«Самұрық-Энерго» АҚ активтерінің картасы

АКТИВТЕР ҚҰРЫЛЫМЫ

ӨНДІРУШІ
КОМПАНИЯЛАР

ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ

«Алматы электр станциялары» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Алматы Электр Станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру қызметін жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ететін жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Қазіргі кезде өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен Алматы облысының мұқтаждықтарын 70 %-ға жабады.

«АлЭС» АҚ-ның құрылымына мына өндірістік департаменттер кіреді: Б. Оразбаев атындағы ЖЭО-1; А. Жақұтов атындағы ЖЭО-2; ЖЭО-3; Ш. Чокин атындағы Қапшағай СЭС; Алматы СЭС каскады; Батыс жылу кешені; Отын тиеу және түсіру орталығы; «Энергожөндеу» өндірістік жөндеу кәсіпорны.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 7

Басқарма Төрағасы: Қырқынбаев Е.А.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Тұтынушыларға жеткізу үшін электр және жылу энергиясын өндіру.

Жылу және электр энергиясын тікелей өндіру энергия көздерінің энергетикалық жабдықтарына энергия ресурстарын (отын, су) жеткізуден басталады. Энергетикалық қондырғыларда энергия ресурстарының энергиясы (отын, су) соңғы өнімге – электр және жылу энергиясына айналады. Өндірілген электр және жылу энергиясының бір бөлігін өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін энергия көздерінің өздері тұтынады, өндірілген энергияның қалған бөлігі электр және жылу энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде сатылады. Электр және жылу энергиясын өткізу нарығы – Алматы өңірі.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

(1 620)

4 073

5 685

EBITDA

млн теңге

11 147

14 326

17 457

EBITDA Margin

%

17

22

23

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

1 235,7

1 235,7

1 235,7

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт*с

5 599

5 397

5 335

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

4 892

4 726

4 689

Жылу энергиясын өндіру көлемі

мың Гкал

5 617

5 024

5 596

Жылу энергиясын сату көлемі

мың Гкал

5 527

4 980

5 564

Ірі тұтынушылар

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «КазФерроСталь» ЖШС, «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Алматы Электрмен қамтамасыз ету дистанциясы, «Kaz Electro» ЖШС, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «INTA-2006» ЖШС, «Қуат» ЖШС, «Асыл Тас» ҚК» ЖШС, «ГРЭС» жылу кешені» ЖШС, «К.И. Шолпанбекова» ШҚ, «Жылу желілері» ЖШС, «Волна» ЖШС

Экологиялық көрсеткіштер, мың тонна

Әлеуметтік көрсеткіштер, орташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.ales.kz сайтынан қарауға болады.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – Павлодар облысының Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 16 км жерде Жангелді көлінің солтүстік жағасында орналасқан, қуаты 4000 МВт жылу электр станциясы. Кәсіпорын – Қазақстан Республикасындағы қатты отынмен жұмыс істейтін ең ірі жылу электр станциясы және өңірдегі энергия өндіретін негізгі мекеме. Қазақстандағы ең ірі электр станциясы бола отырып, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС сонымен қатар қазіргі қуаты 3500 МВт құрайтын әлемдегі ең ірі көмір электр станциясының бірі болып табылады. Кешен қуаты 500 МВт болатын сегіз энергия блогынан тұрады.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қ., ГРЭС-1 өнеркәсіптік аймағы, 2 ғимарат.

Бас директоры: Көпенов Е.К.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Кәсіпорын Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр энергиясының бір бөлігі (20 %) Ресейге экспортталады. Тұтынушыларға жеткізу үшін электр және жылу энергиясын өндіру. Экспортты қоспағанда, электр энергиясы станцияның шиналарынан жеткізіледі (ҚР-РФ шекарасында).

