Осы Есепті әзірлеу барысында Компания төмендегідей
тәсілдер мен қағидаттарды ұстанды:
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және
оның маңыздылығы.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара
іс-қимылы «Қамтылу» қағидатына негізделеді және
Компанияның өз клиенттері мен қызметкерлерінің,
серіктестері мен өнім берушілерінің болашағына инвестиция салу дайындығына, Компанияның да, жергілікті
қоғамдастықтардың да орнықты дамуын қамтамасыз
етуге, компания орналасқан аумақ үшін маңызы бар
салаларға әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асыруға,
сыртқы және ішкі сын-қатерлерге барабар және икемді
ден қою үшін барлық тұлғалармен өзара іс-қимылды дамыту дайындығына негізделген (толығырақ «Орнықты
даму» бөлімінде берілген).
Стейхолдерлермен өзара іс-қимыл шеңберіндегі
«ашықтық» қағидатын ескере отырып, Компания жылдық есепті шығарылғаннан кейін жыл сайын жылдық
есепте көрсетілген ақпараттың теңгерімділігі мен толықтығын тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ Компанияның қызметіне және оның мүдделі тараптарына
елеулі әсер ететін тақырыптар мен аспектілерді айқындайды, бұл тақырыптар мен аспектілер келесі Есептілік
кезеңіндегі жылдық есеп құрылымын қалыптастыру
кезінде ескерілуі тиіс мынадай жайттарды: маңызды
тақырыптар тізімін айқындауды; сыртқы және ішкі
стейкхолдерлер арасында сауалнама жүргізуді; жыл
нәтижелері бойынша маңыздылық матрицасын жасауды
қамтиды.
Мүдделі тараптар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде айқындалған маңызды аспектілердің
толықтығына, маңыздылығына, теңгерімділігіне талдау
жүргізіліп, Компанияның 2021 жылға арналған Маңыздылық матрицасы әзірленді.
2020 жылдың нәтижелері бойынша жасалған талдау
Компания мен оның мүдделі тараптары үшін бұрынғыша
бизнесті цифрландыруға, тарифтік реттеу мен компанияның қаржылық тұрақтылығына, тиімді инвестициялық
қызметке, тәуекелдерді басқару мен энергия тиімділігіне, экологиялық заңнаманы сақтауға, қызметкерлер
мен мердігерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, парниктік газ шығарындылары
мен басқа да ластағыш заттарды азайтуға, өндірістік
жарақаттануға және т. б. байланысты тақырыптар маңызды болып қалатынын көрсетті.
Маңыздылық матрицасын Директорлар кеңесі
15.12.2020 ж. қарады және бекітті (№ 13/20 хаттама)
2020 ЖЫЛҒЫ МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ:
|
1
|
Бизнесті цифрландыру
|
23
|
Энергия шығынын азайту
|
|
2
|
Компанияның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
|
24
|
Парниктік газдар мен басқа ластаушы заттардың (NOX, SOX, озон қабатын бұзатын және басқа да маңызды ластаушы заттардың) шығарындыларын азайту
|
|
3
|
Қызметті жүзеге асыруда табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
|
25
|
Қоршаған ортаны қорғауға арналған жалпы шығыстар мен инвестициялар (түрлері бойынша)
|
|
4
|
Компанияның ел экономикасына қосқан үлесі (құрылған және бөлінген экономикалық құнды қоса алғанда)
|
26
|
Материалдарды, энергия мен суды тиімді пайдалану
|
|
5
|
Тарифтік реттеу
|
27
|
Экологиялық заңдар мен нормативтік талаптарды сақтау
|
|
6
|
Қаржы тұрақтылығы
|
28
|
Қалдықтарды басқару
|
|
7
|
Тиімді инвестициялық қызмет
|
29
|
Ұйымның су жинауына айтарлықтай әсер ететін су көздері
|
|
8
|
Пандемия жағдайында бизнесті басқару
|
30
|
Көп рет және қайталап пайдаланылатын судың үлесі және жалпы көлемі
|
|
9
|
Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру және жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл
|
31
|
Ұйымның төгінділері мен оның аумағындағы беткі ағындарға айтарлықтай әсер ететін су объектілері
|
|
10
|
Сатып алудағы әлеуметтік жауапкершілік және қызметті жүзеге асыратын маңызды аймақтардағы жергілікті жеткізушілерге шаққандағы шығындардың үлесі (оның ішінде жергілікті қамту үлесін дамыту)
|
32
|
Биологиялық әралуандылықты сақтау
|
|
11
|
Сатып алу санаттарын басқару
|
33
|
Қызметкерлерді әділ сыйақы беру және оларға әлеуметтік қолдау көрсету
|
|
12
|
Сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне қарсы күрес, оның ішінде бопсалау мен пара алуды қоса алғанда
