Компания іскери әдет-ғұрыптан және белгілі бір юрисдикциядағы бизнесті жүргізудің басқа жағдайларынан тәуелсіз іскерлік этика, ашықтық және заңдылықтың жоғары стандарттарын ұстанады.
Комплаенс бағытының негізгі міндеті «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобының қызметінде туындайтын комплаенс-тәуекелдерді анықтау, бағалау, болдырмау және бақылау іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру және комплаенс тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Компанияда бүкіл Қазақстан бойынша барлық еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлеріне қол жетімді көп арналы call-орталығы қызмет көрсететін бірыңғай «Жедел желі» жұмыс істейді.
Сауалнама нәтижелері бойынша сұралғандардың 86 %-ы «Жедел желі» жұмысына сенетіні анықталды, сондай-ақ жұмысқа қанағаттану 70 %-ды құрады.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын, әрі сақталуы Компанияда жеке мүдделер мен байланыстардың ықпалымен шешімдер қабылдау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретін талаптарды анықтау мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізіледі.
2018 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ-да Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты қолданылады, оның аясында басшы қызметкерлер, бөлім басшылары және одан жоғары басшылар мүдделер қақтығысының жоқ екендігі туралы декларация толтырады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы бос лауазымдар мен еншілес және тәуелді ұйымдардағы басқарушы лауазымдарға үміткерлерді (лауазымдар тізбесіне сәйкес) іріктеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығыстарын болдырмау мақсатында оларды алдын ала біліктілік талаптарына сәйкестігіне және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының лауазымды тұлғаларымен үлестестігіне тексереді.
«Комплаенс» қызметі мүдделер қақтығысының орын алу жағдайларын үнемі қадағалап отырады, 2020 жылы 1 ықтимал мүдделер қақтығысы реттелді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Компания мынадай қағидаттарға негізделген өз ұстанымын қалыптастырды:
- Комплаенс жүйесін дамытуға басшылық тарапынан белсенді қызығушылық таныту және қолдау көрсету. Компанияның Директорлар кеңесі комплаенс бағдарламасын іске асыру туралы есептерді кезеңдік негізде қарайды.
- Компания сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және одан әрі өзектендіру бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.
- Компания анықталған тәуекелдердің деңгейі мен сипатына жауап беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша рәсімдерді әзірлейді және енгізеді, ішкі саясат пен рәсімдерді жетілдіреді және өзектендіреді.
- Компания қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестік қағидаттары мен стандарттарын оқыту бағдарламасын іске асырады және қолдайды.
- Компания сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша енгізілген рәсімдердің тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
- Компанияны сыбайлас жемқорлыққа тарту тәуекелін азайту мақсатында Компанияда контрагенттерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға қатысты да адалдықты (Due diligence) тексеру рәсімдері әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының қызметкерлері үшін комплаенс саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қабылдаған талаптарды түсіндіру бойынша тұрақты түрде оқыту іс-шаралары жүргізіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының барлық қызметкерлері Мінез-құлық кодексінің, Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының талаптарымен 100 % танысты, сондай-ақ қызметкерлер тестілеуден өтті.
2020 жылы сыбайлас жемқорлық қызметі аясында мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
2020 жылы 6 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 365-VI Заңға қол қойды.
Осы заңнаманың талаптарына сәйкестендіру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ талаптарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да корпоративтік комплаенс мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 12 қарашасында Корпоративтік орталық (офлайн) пен еншілес және тәуелді ұйымдардың (онлайн) басшы құрамы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен кеңес өткізілді. Кеңесте заңнаманың сыйлықтар бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін кеңейтуге қатысты жаңа талаптары түсіндірілді.