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

18 072

6 406

4 754

EBITDA

млн теңге

58 979

47 870

43 851

EBITDA Margin

%

47

44

36

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

3 500

3 500

3 500

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт*с

19 122

18 301

19 466

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

18 340

17 642

19 001

Жылу энергиясын өндіру көлемі

Гкал

59,9

132,3

155,4

Ірі тұтынушылар

«Богатырь Көмір» ЖШС, «Энергия ағыны» ЖШС, «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Алматыэнергосбыт» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, «Тau-Ken Temir» ЖШС, «Қазминералз Бозшакөл» ЖШС, «KEGOC» АҚ

Экологиялық көрсеткіштер, шығарындылар мың тонна

Әлеуметтік көрсеткіштер, орташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.gres1.kz сайтынан қарауға болады.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ («СамұрықЭнерго» АҚ – 50 %, «Самұрық-Қазына» АҚ – 50 %)

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – Қазақстанның Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы белгіленген қуат көлемі 1000 МВт болатын жылу электр станциясы.

2018 жылғы 27 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) және «Интер РАО» ЖАҚ (бұдан әрі – ИРАО) арасында «СЭГРЭС-2» АҚ жарғылық капиталындағы 50 % акцияны сатып алу-сату туралы шарт (бұдан әрі – Мәміле) жасалды.

2019 жылдың 13 желтоқсанында Мәмілені жабу бойынша барлық іс-шаралар аяқталды және 2019 жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 50 % акцияға меншік құқығы тіркелді.

Осылайша, қазіргі уақытта «СЭГРЭС-2» АҚ-ның акционерлері – «Самұрық-Энерго» АҚ – 50 % және «Самұрық-Қазына» АҚ – 50 %.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Солнечный поселкесі, АБК, 32-каб.

Басқарма Төрағасы: Сағидулла Дәурен

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ өндірген электр энергиясы тұтынушыға станцияның шиналарынан жеткізіледі. Сатып алушы өз есебінен, өз бетімен Сатушының қатысуынсыз, өңіраралық, ал қажет болған жағдайда өңірлік деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын жеткізу нүктесінен тұтыну нүктелеріне қабылдау мен жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

(6 823)

(3 063)

(3 706)

EBITDA

млн теңге

16 250

17 170

19 843

EBITDA margin

%

42

42

43

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

1 000

1 000

1 000

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт*с

5 436,5

4 928,5

4 974

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

5 161

4 689,5

4 809

Жылу энергиясын босату көлемі

мың Гкал

78,622

82,8

66,9

Ірі тұтынушылар

«Трансэнерго» АҚ, «АХҚЗ» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Лотос-Ақтөбе» ЖШС, «Гоар» ЖШС, «Завод ЖБИ-25» ЖШС, «АС Газ Логистик» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе Құрылыс Комбинаты» ЖШС, «КСМ» өндірістік бірлестігі» ЖШС, «Актобеэнергоснаб» ЖШС, «Энергожүйе» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ, «Трансэнерго» АҚ

Экологиялық көрсеткіштер, шығарындылар мың тонна

Әлеуметтік көрсеткіштер, орташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы (50 %), мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.gres2.kz сайтынан қарауға болады.

СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

«Шардара СЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

Шардара су электр станциясы – Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан, ол Нарын-Сырдария каскадын тұйықтайды.

Гидроторап мақсаты кешенді - ирригация, су тасқынына қарсы күрес, балық өсіру, ауыз сумен қамтамасыз ету, Оңтүстік Қазақстанды энергиямен жабдықтауды оңтайландыру. Су электр станциясында судың қозғалмалы массаларының механикалық энергиясы СЭС ғимаратындағы көптеген қосымша жабдықтармен бірге орналастырылған гидротурбиналар мен гидрогенераторлардың көмегімен электр энергиясына айналады.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қ., Елмұратов көш., 13.

Басқарма Төрағасы: Берлібаев А.А.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Шардара СЭС» АҚ электр энергиясын өндіреді және энергия өндіретін ұйым болып табылады. Алыс қашықтыққа тасымалдау және шығындарды азайту үшін (материалдарды үнемдеу үшін) 10 кВ генератор кернеуі трансформатор арқылы 110 кВ-қа дейін артады. Электр энергиясын тасымалдайтын ұйым болып табылатын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС желісіне ЭКТҚ-110 кВ арқылы электр энергиясын жеткізеді. Әрі қарай электр энергиясы энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, одан соң тұтынушыларға жеткізіледі.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

1 526

(692)

612

EBITDA

млн теңге

2 174

909

4 739

EBITDA Margin

%

66

40

70

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

100/50 МВт 01.03.2018 ж. бастап

50/63 МВт 27.05.2019 ж. бастап

63/126 МВт

*25.02.2020 ж. бастап

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт*с

348,7

464,8

513,5

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

344,6

466,2

521,3

Ірі тұтынушылар

«Энергия ағыны» ЖШС, «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казсбытгрупп» ЖШС, «Энергоснаб ХХІ» ЖШС, «Югэнергоимпульс» ЖШС, «ГарантЭнерго» ЖШС

* гидроагрегаттарды жаңғырту аяқталғанға дейін төмендеді

Әлеуметтік көрсеткіштер, орташа жалақы

Игерілген инвестицялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.sharges.kz сайтынан алуға болады.

