Маңызды қаржылық оқиғалар
|
Күні |
Оқиға |
|---|---|
|
2020 ж. |
2019 жылдың желтоқсанында алғаш рет Қытайдан жаңа вирустың пайда болғандығы туралы жаңалықтар айтыла бастады. 2020 жылғы 11 наурызда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусының жаңа түрінің пандемиясын жариялады. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес ел аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 11 мамырға дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізілді. Қазақстанның көптеген қалалары карантин режиміне көшті, сондай-ақ 2020 жылғы 30 наурыз бен 11 мамыр аралығында көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі тоқтатылды. Пандемияға жауап ретінде қазақстандық билік COVID-19 індетінің таралуын болдырмау және әсерін тежеуге бағытталған көптеген шараларды жүзеге асыруда, мысалы, алыс сапарларға тыйым салу, карантин, іскерлік белсенділікке шектеулер және т. б. Бұл шаралар Қазақстандағы экономикалық белсенділікті елеулі түрде шектеп, жағымсыз әсер етуде, және де белгісіз уақыт кезеңінде бизнеске, нарық қатысушыларына, Қоғам клиенттеріне, сондай-ақ Қазақстан және әлемдік экономикаға жағымсыз әсерін жалғастыра бермек. Бұған қоса, 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК мүшелері мен басқа да ірі мұнай өндіруші елдер арасындағы келіспеушіліктер аясында мұнай бағасы төмендеді, Brent маркалы мұнайдың құны 2020 жылғы наурызда барреліне 25 доллардан төмендеді. 2020 жыл басталғаннан бергі теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануы шамамен 10 %-ды құрады. 31.12.2020 ж. жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 51,80 АҚШ долларын құрап отыр, баға одан әрі өседі деген болжам бар. Қазіргі уақытта жағдай одан әрі күрделене түсуде. Бұған қоса Компанияның пайда түсімі мен жеткізіліміне қатысты да айтарлықтай нәтиже байқала қойған жоқ. Топта электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылы 31,4 млрд кВт*с құрады, бұл жоспардан 3 %-ға және өткен кезеңдегі көрсеткіштерден 4 %-ға жоғары. Өткен жылға қарағанда өндіріс көлемі ұлғаюының негізгі факторы ҚР солтүстігі мен оңтүстігінде электр энергиясын тұтынудың 2,3 %-ға өсуі болып табылады. Сондай-ақ, топтың ҚР-да электр энергиясын өндірудегі үлесі 2020 жылдың нәтижесі бойынша 29 %-ды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 %-ға жоғары. 2020 жылы түсім 283 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 %-ға жоғары. Топтың EBITDA көрсеткіші 99,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 21 %-ға жоғары. Өткен жылмен салыстырғанда түсім мен EBITDA өсімінің негізгі драйвері электр энергиясына тарифтер мен өндіру көлемінің өсуі болып табылады. Осындай жағдайда болашақтағы ахуалды болжау қиын. Қоғам жоғарыда көрсетілген оқиғалардың ықтимал әсерін қадағалауды жалғастырып, бизнеске әсер етуі мүмкін теріс салдарларды алдын алу үшін, мынадай барлық қажетті шараларды іске асырмақ: COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтап қалу/карантин салдары жалпы іскерлік белсенділіктің баяулауына әкелмек, бұл болашақта «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының қаржылық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін; ОПЕК мүшелері мен басқа да ірі мұнай өндіруші елдер арасындағы жаңа уағдаластықтар аясында Қазақстан мен Ресей өндіру деңгейін қысқарту бойынша міндеттемелер қабылдады; теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының одан әрі құнсыздануы Компанияның қаржылық нәтижелеріне теріс әсер етеді. Десек те, Компанияның қаржылық тұрақтылығына оң әсер ететін жайттар да болды: ҚР ЭМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіле отырып, электр энергиясына тарифте ескерілетін тіркелген пайданы айқындау әдістемесі бекітілді, бұл өзіндік құнды толық жабудан басқа, ЭӨҰ электр энергиясын өткізуден рентабельділік алуға мүмкіндік береді. |
