«Самұрық-Энерго» АҚ акцияларының 100 %-ы Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі (www.sk.kz).
Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас жасау оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен құрметтеуді қамтамасыз етуден тұрады және адалдыққа, есептілікке, жауапкершілік пен ашықтыққа негізделген.
Жалғыз акционер қызметтің басым міндеттері мен стратегиялық бағыттарын белгілей отырып, Компанияны басқарады. Жалғыз акционердің құқықтарын іске асыру «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Самұрық-Энерго» АҚ Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Акционерлердің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Компанияның Жарғысында және ақпаратты ашу саласындағы ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін жеткілікті ақпаратты уақтылы алуды; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша дауыс беруді; Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындауды, оның мүшелерін сайлауды, олардың өкілеттіктерін тоқтатуды, сондай-ақ сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын айқындауды; айқын және ашық дивидендтік саясат негізінде дивидендтер алуға қатысуды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Жалғыз акционер қызметтің басым міндеттері мен стратегиялық бағыттарын белгілеу арқылы Компанияны басқаруды қамтамасыз етеді.
Акционерлік капиталдың құрылымы
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 09.06.2020 ж. шешімін орындау мақсатында 2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционері белгіленген тәртіппен басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру арқылы 125 дана акция орналастырылды.
2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жарияланған бағалы қағаздар саны 8 602 187 данаға жетті, орналастырылған бағалы қағаздар саны – 5 601 812 дана. Бір жай акцияның номиналдық құны 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 000 теңгені құрады.
Бір жай акцияның баланстық құны 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 86 937 теңгені құрады. Бір акцияның пайдасы 1 429 теңгені құрады.
Дивидендтік саясат
Компанияда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 2 қазандағы шешімімен бекітілген (№ 39/12 хаттама) еншілес ұйымдарға қатысты «Самұрық-Қазына» АҚ-ның дивидендтік саясаты жұмыс істейді. Дивидендтік саясат мынадай қағидаттарға негізделеді:
- 1) Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау;
- 2) Компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыру;
- 3) Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- 4) Компания қызметін қаржыландыруды, оның ішінде Компания есебінен іске асырылатын инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету;
- 5) дивидендтер мөлшерін анықтау тетіктерінің ашықтығы;
- 6) Жалғыз акционердің қысқа мерзімді (кіріс алу) және ұзақ мерзімді (Компанияның дамуы) мүдделерінің теңгерімділігі.
Дивидендтер мөлшері Компанияның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес дайындалған жылдық аудит жүргізілген қаржылық есептілігінде көрсетілген ұйымның таза кірісінің сомасына сүйеніп есептеледі.
Жалғыз акционердің Шешімдеріне сәйкес төленген дивидендтердің мөлшері
|
Кезең |
Сома |
|---|---|
|
2020 ж. (2019 ж. нәтижелері бойынша) |
3 066 231 000 тенге |
|
2019 ж. (2018 ж. нәтижелері бойынша) |
2 041 000 000 тенге |
|
2018 ж. (2017 ж. нәтижелері бойынша) |
2 041 000 000 тенге |