«ҚҰРЫЛҒАН ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰН» АСПЕКТІСІ
Қоғам қызметінің экономикалық тиімділігі құрылған және бөлінген экономикалық құн кестесінде көрсетілген.
Құрылған экономикалық құн Қоғамның кірісін қалыптастырудың негізгі көздерін, атап айтқанда, электр энергиясын өндіруден, жеткізуден және сатудан, сондай-ақ көмір сатудан түскен кіріс пен алынған сыйақыны көрсетеді.
Құрылған құн өнім берушілер мен мердігерлер, Компанияның қызметкерлері, акционерлер мен кредиторлар, мемлекет, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар арасында бөлінеді
|
Үлестірілген экономикалық құн |
|
|---|---|
|
Өнім берушілер мен мердігерлерге төлемдер |
Операциялық шығындар – материалдар, өнім компонеттері, жабдықтар мен қызметтер үшін төлемдер және жалдау төлемдері және т. б. бойынша контрагенттерге төленетін ақша |
|
Қызметкерлерге төленетін төлемдер |
Жалақы қоры, әлеуметтік салықтар және аударымдар, зейнетақы және сақтандыру төлемдері, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуге арналған шығындар және қызметкерлерді қолдаудың басқа да нысандары |
|
Капитал өнім берушілеріне төленетін төлемдер |
Барлық санаттағы акционерлерге төленетін дивидендтер мен кредиторларға төленетін пайыздар |
|
Мемлекетке төленетін төлемдер |
Салық аударымдары |
|
Жергілікті қауымдастыққа инвестициялар |
Қайырымдылық пен мемлекеттік емес ұйымдарға және зерттеу мекемелеріне қайырымдылық, қоғамдық инфрақұрылымды қолдауға жұмсалған шығындар, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды, мәдени және білім беру шараларын тікелей қаржыландыру |
2020 жылдың қорытындысы бойынша құрылған экономикалық құн 382 млрд теңгені және бөлінген экономикалық құн 313 млрд теңгені құрады, нәтижесінде бөлінбеген экономикалық құн 69 млрд теңгені құрады. Бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 2021 және 2022 жылдары құрылған және бөлінген экономикалық құнды ұлғайту жоспарлануда.
Экономикалық құн, млн теңге
|
Көрсеткіш* |
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
2022 ж. |
|---|---|---|---|---|---|
|
Нақты |
Нақты |
Нақты |
Нақты |
Нақты |
|
|
Құралынған экономикалық құн |
352 681 |
337 794 |
382 199 |
447 167 |
523 658 |
|
Сатудан түскен түсім |
351 100 |
336 233 |
380 990 |
446 568 |
523 369 |
|
Алынған сыйақылар (пайыздар) |
1 581 |
1 561 |
1 209 |
599 |
289 |
|
Үлестірілген экономикалық құн |
272 860 |
275 649 |
312 894 |
361 369 |
374 656 |
|
Операциялық шығындар |
161 571 |
161 556 |
194 357 |
239 696 |
252 203 |
|
Еңбекақы және әлеуметтік аударымдар |
37 210 |
39 589 |
43 700 |
44 554 |
46 452 |
|
Капитал өнім беушілеріне төленетін төлемдер |
34 047 |
32 369 |
32 571 |
33 984 |
30 645 |
|
Мемлекетке төленетін төлемдер |
39 617 |
41 882 |
42 152 |
42 994 |
45 221 |
|
Үлестірілмеген экономикалық құн |
79 822 |
62 145 |
69 305 |
85 798 |
149 002 |
ҚЫЗМЕТІ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР
Климаттағы өзгерістер проблемасын әлемде соңғы онжылдықтарда үзбей айтып келеді. 1992 жылы 180-нен астам ел қол қойған БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) әлемдік қоғамдастықтың осы мәселеге қатысты алаңдаушылығын растап отыр.
Сарапшылар пікірін негізге ала отырып, «СамұрықЭнерго» АҚ климаттық тәуекелді ұйымның мәнмәтінін анықтауда және энергиялық ауысу стратегиясын әзірлеу кезіндегі SWOT-талдауда ескереді. Әділдігін айтар болсақ, дамыған елдер үшін мүмкіндік деп қабылданатын декарбонизацияға қатысты жаһандық тенденциялар дамушы елдер үшін үлкен тәуекелдер мен қиындықтар тудырып отыр.