|
1 қаңтар 2020 ж. |
Қарыз қаражатын тарту арқылы ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырып жатқан ЕТҰ үшін 2019 жылы ҚР ЭМ-мен инвестициялық келісімдер жасалды және қуатқа жеке тарифтер бекітілді. «АлЭС» АҚ және «ШГЭС» АҚ үшін тарифтер 01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізілді, ал «ШарГЭС» АҚ үшін тарифтер 01.03.2020 ж. бастап енгізілді. |
|
30 қаңтар 2020 ж. |
Инвестициялық бағдарламаларды қарауға жіберу қағидаларына сәйкес (ЭМ 28.11.2017 ж. № 416 Бұйрығы) «Қуаты 500 МВт № 1 Энергия блогын қалпына келтіру» жобасына қатысты инвестициялық келісім жасасу мақсатында ЕГРЭС-1 Нарық кеңесінің қарауына тиісті инвестициялық бағдарламаны жіберді. Нарық кеңесінің инвестициялық бағдарламаны уәкілетті органда одан әрі қарауға оң ұсынымы алынды. |
|
21 мамыр 2020 ж. |
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату, қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясының тиісті үлесін күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша білікті шартты тұтынушыға қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді. Өзгерістер ЖЭК объектілеріне Қағидалардың 106-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдерді «ЕҚО» ЖШС алдындағы міндеттемелерді орындамауды болдырмау шеңберінде өтініш берушінің өтінішіне сәйкес (еркін нысанда) күнтізбелік 1 жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартуға мүмкіндік береді. |
|
22 мамыр 2020 ж. |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен жаңа «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесі» бекітілді. Әдістемеде «өтпелі кезең» қарастырылған, оның барысында тіркелген пайда 2019 жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарға сүйене отырып есептеледі және 11,79 % деңгейінде белгіленеді. RAB-реттеуге толыққанды көшу 01.01.2021 ж. бастап жүзеге асырылады. |
|
17 маусым 2020 ж. |
«Инвестициялық бағдарламаларды қарауға, қарауға және іріктеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес инвестициялық келісімдер шеңберінде инвестициялардың жол берілетін көлемі 10 %-дан 30 %-ға дейін ұлғайтылды (заттай көріністе 10-нан 30 млрд теңгеге дейін), бұл өндіргіш қуаттарды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға салаға инвестициялардың құйылуына ықпал етеді. |
|
18 маусым 2020 ж. |
«ГРЭС-1» ЖШС мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ арасында несиелік желіге рұқсат беру туралы келісімге қосымша келісім жасасу арқылы несиелік лимит 38 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. |
|
22 маусым 2020 ж. |
«Шардара СЭС» АҚ Еуропалық Қайта Құру және даму банкінен ағымдағы өтімділік коэффициентін мерзімсіз жоюға келісім-хат (waiver) алды. |
|
26 маусым 2020 ж. |
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі қоғамның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді несиелік рейтингтерін «ВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»; шетелдік валютадағы қысқа мерзімді несиелік рейтинг «В» деңгейінде; Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «А+(kaz)» деңгейінде, болжам «Тұрақты». Агенттік сондай-ақ Қоғамның несие төлеу қабілеттілігін дербес негізде бағалауды «B» деңгейінен «В+» деңгейіне дейін, Қоғамның шетелдік және ұлттық валютадағы басымдылық қамтамасыз етілмеген рейтингтерін «BB-»деңгейінен «ВВ» деңгейіне дейін және Ұлттық басымдылық қамтамасыз етілмеген рейтингін «А-(kaz)» деңгейінен «А+(kaz)» деңгейіне дейін көтерді. |