«Мойнақ СЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

Қуаты 300 МВт Мойнақ СЭС Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту бағдарламасына сәйкес салынды. Ол Алматы облысы Кеген ауданы Шарын өзенінде орналасқан. Бұл – бүгінде Қазақстан БЭЖ-нің оңтүстік өңірінде (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) электр энергиясының тапшылығын азайтумен, энергияның жоғарғы жүктемелерін жабумен және энергия жүйесіндегі қуатты реттеумен байланысты міндеттерді сәтті шешетін серпінді жобалардың бірі. Кәсіпорынның жоба бойынша орташа жылдық электр қуатын өндіру көлемі 1,027 млрд кВт*с құрайды. Станцияда қолданылатын қазіргі заманғы технологиялық қондырғылар электр энергиясын өндіру процесін мейлінше автоматтандыру мен оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Станцияда техникалық параметрлері мен тиімділігі жоғары соңғы үлгідегі гидроагрегаттар орнатылған.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай а/о, Мойнақ ауылы, 81 үй.

Басқарма Төрағасы: Асылов А.Н.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Мойнақ СЭС» АҚ электр энергиясын өндіреді және энергия өндіретін ұйым болып табылады. Энергия көздерінен тұтынушыларға электр энергиясын босату бойынша жасалған шарттарда келісілген көлемде 110 кВ желілері бойынша жеткізіледі.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

(5 296)

186

8 923

EBITDA

млн теңге

8 060

7 386

17 462

EBITDA Margin

%

79

75

85

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

300

300

300

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт*с

1 036

951

929

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

1 034

952

944

Ірі тұтынушылар

«Жетысу Энерготрейд» ЖШС, «АлматыЭнергоСбыт»ЖШС

Әлеуметтік көрсеткіштер, орташа жалақы

Игерілген инвестицялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.moynak.kz сайтынан алуға болады

«Өскемен СЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 89,99 %)

2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен жасалған концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының республикалық меншігіне берілді.

Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы – Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Аблакетка кенті (заң. мекенжайы). Атқарушы органның орналасқан жері: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27.

«Бұқтырма СЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 90 %)

«Бұқтырма СЭС» АҚ жұмыс көлемінің меншікті шамасы бойынша да, сондай-ақ электр энергиясын өндіру құнының көрсеткіштері бойынша да үнемді су электр станциясы болып табылады.

СЭС-тің белгіленген қуаты 675 МВт-ны құрайды, орташа жылдық өндіру – 2,77 млрд кВт*с. СЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі ең жоғарғы жүктемелерді жабады. 2002 жылы Бұқтырма бөгеті бетон сапасының барлық күтілетін параметрлерден артық болуына байланысты әлемдегі ең мықты бөгет болып танылды.

Негізгі қызмет түрі: меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару, өзге машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалға алу.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070825, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қаласы, Графтио көшесі, 5. Компания жалға берілген.

«Шүлбі СЭС» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 92,14 %)

2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен жасалған концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының меншігіне берілді.

Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы – Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071426, Семей қ,, Шүлбі ауылы.

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС – жаңартылған энергия көздерін қолдау туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық дайындық кезеңдерінен өткен және 2015 жылы 14 тамызда пайдалануға берілген Қазақстандағы баламалы энергия көздерін дамыту саласындағы алғашқы жоба.

Компанияның жел паркі Ақмола облысында, Ерейментау қаласына жақын жерде орналасқан, экология үшін қауіпсіз жұмыс істейтін, біртұтас қуаты 2,05 МВт құрайтын 22 жел турбинасынан тұрады. Іске қосылған сәттен бастап ЖЭС 920 млн кВт*с-тан астам электр энергиясын өндірді.