|
34
|
Корпоративтік мәдениет және бизнесті жүргізудің этикалық стандарттары
|
|
13
|
Тәуекелдерді уақытылы сәйкестендіру және тәуекелдерді сапалы басқару
|
35
|
Жастар саясаты
|
|
14
|
Компанияның комплаенс-тәуекелдерін басқару және оның комплаенс мәдениеті
|
36
|
Персоналдың кәсіби және жеке өсуі
|
|
15
|
Іскери беделді нығайту және стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл
|
37
|
Персоналды жалдау
|
|
16
|
Халықаралық ынтымақтастық
|
38
|
Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер, оның ішінде гендерлік теңдік
|
|
17
|
Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысы
|
39
|
Шағымдарды беру тетіктері
|
|
18
|
Сапа менеджменті жүйесінің аудиті
|
40
|
Мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін жою
|
|
19
|
Бизнесті трансформациялау
|
41
|
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жою
|
|
20
|
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимылының принциптері мен тәсілдері
|
42
|
Халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдау және оған құрмет көрсету
|
|
21
|
Жаңартылатын энергия көздеріне салынған инвестициялар
|
43
|
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру
|
|
22
|
Энергия тиімділік
|
44
|
Өндірістік жарақаттар
|
Орнықты даму мәнмәтіні
Есеп Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектісі бөлігіндегі үлесі туралы ақпарат ұсынады.
Толықтығы
Есептің көрсеткіштері мен мазмұны Компанияның есептік кезеңдегі экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға маңызды әсерін көрсету үшін жеткілікті болып табылады.
Теңгерімділік
Аталған Есепте Компания нәтижелерінің есептік кезеңдегі оң және теріс аспектілері көрсетілді. Бөлек көрсеткіштер үшжылдық динамикада көрсетілген.
Салыстырмалылық
Аталған Есепті қолданатын мүдделі тараптар Компанияның қаржылық және өндірістік көрсеткіштер туралы ұсынылған ақпаратын бұрынғы кезеңдердің нәтижелерімен және мақсаттарымен салыстыра алады.
Есеп GRI Standards талаптарына сәйкес әзірленді, бұл стейкхолдерлерге Компанияның қызметін басқа ұйымдардың қызметімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Нақтылық
Есептік кезеңде ұсынылған ақпарат мүдделі тараптар есептік кезеңдегі Компания қызметінің нәтижелерін бағалау үшін жеткілікті толық және егжей-тегжейлі болып табылады. Ақпарат сапалы сипаттамалар ретінде де, сандық деректермен де көрсетілген.
Уақытылылық
Есеп аудит жүргізілген қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін барынша қысқа мерзімде жыл сайынғы негізде және 30 шілдеден кешіктірмей ұсынылады, бұл аталған Есепте көрсетілген ақпарат өзекті болып табылатынына болжал жасауға мүмкіндік береді. Есеп корпоративтік веб-сайтта бүкіл стейкхолдерлер үшін бір уақытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
Айқындық
Есеп туралы ақпарат мүдделі тараптарға түсінікті және қолжетімді нысанда баяндалды.
Сенімділік
Осы есепті дайындау кезінде ұсынылған ақпарат алдын ала талданып, мүдделі тараптардың аталған есепті тексеруге және оның мазмұнының дұрыстығын бағалауға мүмкіндігі болатындай етіп ашылды.
Деректердің дереккөздері мемлекеттік органдарға жыл сайын ұсынылатын ресми есептілік нысандары болып табылады. Бірқатар көрсеткіш ішкі аудит рәсімдері аясында компаниялардың жауапты өкілдері тексеретін ішкі есептілік нысандарына сәйкес жинақталып, есептелді.
Компанияның Есебінде ұсынылған өндірістік, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді есептеу, жинау және шоғырландыру есептілік қағидаттарына және Қоғамның Орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі басшылықтың ұсыныстарына және корпоративтік басқару рәсімдеріне сәйкес жүргізілді. Орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің әрбір санаты бойынша сандық деректердің дәлсіздік ықтималдығы мейлінше азайды. Қатынастар мен үлестік шамалар абсолюттік мәндермен толықтырылды. Сандық деректер көпшілік қабылдаған өлшем бірлік жүйесін пайдалана отырып көрсетілген және стандартты коэффициенттер көмегімен есептелген.