Бір жағынан, жаһандық даму трендтерінен қалыс қалу қоршаған ортаға антропогендік әсер етумен байланысты әлеуметтік шығындарға және заманауи технологиялар мен қаржылық ресурстарға қол жетімділікті шектеуге әкеледі, ал екінші жағынан, ауысуды жеделдету экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуға, индустриясыздандыруға, электр энергиясы бағасының өсуіне, энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты проблемаларды айтпағанда, дәстүрлі салалардағы жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін.
Орнықты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, электр энергиясының экономикалық қолжетімділігі, жабдықтау сенімділігі және экологиялық және әлеуметтік орнықтылық арасындағы оңтайлы теңгерімді сақтау үшін Самұрық-Энерго мөлшерлі және энергиялық ауысуға кезең-кезеңмен көшуге басымдық береді, әрі осы бағыт Қазақстан ОЭК-ін дамытудың неғұрлым ұтымды векторы болып табылатыны ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздері дәстүрлі энергия көздерімен қатар пайдаланылатын болады.
Сонымен қатар, баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру тәжірибесі мемлекеттік деңгейде шешілуі қажет бірқатар мәселелердің бар екенін көрсетіп отыр.
Компания процестері мен өнімдерінің көміртекті сыйымдылығын төмендету жөніндегі негізгі бағыттар мен мақсаттар компанияның ұзақ мерзімді Даму стратегиясында және Экологиялық саясатында көрсетілген. Осылайша, Компанияда ЖЭК және СЭС-ті дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, барлық жерде энергия менеджменті жүйелері енгізілген, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бағытында ауқымды бағдарламалар әзірленген, Алматы электр станцияларын газдандыру бойынша маңызды жоба жоспарланып отыр. Қоғамның қоршаған ортаға көміртекті әсері жоғары еншілес компанияларын ҚОҚ саласындағы уәкілетті орган Париж келісімінде мәлімделгендей, 2030 жылға қарай 1990 деңгейіне қарағанда ұлттық үлесті-15 %-ке жеткізу үшін арнайы құрылған парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының ұлттық жүйесі арқылы реттейді.
КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ МӘСЕЛЕСІ ТҰРҒЫСЫНАН «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ЖАҒДАЙЫНА SWOT ТАЛДАУ

«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІКТІ ДАМЫТУ» АСПЕКТІСІ
Инновациялық даму
Компанияның Даму стратегиясы көмір генерациясы көздерінің тиімділігі мен экологиялылығын арттыратын инновациялық технологияларды енгізу есебінен қатысу нарығына энергия ресурстарының бәсекеге қабілетті әрі сенімді жеткізілуін қамтамасыз етуді көздейді.
«Назарбаев Университетімен» ынтымақтаса отырып «Екібастұз кен орнының № 3 қабатындағы күлі жоғары көмір мен таусылған көмірді/көмірді байыту қалдықтарын жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағу құрылғыларының технологиясын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды. Жұмыстың орындалған мерзімі – 2018–2020 жылдар.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ аумағында «Таза көмір технологиялары» бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды.
2020 жылы мынадай жұмыстар орындалды: ●
- ПГСАГ қондырғысында жоғарыдиабатикалық жану (САГ) режимінде күлі көп Екібастұз көмірін, көмір жынысын және көмір байыту қалдықтарын жағу, ауа және бу-ауа газдандыру бойынша баптау жұмыстарын және эксперименттік зерттеулер жүргізу;
- КУ-КС-ЦКС қондырғысында Екібастұз көмірін байытудың күлі көп қалдықтарын жағу бойынша эксперименттік зерттеулерді жалғастыру;
- Күлі көп Екібастұз көмірін және оны байыту барысындағы қалдықтарды КС және ҚҚТ-дағы атмосфералық қысым кезінде әуеде, бу-ауа және бу-оттекті газдандыру бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізу;
- Күлі көп Екібастұз көмірін бу-оттекті газдандырудың математикалық моделін әзірлеу және есептерін орындау;
- Күлі көп Екібастұз көмірі мен оны байыту барысындағы қалдықтарын жағуға арналған КС және ҚҚЖ бар өнеркәсіптік және энергетикалық қазандықтардың тұжырымдамасы бойынша техникалық ұсыныстар әзірлеу.