Осы аралықта 85-метрлік ғимараттар 13 миллиардтан астам теңгеге электр энергиясын өндірді. Барлық өндірілетін электр энергиясының 100 %-ы Қазақстанның Ұлттық электр желісі – «KEGOC» АҚ-ға келіп түседі.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр к., 15А.

Бас директоры: Есхожин Р.К.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіру және оны сатумен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС айналысады.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

436

1 017

1 880

EBITDA

млн теңге

3 201

3 532

3 842

EBITDA Margin

%

72

77

76

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

45

45

45

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт*с

158

153

159,36

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

157

152

159,1

Әлеуметтік көрсеткіштер, орташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.pves.kz сайтынан алуға болады

«Ereymentau Wind Power» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның негізгі қызметі «Ерейментау қ. ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асыру және бұдан әрі электр энергиясын өндіру болып табылады.

Жоба ең көп дегенде 20 жел мұржасынан, әр мұржаға іргелес тұрған кран негіздерінен, ішкі жолдардан, ішкі электр желілерінен, диспетчерлік пункттен және энергия жүйесіне қосылатын қосалқы электр станцияларынан тұрады.

Орналасқан жері: Заңды және нақты мекенжайы – 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр көш.,15а, блок Б.

Бас директоры: Жаңабаев Б.К.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

(167)

(179)

(89)

EBITDA

млн теңге

(161)

(176)

(181)

Әлеуметтік көрсеткіштер, oрташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.ewp.kz сайтынан алуға болады.

«Samruk-Green Energy» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Samruk-Green Energy» ЖШС – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіру бойынша қызметтерді ұсынады. Кәсіпорын шалғай аудандарды орталықсыздандырылған электр қуатымен қамтамасыз ету мүмкіндігін жүзеге асырады.

2015 жылдан бастап қуаты 2 МВт КЭС ТМД мен Орталық Азиядағы бірінші өнеркәсіптік ауқымдағы EnergyPod электр энергиясын жинақтау технологиясын қоса алғанда, ЖЭК инновациялық технологияларын сынауға арналған алаң болып табылады.

2020 жылы серіктестік ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылған 5 МВт Шелек жел электр станциясын іске қосты.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы – Қапшағай қ, Индустриальная көш,. 35/2; нақты мекенжайы, Алматы қ., Зенков к., 59, (Қабанбай батыр бұр.), 3 қабат, №145 кеңсе.

Бас директоры: Бөкенов Т.Ш.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Электр энергиясы «АЖК» АҚ желісі арқылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС атына босатылады. 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164, күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша білікті шартты тұтынушыға электр энергиясының тиісті үлесін есеп айырысу және қайта бөлу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын есеп айырысу және қаржы орталығының орталықтандырылған сатып алу-сату қағидаларына сәйкес, есеп айырысу-қаржы орталығы серіктестікке электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл ішінде өндірілген және серіктестік нысандарының энергия жеткізуші ұйымдарының электр желісіне босатылған электр энергиясының толық көлемін төлейді. Сонымен қатар тіркелген тариф 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 бекітілген тарифтер мен аукционның шекті бағаларын айқындау қағидаларына сәйкес жыл сайын индекстеуге жатады

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

(4)

(42)

(125)

EBITDA

млн теңге

20

36

26

EBITDA Margin

%

14

23

11

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Белгіленген электр қуаты

МВт

2

2,4

7,4

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн кВт*с

3, 232

3,327

7,366

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

3, 117

3,246

7,216

Әлеуметтік көрсеткіштер, oрташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.samruk-green.kz сайтынан алуға болады.

«Энергия Семиречья» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 25 %; Hydrochina Corporation – 50 %; Powerchina Chengdu Engineering Corporation Limited – 15 % және Powerchina Resources Limited – 10 %)

«Энергия Семиречья» ЖШС – электр энергиясын өндіру және сату, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау және салу қызметін көрсететін кәсіпорын. Кәсіпорын 2009 жылы «Шелек дәлізінде келешекте қуаты 300 МВт-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асыру үшін құрылды.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Байсеит ауылы, Абай көш., 92 үй.

Бас директоры: He Junwen

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

(26)

21

(177)

EBITDA

млн теңге

(83)

(123)

(97)

Әлеуметтік көрсеткіштер, oрташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы (25 %), мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.energy7.kz сайтынан алуға болады.