|
29 маусым 2020 ж. |
ҚР Энергетика министрлігі станциялар үшін электр энергиясының 01.07.2020 ж. бастап қолданысқа енгізілген шекті тарифтерін жариялады. «ЕГРЭС-2» АҚ және «АлЭС» АҚ ЕТҰ-лары үшін тарифтер 18 %-ға өсіріліп бекітілді. «ЕГРЭС-1» ЖШС үшін тарифтің өсуі 0,7 %-ды құрады. «МГЭС» АҚ үшін тариф қолданыстағы деңгейде сақталды. Ал «ШарГЭС» АҚ үшін тариф 7,1 %-ға төмендеді. Станциялардағы шекті тарифтердің өсуін ескере отырып, ЕТҰ – «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 24.07.2020 ж. ТМРЕМ-ге 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап электрмен жабдықтау тарифінің ұлғаюын келісуге өтінім-хабарлама берді. Жобаланатын тариф 19,38 теңге/кВт*с (қолданыстағы тарифке қарағанда 13,2 % өсіммен) құрайды. |
|
19 тамыз 2020 ж. |
Тепе-тең акционерлері «Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылатын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгеге шетел валютасындағы барлық міндеттемелерді қайта қаржыландырды. Осылайша, станция валюталық тәуекелдерді толық көлемде нивелирледі, кепілзатты босатты, ілеспе шығыстарды оңтайландырды. |
|
27 тамыз 2020 ж. |
2021 жылғы 29 қыркүйекке дейін «ГРЭС-1» ЖШС-нің «Сбербанк России» АҚ ЕБ несиелік желісі ұзартылды. |
|
6 қараша 2020 ж. |
Алматы қаласы бойынша ТМРБҚ 06.11.2020 ж. № 126-НҚ бұйрығымен АЖК үшін 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңге тарифтер бекітілді. 2021 жыл – 6,04 теңге/кВт*с; 2022 жыл – 6,42 теңге/кВт*с; 2023 жыл – 6,69 теңге/кВт*с; 2024 жыл – 7,10 теңге/кВт*с; 2025 жыл – 7,36 теңге/кВт*с. |
|
18 қараша 2020 ж. |
«КОРЭМ» АҚ Сауда алаңында 2021 жылға арналған электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді. Сауда-саттық қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ 2 768 МВт, оның ішінде АлЭС – 490 МВт, ЕГРЭС-2 – 625 МВт, ЕГРЭС-1 – 1 653,91 МВт сатты. |
|
2020 ж. |
Ерейментау қаласында 50 МВт ЖЭС құрылысы жобасын қаржыландыру мақсатында «Богатырь Көмір» ЖШС циклдық-ағындық технологиялар жобасын қаржыландыру мақсатында 43 млн еуро сомасына және 6,9 млрд теңге сомасына ЕАДБ қарыз қаражатын игеру жүзеге асырылды. |
|
3 желтоқсан 2020 ж. |
Инвестициялық бағдарламаларды қарауға рұқсат беру қағидаларына сәйкес (ЭМ 28.11.2017 ж. № 416 Бұйрығы) Энергетика министрлігі инвестициялық келісімдер жасалатын электр станцияларының тізіміне ЭГРЭС-1 станциясын «Қуаты 500 МВт № 1 Энергия блогын қалпына келтіру» жобасымен енгізді. |
|
7 желтоқсан 2020 ж. |
Мемлекет басшысы маневрлік қуаттар құрылысын ынталандыру, ЖЭК қолдауға толассыз тариф белгілеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ЖЭК саласындағы қолданыстағы заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздері мен электр энергетикасын пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. |
|
14 желтоқсан 2020 ж. |
Директорлар кеңесі Компанияның қаржылық тұрақтылығын растап, несиелік тәуекелдің «жасыл» аймағын белгіледі. |
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Өткен 2020 жыл COVID-19 вирусының әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да таралуы салдарынан орын алған жалпы қолайсыз экономикалық жағдаймен сипатталады. Halyk Finance сараптамалық есебіне сәйкес, 2020 жылдың 4-тоқсанында мұнайдың әлемдік бағасының өсуі, карантиндік шаралардың әлсіреуі, номиналды жалақының екі таңбалы өсуі және бизнестің шектеулерге бейімделуі арқасында экономикадағы жағдай жақсы жаққа бет бұра бастады.