Алынған нәтижелер:
- КС және ҚКО-да күлі көп көмірді байыту барысындағы қалдықтарды тиімді жағу мүмкіндігін растайтын деректер алынды;
- КС және ҚҚТ көмір байытудың күлі көп қалдықтарын жағу кезінде ең жақсы экологиялық көрсеткіштерді (күкірт және азот оксидтерінің эмиссиясын азайту) қамтамасыз ететін қазандық жұмысының режимдік параметрлерінің әсері және оңтайландыру бойынша деректер алынды;
- Екібастұз көмірінің күлділігінің газдандыру процесіне әсеріне қатысты деректер алынды;
- Ауа, бу-ауа және бу-оттекті газдандыру процесіне режимдік факторлардың әсеріне қатысты деректер алынды;
- Көмір қалдықтарының күлділігіне байланысты күлі көп Екібастұз көмірін және оны байыту қалдықтарын жағудың оңтайлы технологиясын таңдау мақсатында КС және ОКЖ оттықтары бар қазандықтарға салыстырмалы талдау жүргізілді; ●
- Күлі көп Екібастұз көмірін және оны байыту қалдықтарын энергетикалық пайдалану жөнінде ұсыныстар көрсетілген қорытынды есеп.
Компанияның жылу электр станцияларында күлі көп көмірді жағу кезінде техникалық-экономикалық көрсеткіштерді арттыру мақсатында қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу технологиясын (плазмалық-отын жүйесі) енгізу мүмкіндігі мәселесі пысықталды.
Жобаны іске асыру мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- қазандық агрегаттарының жүктемесі төмен болған кезде шаң-көмір жалынының жануын тұрақтандыру;
- күлі көп көмірді жалындатып жағу кезінде мазут шығынын болдырмау;
- қазандық агрегаттарының үнемділігі мен сенімділігінің төмендеуіне әкелетін көмір мен мазутты бірге жағудың жағымсыз салдарын жою.
Бұл технология Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясында, Индонезияда және т. б. 200-ден 1 000 МВтқа дейінгі энергия блоктарында сәтті қолданылады. Жобаны іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы отырысында мақұлданған.
Цифрландыру
Цифрлық технологиялардың әлеуетін пайдалану Компанияның өнімділігін, өндіріс қауіпсіздігін арттыруға және өнім өндіру мен қызмет көрсетудің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді, бұл «Қызмет тиімділігін арттыру» стратегиялық бастамасын іске асыруға ықпал етеді.
Компания цифрлық қағидаттарды корпоративтік стратегияға, бизнес-модельге, қызмет пен мәдениетке ендіру арқылы цифрландыруды қамтамасыз етуге ниетті:
- Бизнеске бағдар ұстау
- Бизнеспен әріптестік қарым-қатынас
- Үздік тәжірибелерді іздеу
- Жобаларды мерзімінде және бюджетпен келісіп іске асыру
- Процестерді автоматтандыру
- Цифрлық нысанға көшіру
SKE.03.01P «Жиілік пен қуатты автоматты түрде реттеуді ендіру» жобасы
Жоба тұңғыш рет БЭЖ бойынша ендірілуде және «KEGOC» АҚ-мен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын жоба болып табылады. ЖҚАР-дың арқасында «KEGOC» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы станциясының қуатын берілген шекте реттеп, басқаратын болады, яғни, энергетикалық жүйеде сызба-режимдік жағдай өзгерген кезде нақты уақыт режимінде энергия блоктарына/гидроагрегаттарға (қуатты азайту немесе көтеру) тікелей әсер ететін болады.
2020 жылы 1 – «Тұжырымдамалық жобалау» кезеңі аяқталды. Ағымдағы сәтте «Іске асыру» деп аталатын 2 – фазаны іске асыру басталды. 2 – «Іске асыру» фазасы аясында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
«Деректерді талдау арқылы коммерциялық шығындарды талдау» жобасы
Бұл жоба «АЖК» АҚ-да іске асырылады және электр энергиясын тұтынушылар туралы мол деректер көлемін сақтау, басқаруға, сондай-ақ ықтимал коммерциялық шығындарды анықтау мақсатында аномалияларды іздеуге мүмкіндік береді.