«Казгидротехэнерго» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Казгидротехэнерго» ЖШС — Алматы облысындағы жиынтық қуаты 60,8 МВт болатын төрт шағын СЭС (ҮАК-1, ҮАК-2, СЭС-19, СЭС-29) салу жобаларын іске асыратын компания.

Серіктестіктің қызметі ЖЭК-ті пайдалана отырып электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдаланатын объектілерді, дербес техникалық құрылғыларды және онымен байланысты құрылыстарды жобалауға, салуға бағытталған.

Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы қ., Қонаев көш,. 21 Б, БО «Сат», 62А кеңсе.

Бас директоры: Буханов М.Е.

«Теплоэнергомаш» ЖШС («Казгидротехэнерго» ЖШС – 95 %)

«Теплоэнергомаш» ЖШС-ның негізгі мақсаты – Үлкен Алматы каналында жалпы қуаты 12 МВт болатын екі электр станциясын салу. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек өзенінде жиынтық қуаты 26 МВт (Алматы облысы) СЭС-да ҮАК 1, 2 мен 19 СЭС-ын салу жоспарланып отыр.

Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату.

Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13, «Нұрлы Тау» БО, 1В-к., 505 кеңсе.

Директоры: Әділов Е.Х.

ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ
СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАР

«Богатырь Көмір» ЖШС (Forum Muider B.V. – 100 %)

«Богатырь Көмір» ЖШС – ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша әлемдегі аса ірі кәсіпорындардың бірі. «Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 59 %-ы және ҚР-дағы жалпы көмір өндіру көлемінің 39,5 %-ы тиесілі.

«Богатырь Көмір» ЖШС бойынша бекітілген көмір қоры шамамен 2,9 млрд тоннаны құрайды. «Богатырь Көмір» ЖШС бойынша көмір қоры горизонтқа дейін минус 200 м (үстіңгі бетінен өлшегендегі тереңдігі 400 м) бекітілген. Кәсіпорынның қазіргі қуаты жағдайында көмір қоры кемінде 70 жыл жұмыс жасауға жетеді. 1970 жылы пайдалануға берілген «Богатырь» кесігі 5, 6, 9, 10 алаңдарда (учаскелерде) көмір қорын игереді. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 280 метрге жетті (белгі: Балтық теңізінің деңгейінен Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 80 м горизонт).

«Северный» кесігі 1954 жылы пайдалануға берілді, көмір өндіру 1, 2, 3, 4 алаңдарында (учаскелерде) жүргізіледі. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 230 метрге жетті (белгі: Балтық теңізінің деңгейінен Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 30 м горизонт).

Екібастұз бассейнінің негізгі өнеркәсіптік қабаттары – орташа қуаты 160 м және жайғасу тереңдігі 670 метрге дейін 1, 2, 3, 4 қабаттар. Бассейн бойынша көмірдің жалпы қоры – 9 млрд тоннадан артық.

«Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» және «Северный» кесіктері бойынша бекітілген көмір қоры, млн тонна

«Богатырь Көмір» ЖШС бойынша барлығы

Қабат

Бекітілген қорлар

1

397,9

2

630,8

3

1 401,7

4

484,6

Барлығы:

2 915,0

Оның ішінде: «Богатырь» кесігі бойынша (5, 6, 9, 10 учаскелер)

Қабат

Бекітілген қорлар

1

198,1

2

332,8

3

739,4

4

278,7

Барлығы:

1 549,0

«Северный» кесігі бойынша (1, 2, 3, 4 учаскелер)

Қабат

Бекітілген қорлар

1

199,8

2

298,1

3

662,2

4

205,9

Барлығы:

1 366,0

Орналасқан жері::Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қ., Строительная көш., 23.

Бас директоры: Корсаков Н.Н.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Богатырь Көмір» ЖШС орташа жану жылулығы ~ 4 000 Ккал/кг, күлділігі ~43 %, ылғалдылығы ~5 % КСН маркілі көмірді өндіреді.