Оқыту
|
Атауы |
Барлығы |
Әкімшілік-басқару персоналы |
Өндірістік персонал |
Оқыту нақты |
|
«Самұрық-Энерго» АҚ |
195 |
195 |
0 |
100 % |
|
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС |
565 |
57 |
508 |
100 % |
|
«Мойнақ СЭС» АҚ |
116 |
19 |
97 |
100 % |
|
«Шардара СЭС» АҚ |
137 |
18 |
119 |
100 % |
|
«Екібастұз ГРЭС-2» АҚ |
1 504 |
107 |
1 340 |
100 % |
|
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ |
3 922 |
168 |
3 754 |
100 % |
|
«АлЭС» АҚ |
3 158 |
220 |
2 938 |
100 % |
|
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС |
1 422 |
142 |
1 280 |
100 % |
|
«Богатырь Көмір» ЖШС |
6 584 |
490 |
5 933 |
100 % |
|
«Samruk-Green Energy» ЖШС |
24 |
10 |
14 |
100 % |
|
«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС |
22 |
11 |
11 |
100 % |
|
«БЖЭС» ЖШС |
26 |
11 |
15 |
100 % |
|
«Энергия Семиречья» ЖШС |
21 |
21 |
0 |
100 % |
|
«Бұқтырма СЭС» АҚ |
10 |
10 |
0 |
100 % |
|
«Тегіс Мұнай» ЖШС |
3 |
3 |
|
|
|
«Ereymentau Wind Power» ЖШС |
16 |
15 |
0 |
100 % |
|
«Казгидротехэнерго» ЖШС |
1 |
1 |
0 |
100 % |
|
«Energy Solutions Center» ЖШС |
57 |
21 |
36 |
100 % |
|
БАРЛЫҒЫ |
17 783 |
1 520 |
16 105 |
100 % |
Жыл сайын Қоғам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ішкі құжаттардың талаптарын білу бойынша тексерулер жүргізіледі.
2020 жылы Компанияның «Комплаенс» қызметі «Жедел желіге» түскен өтініштер бойынша 10 комплаенс-тексеру жүргізіп, еншілес және тәуелді ұйымдарда ішкі нормативтік құжаттар мен заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.
Еншілес және тәуелді ұйымдардағы тексерулер мен тергеулердің нәтижелері бойынша тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ басшылар мен жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2020 жылдың қорытындылары бойынша Компаниялар тобында еншілес ұйым басшысының іс-әрекетінде орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген жоқ.
ОМБУДСМЕН
Пошталық мекенжайы: o.bekbas@samruk-energy.kz
Телефон: +7 (7172)
69-23-56
Омбудсмен тәуелсіз тарап ретінде әрекет ете отырып, Компанияда корпоративтік құндылықтар мен мәдениетті, кәсіби мінез-құлық пен іскерлік этиканың жоғары стандарттарын орнықтыруға және дамытуға ықпал етеді.
Омбудсменнің міндеттері:
- еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ қызметкерлердің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу;
- қадағалайтын Компанияның рейтингі мен имиджін арттыруға, қақтығыстар мен даулардың алдын алуға, оларды реттеуге жәрдемдесу;
- Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің арасында бейресми қарым-қатынасты қамтамасыз ету, осы негізде проблемалар мен жетілдіруге арналған бағыттарды, Компанияның саясаты мен рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды уақытылы анықтау;
- Омбудсмен Директорлар кеңесінің/Байқаушы кеңестің, ал болған жағдайда Директорлар кеңесінің/ Байқаушы кеңестің жанындағы Аудит комитетінің қарауына өздері анықтаған жүйелі сипаттағы және тиісті (кешенді шаралар) қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді шығарады, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстарды ұсынады.
2020 жылдың нәтижесі бойынша Омбудсменге түрлі сипаттағы ауызша өтініштер, барлығы 20 өтініш келіп түсті. Барлық өтініш білдірушілер өз сауалдары бойынша толық, тиянақты жауап алды. Өтініштер мен оларға берілген жауаптар тұтастай алғанда Компанияның әлеуметтік тұрақтылығына жағымсыз әсерін тигізбеді. Омбудсменге нәсілдік, діни ұстаным, ұлттық, жыныстық, жас ерекшелік, саяси және басқа да кемсітушілікке қатысты ешбір өтініш жасалған жоқ. Осыған орай жазбаша өтініштер де жасалмады.