Қазақстан экономикасы 2020 жылдың соңына қарай ЖІӨ деңгейінің жыл ішінде 2,1 % г/г деңгейіндегі ең аз мөлшерде қысқаруымен негізгі көрсеткіштердің жақсарғанын көрсетті. Жалпы алғанда 2020 жылы ЖІӨ 2,6 % г/г қысқарды, ал экономика соңғы екі онжылдықта алғаш рет рецессияға ұшырады.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша инфляция 2020 жылдың 4-тоқсанында бір жыл ішінде 2,6 % деңгейіне дейінгі ең жоғарғы деңгейге жетті, бұл ретте жылдық инфляция соңғы жылдардың көрсеткіштерінен едәуір асып түсті. Инфляциялық қысым себептеріне ұлттық валютаның әлсіреуі, мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы (2019 жылғы ЖІӨ-нің 20 % деңгейіне қарағанда ЖІӨ-нің 24 % болуы) реттелетін тарифтердің өсуі (2019 жылғы 2.7 % қарағанда +3.5 %) және азық-түлік нарығындағы дүрлікпе негіз болды.
Жыл бойы реттеуші органдар сыртқы экономикалық конъектураның нашарлауына байланысты валюта нарығында белсенді саясат жүргізді, бұл ұлттық валюта бағамының одан әрі құлдырауын тоқтатуға мүмкіндік берді. Бір жыл ішінде ұлттық валюта 10,4 %-ға дейін әлсіреп, бір доллар бағасы 420,71 теңге болды, 2020 жылғы 4-тоқсанда 2,0 %-ға нығайды. 4-тоқсанда ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың негізгі факторы мұнай бағасының барреліне 26,5 %-ға, 51,8 долларға дейін өсуі болды.
Желтоқсан айында реттеуші өтімділікті басқару дәлізін +/-1,5 %-дан +/-1 %-ға дейін азайта отырып, базалық мөлшерлемені 9 % деңгейінде сақтап қалды. Базалық мөлшерлеменің негізгі параметрлері инфляция 5,3-5,4 % мөлшерінде болған дағдарысқа дейінгі деңгейге шықты. Ол кезде реттеуші ақша-несие шарттарын бейтарап деп белгіледі. Қазір инфляция 7,4-7,5 % деңгейінде қалыптасып, мөлшерлеме дағдарысқа дейінгі деңгейге сәйкес келген кезде, мұндай ақша-несие жағдайларын ынталандырушы деп сипаттауға болады (Halyk Finance дереккөзі).
Валюта бағамдарының өзгерісі:
|
|
31.12.2019 жыл |
31.12.2020 жыл |
% |
|---|---|---|---|
|
KZT/USD |
381,18 |
420,71 |
110 |
|
KZT/EUR |
426,85 |
516,13 |
121 |
|
KZT/RUB |
6,17 |
5,65 |
92 |

ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
Қоғамның 2020 жылғы Электр энергетикасы және көмір салаларындағы жұмысы бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы шоғырландырылған есепті жасау кезінде бірыңғай ұстанымды сақтау мақсатында үлестік қатысу әдісі қолданылады. Бұдан басқа, қолданыстағы есепке алу саясатына сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді көрсету бастапқы құн бойынша, яғни қайта бағалау есепке алынбай жүргізіледі. Еншілес компаниялар шоғырландырылған қаржылық есептілікке сатып алу әдісі бойынша енгізіледі. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтер, сондай-ақ бизнесті біріктіру кезінде алынған міндеттемелер мен шартты міндеттемелер бақыланбайтын қатысу үлесінің мөлшеріне қарамастан, сатып алу күніндегі әділ құн бойынша көрсетіледі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, шоғырландырылған теңгерімде үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Forum Muider B.V.» көмір активтері компаниясы сияқты ірі компаниялардың айналымдары алып тасталды, осы компаниялардағы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның иелену үлесі 50 %-ды құрайды.
«Самұрық-Энерго» АҚ шоғырландырылған қаржылық нәтижесін қалыптастыру кезінде осы компаниялар бойынша пайданың үлесі «ұйымдардың үлестік қатысу және инвестициялардың құнсыздануы әдісі бойынша ескерілетін пайдасының/залалының үлесі» бабында көрсетіледі.