Кәсіпорын энергетикалық көмірді Қазақстан Республикасы ішкі нарығының өндіруші объектілеріне жеткізеді, Ресей Федерациясына экспортқа шығарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етеді. Көмір Қазақстан Республикасының жылу электр станцияларына көмір жеткізудің тікелей шарты бойынша Ресей Федерациясының электр станцияларына трейдер арқылы сатылады.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату «Биржалық тауарлар тізбесін және тауарлық биржалар арқылы сатылатын ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

28 334

26 917

24 093

EBITDA

млн теңге

41 441

40 415

36 728

EBITDA Margin

%

45,5

43

36

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Атауы

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Көмір өндіру көлемі

млн тонна

44,9

44,8

43,3

ҚР-дағы көмір сату көлемі

млн тонна

35,6

33,8

33,4

өз ЭС-ға

млн тонна

18,1

17,5

17,8

сыртқы ЭС-ға

млн тонна

15,9

16,3

15,6

Көмірді экспорттау көлемі

млн тонна

9,6

10,9

10,1

Ірі тұтынушылар

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-1, ЖЭО-2; «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС ЖЭО-1, ЖЭО-3; «Севказэнерго» АҚ ЖЭО-2, Петропавл ЖЭО-2, Рефтинск ГРЭС-і, Троицк ГРЭС-і және Курган ЖЭО

Экологиялық көрсеткіштер, шығарындылар мың тонна

Әлеуметтік көрсеткіштер, oрташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы (50 %), мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.bogatyr.kz сайтынан алуға болады.

«Тегіс Мұнай» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Тегіс Мұнай» ЖШС-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Придорожное» кен орнында жер үсті инфрақұрылымын салу және жайластыру, «Придорожное» кен орнынан Бейнеу – Бозой – Шымкент магистралды газ құбырына дейін газ құбырын салу, газды өндіру, өңдеу және сату болып табылады. «Тегіс Мұнай» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚның инвестициялық жобасы болып табылады, табыс алу 2020–2021 жж. жоспарланып отыр.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Асқаров көш., 40.

Директоры: Уваков К.А.

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС («Тегіс Мұнай» ЖШС – 100 %)

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС 30.07.2018 ж. № 4631-УВС-МЭ Контракт негізінде Түркістан облысының Придорожное кен орнында газды барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылады. Жоба газ кен орнын әзірлеуді көздейді. Негізгі міндет өңірде газ тапшылығының орнын толтыру, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік көмекті және бюджетке салық аударымдарын арттыру мақсатында кен орнын өнеркәсіптік пайдалану болып табылады.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Рахат ш/а, Асқаров көш., 40.

Директоры: Каракушиков Е.

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.mangyshlak-munay.kz сайтынан ала аласыз

«Energy Solutions Center» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

«Energy Solutions Center» ЖШС – «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобына әкімшілік қолдау көрсететін сервистік ұйым.

Қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:

  • IT-инфрақұрылымды қолдау қызметтері;
  • интернет-ресурстарға қызмет көрсету;
  • көлік қызметтерін ұсыну;
  • жылжымайтын мүлікті басқару қызметтері (жалға алу, сатып алу, құрылыс);
  • Негізгі қызмет түрі: арнайы кеңсе қызметтері (персонал аутсорсингі), ІТ-қызметтері, көлік қызметі.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 15А.

Бас директоры: Абдуллин А.М

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн тенге

89

3

27

EBITDA

млн тенге

122

68

121

EBITDA Margin

%

13

6

9

Әлеуметтік көрсеткіштер, oрташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның: www.e-s-center.kz сайтынан ала аласыз

ТАРАТУШЫ ЖӘНЕ
ӨТКІЗУШІ КОМПАНИЯЛАР

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («Самұрық-Энерго» АҚ – 97,4 %, «АЖК» АҚ – 2,6 %)

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 2,5 миллион халықты электр энергиясымен қамтамасыз ететін өңірлік ірі электр желілік компания, ол 30 мың км-ден астам электр желілерін, 35 кВ және одан жоғары 208 қосалқы станцияны және 7 085 трансформаторлық қосалқы станцияларды басқарады. Желілерге Алматы қаласы бойынша жеті АЭС және Алматы облысы бойынша он АЭС қызмет көрсетеді, қызмет көрсету ауданы 102 382 шаршы км. «АЖК» АҚ-ның басты міндеті – халықты сенімді және сапалы электр энергиясымен жабдықтау.

