және уақытша сақтау жөніндегі талаптар қолданылады, сондай-ақ полигондарда көму үшін қолайсыз қалдықтардың түрлері айқындалған.
Осылайша, қайта пайдалануға және кейіннен заңды және жеке тұлғаларға беру арқылы қайталама шикізатқа жатқызуға жарамды қалдықтардың түрлері айқындалады. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында мұндай қалдықтарға макулатура, картон және қағаз қалдықтары, пластик және пластмасса қалдықтары, құрамында сынабы бар шамдар, түсті және қара металл сынықтары, электрондық және электр жабдығы, аккумуляторлар, шиналар және олардың фрагменттері және басқа да қауіпті қалдықтар жатады.
Айналым түрлері мен әдістері бойынша бөлінген қалдықтардың жалпы салмағы
|
|
Өлшем бірлігі |
Масса |
|||
|---|---|---|---|---|---|
|
2018 |
2019 |
2020 |
|||
|
1 |
Барлық пайда болған қалдықтар, олардың ішінде |
тыс. тонн |
79 435,9 |
75 476 |
97 513,5 |
|
2 |
қауіпті |
|
18,8 |
20 |
21,3 |
|
3 |
қауіпсіз |
|
79 417,13 |
75 456 |
97 492,2 |
Басқарушылық тәсілді бағалау
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша өндіріс қалдықтарын орналастыру барынша қауіпсіз тәсілмен жүзеге асырылады.
«Богатырь Көмір» ЖШС-ның іргелес аумақтарға теріс әсерін азайту мақсатында сыртқы үйінділерде аршыма жыныстарды көму көлемін қысқарту жұмыстары жүргізілуде, ол үшін ішкі үйінділер ретінде «Северный» және «Богатырь» кесіктерінің ішкі өңделген кеңістігін пайдалану жобалары әзірленуде. Тотығу процестерін алдын алу және үйінділерге жиналатын құрамында көмір бар жыныстардың өздігінен жануына жол бермеу үшін үйінділерді инертті жыныстармен оқшаулау және үйінділердің шатырын тығыздау бойынша іс-шаралар орындалады. ЖЭС-тің күл-қож қалдықтары шаң басу іс-шараларын қамтамасыз ете отырып, күл үйінділерінде – Екібастұз ГРЭС-інде су кемерінің астында, ал Алматы станцияларында топырақ қабатымен жабылған және көпжылдық шөптер мен бұталар отырғызылған бірегей құрамдастырылған технология бойынша көміледі. Жыл сайын күл үйінділерінің пайдаланылған бөліктерінде құнарлылылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы алғанда, өнім бірлігіне шаққандағы КҚҚ-ның түзілуін төмендетуге Компанияның гидролектростанциялар мен ЖЭК объектілерін дамыту да ықпал етеді.
Сонымен қатар, өндіріс қалдықтарын басқару жөніндегі іс-шараларға күл-қоқыстарды кәдеге жарату да жатады – олар Павлодар облысында автомобиль жолдарын салу кезінде пайдаланылады. 2020 жылы кәдеге жаратуға 10 мың тоннаға жуық құрғақ күл жіберілді. Алайда КҚ қалдықтарына деген шикізат ретіндегі сұраныс төмен
КҚҚ, мың тонна
Отын генерациясы секторы бойынша КҚҚ пайда болуының меншікті көрсеткіші, кг КҚҚ/кВт*с