Есеп барлық мүдделі тараптарға «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында қызметі мен жетістіктерінің нәтижелерін электрондық нұсқада, қағаз нысандарында және онлайн шолуға мүмкіндік береді. Компанияның алдыңғы Шоғырландырылған жылдық есепті жариялау күні – 2020 жылғы 5 тамыз. Есептің кеш бекітілуі короновирус инфекциясы пандемиясының салдарынан болған шектеу шараларымен байланысты.
Есептің қамту және шекараларының салаларын шектеу
Осы Есепте көрсетілген Компанияның 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2020 жылғы және 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2019 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілік «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС («PwC») жүргізген тәуелсіз аудиттің нәтижесі болып табылады.
Осы Есеп аясында қаржылық-операциялық нәтижелер және орнықты даму мәселелері бойынша ақпарат келтірілді. 2020 жылғы сапалық және сандық мәліметтер 2019 және 2018 жылдары пайдаланылған деректер қолданылған көрсеткіштерде ақпаратты салыстыру мен талдау мақсатында ұсынылған. Компания Есептің шекараларын GRI Standards сәйкес анықтады.
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы есепті құру кезінде бірыңғай тәсіл мақсатында шоғырландыруда үлестік қатысу әдісі қолданылады. Сонымен қатар, қолданыстағы есеп саясатына сәйкес, негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді көрсету бастапқы құны бойынша, яғни қайта бағалаусыз жүргізіледі. Еншілес компаниялар сатып алу әдісі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізіледі. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтер, сондай-ақ бизнесті біріктіру кезінде алынған міндеттемелер мен шартты міндеттемелер бақыланбайтын қатысу үлесінің мөлшеріне қарамастан сатып алу күнгі әділ құны бойынша көрсетіледі.
Үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде шоғырландырылған баланста «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан иелік ету үлесі 50 %-ды құрайтын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Forum Muider B.V.» көмір активтері компаниясы сияқты ірі компаниялардың айналымы алынып тасталды.
«Самұрық-Энерго» АҚ шоғырландырылған қаржылық нәтижесін қалыптастыру кезінде осы компаниялар бойынша пайда үлесі «Үлестік қатысу әдісі және инвестициялардың құнсыздануы бойынша ескерілетін ұйымдардың пайда/шығын үлесі» бабында көрініс табады.
Компанияның 2020 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «СамұрықЭнерго» АҚ келесі еншілес және тәуелді ұйымдарының көрсеткіштері пайдаланылды:
|
Ұйымның атауы
|
Қызмет түрі
|
Дауыс беру құқығы %
|
Қатысу үлесі
|
Тіркелу елі
|
|
Еншілес ұйымдар:
|
|
|
|
|
|
«Алатау Жарык Компаниясы» АҚ
|
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша электр энергиясын беру және тарату
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Алматы электр станциялары» АҚ
|
Алматы қаласында және Алматы облысында электр және жылу энергиясы мен ыстық су өндіру
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
|
Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында электр энергиясын сату
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Шардара СЭС» АҚ
|
Оңтүстік Қазақстанда су электр станцияларында электр энергиясын өндіру
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Мойнақ СЭС» АҚ
|
Алматы облысындағы су электр станцияларында электр энергиясын өндіру
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз
ГРЭС-1» ЖШС
|
Көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Бұқтырма СЭС» АҚ
|
Жалға берілген Бұқтырма су электр станциясының меншік иесі болып табылады
|
90
|
90 %
|
Қазақстан
|
|
«Өскемен СЭС» АҚ
|
Гидроэлектр станциясын жалға берген сәттен бастап бұл компания әрекетсіз болып табылады
|
89,99
|
89,99 %
|
Қазақстан
|
|
«Шүлбі СЭС» АҚ
|
Гидроэлектр станциясын жалға берген сәттен бастап бұл компания әрекетсіз болып табылады.
|
92,14
|
92,14 %
|
Қазақстан
|
|
«Samruk Green Energy» ЖШС
|
Жаңартылатын электр энергиясын дамыту
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС
|
Жел электр станциясында электр энергиясын өндіру
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Казгидротехэнерго» ЖШС
|
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Теплоэнергомаш» ЖШС
|
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру
|
95
|
95 %
|
Қазақстан
|
|
«Energy Solutions» ЖШС
|
Тасымалдау және өзге де қызметтер
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|
|
«Тегіс Мұнай» ЖШС және «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС
|
Газ кен орнын барлау және өндіру
|
100
|
100 %
|
Қазақстан
|