Алматы өңірінде электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында 2007–2020 жж. аралығында 38 қосалқы станция салынып, жаңғыртылды, трансформатор қуатының өсімі 3500 МВА-ны құрады.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас көш., 24 Б.

Басқарма Төрағасы: Үмбетов М.А.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Өңірлік электр желілік компаниялар электр тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу функцияларын өз баланстық тиесілілік шегінде жүзеге асырады.

«АЖК» АҚ электр желілік компаниясы 220/110/35/6- 10/0,4 кВ кернеу кластары бар Алматы энергия торабы электр желілерінің негізгі бөлігін құрайды. Ол Алматы облысында орналасқан және солтүстігінде Балқаш көлінің жағасынан оңтүстігінде Қырғызстан шекарасына және батысында Жамбыл облысының шекарасынан шығысында Қытай шекарасына дейін созылып жатыр.

Энергия өндіретін ұйымдардан электр энергиясын соңғы тұтынушыға жеткізу.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

5 860

2 719

3 366

EBITDA

млн теңге

15 980

12 408

11 966

EBITDA Margin

%

40

33

29

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Атауы

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

ЭЖЖ-220 кВ

км

457,79

457,79

457,79

ЭЖЖ-110 кВ

км

2 898,21

2 881,76

2 880

ЭЖЖ-35 кВ

км

2 602,87

2 603,01

2 604,72

ЭЖЖ-10 кВ

км

10 854,8

10 903,46

10 951.46

ЭЖЖ-6 кВ

км

1 744,9

1 765,65

1 792,23

ЭЖЖ-0,4 кВ

км

10 972,05

11 659,81

11 771,74

ҚС-220 кВ

дана

9

8

8

ҚС-110 кВ

дана

95

95

95

ҚС-35 кВ

дана

105

106

106

Электр энергиясын жеткізу

млн кВт*с

6 796

6 961

6 838

Тұтынушылар (коммерциялық және басқа) саны

дана

21

21

21

Экологиялық көрсеткіштер, шығарындылар мың тонна

Әлеуметтік көрсеткіштер, oрташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Толық ақпаратты компанияның www.azhk.kz сайтынан алуға болады.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС («Самұрық-Энерго АҚ – 100 %)

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС – электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығының барлық субъектілерінің алдында өз тұтынушыларының мүдделерін білдіретін кәсіпорын.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысы өңіріне (Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары және Қапшағай қаласы) электр энергиясын кепілді жеткізуші болып табылады.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС клиенттерінің арасында 34 мыңнан астам заңды тұлға және 830 мыңға жуық жеке тұтынушы бар. Ұйымның құрылымына 17 аудандық бөлімше (РОЭС) мен Байланыс орталығы кіреді. Клиенттердің қанағаттану деңгейі жыл сайын артып, 100 %-ға жақындады.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қожамқұлов көш., 170А.

Бас директоры: Жарылқасымов Е.Т.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Энергия жеткізуші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу және энергиямен жабдықтау туралы шарттардың негізінде түпкілікті тұтынушыға сату. Электр энергиясына тарифтерді қалыптастыру Табиғи монополияларды реттеу комитетінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Таза табыс/залал

млн теңге

42

(1 185)

(4 035)

EBITDA

млн теңге

361

(1 499)

(4 796)

EBITDA Margin

%

0,37

(1,5)

(4,5)

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Электр энергиясын сату көлемі

млн кВт*с

5 904,3

6 218

6 055,5

Электр энергиясын сату бойынша орташа тариф

теңге/кВт*с

16,42

16,11

17,67

Тұтынушылар тобы

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Халық

785 393

811 295

835 509

Тұрмыстық емес тұтынушылар, оның ішінде:

31 632

32 939

34 171

- Өнеркәсіптік және оларға теңестірілген тұтынушылар

1 932

1 934

1 952

- Бюджеттік ұйымдар

1 234

1 228

1 295

- Өзге тұтынушылар

28 466

29 777

30 924

БАРЛЫҒЫ:

817 025

844 234

869 680

Әлеуметтік көрсеткіштер, oрташа жалақы

Игерілген инвестициялар сомасы, мың теңге

Полную информацию можно посмотреть на сайте компании:www.esalmaty.kz

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ АКТИВТЕРІНІҢ КАРТАСЫ