-
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК
Компания қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі – табысты қызмет кепілі. Сондықтан Компания әрбір қызметкердің жеке әрі кәсіби тұрғыда дамуына тең мүмкіндік бере отырып, қолайлы жұмыс жайы мен әрбір маманның өз әлеуетін іске асыруы үшін барлық қажетті жағдайды жасауға ұмтылады. Әрбір қызметкер Компания тарапынан ұсынылған мүмкіндіктерді пайдалана отырып және өз бетінше кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға тырысады.
-
КОМПЛАЕНС
Ереже-қағидаттарды бұлжытпай орындау ортақ мақсат, ортақ мінез-құлық мәдениеті мен дәстүрлер негізінде біріккен кәсіби мамандар командасы ретінде қала беруімізге, сондай-ақ Компанияның өз ішінде де, іскери серіктестермен және клиенттер арасында да тиісті деңгейдегі өзара түсінушілікті сақтауға ықпал етеді.
-
ҚАУІПСІЗДІК
Біз әлемді қуатпен қамтамасыз етуде қауіпсіз әдіс-тәсілдерді пайдалануға тырысамыз.
-
ТӘУЕКЕЛГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН БАҒДАР
Біз корпоративтік басқару жүйесінің басты компоненті ретінде тәуекелдерді басқару маңыздылығын түсініп, Компанияның құны мен беделіне теріс ықпал етуі мүмкін тәуекелдер деңгейін дер кезінде анықтауға және төмендетуге бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырамыз.
-
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
Біз өндірістік қызметімізді қоршаған ортаны қорғай отырып және бірлесе әрекет ететін қауымдастықты құрметтей отырып жүргізуге тырысамыз. Біздің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және жалпы қауіпсіздік саласындағы мақсатымыз – жазатайым оқиғаларды болдырмау, денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян келтірмеу
-
ТРАНСПАРЕНТТІЛІК
Біз кездесулерге, талқылаулар мен ашық пікірталасқа дайынбыз, мүдделі тұлғалармен өз мақсат-мүдделерімізді ескере отырып және Компания мен мүдделі тұлғалардың құқықтары мен олардың мақсат-міндеттері арасындағы балансты сақтауға негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға талпынамыз
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ҚУАТ/QÝAT/ENERGY
-
ҚАМҚОРЛЫҚ
QAMQORLYQ
НАСТАВНИЧЕСТВО- Біз әрқашан көмекке келуге және қолдау көрсетуге дайынбыз
- Біз әріптестерімізбен және серіктестермен сенімді қарым-қатынас жасау үшін ашық әрекет етеміз
- Біз тәлімгерлікке, тәжірибені сақтауға және беруге дайынбыз
-
УӘДЕГЕ БЕРІКТІК
ÝÁDEGE BERIKTIK
НАДЕЖНОСТЬ- Біз үздіксіз және сапалы жұмыс үшін жауапты боламыз
- Біз болашақ ұрпақ алдында жауап береміз және қоршаған орта мен экологияға ұқыпты қараймыз
- Біз барлық жерде қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау үшін жауапты боламыз
- Біз қабылданған міндеттемелерге адалбыз
-
АДАЛДЫҚ
ADALDYQ
СПРАВЕДЛИВОСТЬ- Кез келген мәселелерді шешуде біз жағдайды объективті бағалаймыз және әділ әрекет етеміз
- Біз тең талаптарды қолданамыз және тең мүмкіндіктер береміз
- Біз өз ой-пікірлеріңізді айтуға және естуге мүмкіндік бере отырып, басқалардың пікірін бағалаймыз
-
ТӘЖІРИБЕ/ТÁJIRIBE/
ПРОФЕССИОНАЛИЗМ- Біз қойылған міндеттерге адал қараймыз және жұмыстан ләззат аламыз
- Біз өз ісінің кәсіпқойларымыз, өзінөзі жетілдіреміз және нәтижеге қол жеткіземіз
- Тиімділікті арттыру үшін біз әртүрлі көзқарастарды іздейміз және әртүрлі әдістерді қолданамыз