2020 жылы жобаға бастамашылық ету шеңберінде техникалық ерекшелік әзірленді, сондай-ақ баға маркетингі жүргізілді. Деректерді талдау жүйесінің көмегімен «АЖК» АҚ электр энергиясының 28 мыңнан астам тұтынушысына көшпелі тексеру, сондай-ақ талдау жүргізілді.
«Медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесінің пилотын ендіру» жобасы
Жұмыс персоналының және жалпы бүкіл кәсіпорынның қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ медициналық тексеру рәсімінің тиімділігін арттыру мақсатында «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да және «АлЭС» АҚ ЖЭО-3-те «медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесінің пилотын ендіру» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етудің екі кешені орнатылып, тестілеу өткізілді.
«ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ» АСПЕКТІСІ
Энергия
Компанияның энергетикалық саясатының басымдығы энергия ресурстарын тұтынуды азайтуға және қоршаған ортаға әсер ету деңгейін қысқартуға ықпал ететін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағыты болып табылады.
Компанияның корпоративтік орталығы «СамұрықЭнерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша энергия тұтыну және энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің деректерін жинақтап, талдайды, өткен кезеңдермен салыстырады, жақсарту үшін мүмкіндіктерді айқындайды.
Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі» халықаралық стандартының әдістемесіне негізделеді.
Компанияда 2015–2025 жылдарға арналған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жоспарлау және жүзеге асыруда негізгі құжат болып табылады.
Аталған бағдарламаның мақсаты отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды және экономикалық тұрғыдан орынды пайдалану бойынша шаралар әзірлеу болып табылады. Бағдарлама бойынша күтілетін нәтиже ЕТҰ-лардың жалпы тауарлық өнімінің энергия сыйымдылығын 2014 жылғы негізгі көрсеткішке қарағанда 2025 жылы 10,5 %-ға төмендету болып табылады.
Бағдарламаның негізгі құралдары:
- ЕТҰ үшін энергия үнемдеудің және энергетикалық тиімділікті арттырудың мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін анықтау;
- энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін есептеудің әзірленген әдістемесіне сәйкес энергия-экономикалық талдау жүргізу арқылы берілген көрсеткіштерге қол жеткізуге тұрақты мониторинг және бақылау жүргізу;
- ЕТҰ-да энергия менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу, сондай-ақ жетілдіру;
- ЕТҰ-ларда энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды іске асыру;
- ЕТҰ-да энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша типтік іс-шараларды іске асыру;
- энергетикалық ресурстарды тұтынуды автоматтандырылған есепке алудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде өткен жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды төмендетуге бағытталған 62 іс-шара орындалды, бұл «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша 406 мың тонна шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берді.
Ұйым ішінде энергия тұтыну
Қаралып отырған 2018–2020 жылдар кезеңінде энергияны жалпы тұтынудың 2014 жылғы базалық көлемге қарағанда (17,7 млн ГДж) тұрақты төмендеу серпіні бар. Есепті жылы 13,9 млн ГДж энергия тұтынылды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінен 2,6 млн ГДж. Тұтастай алғанда жылдар бойынша ЖЭК-тен энергия тұтынудың ұлғаюының оң серпіні байқалады, бұл елдегі электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК үлесінің ұлғаюына байланысты.
2020 жылдың қорытындысы бойынша отын (көмір және газ) тұтыну көлемінің өсуі ЕГРЭС-1-де электр энергиясын өндірудің ұлғаюына және АлЭС-те жылу өндірудің ұлғаюына байланысты болды.
Ұйым ішінде отынды тұтыну (көмір мен газ)
|
Ұйым ішінде тұтыну |
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
|
Отынды жалпы тұтыну, млн ГДж, о.і.: |
310,5 |
291,2 |
306,3 |
|
көмір |
298,1 |
279,9 |
291,8 |
|
газ |
10,0 |
9,2 |
12,0 |
|
мазут |
1,2 |
0,8 |
0,9 |
|
бензин |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
|
дизель |
1,2 |
1,2 |
1,2 |
|
Электр энергиясын жалпы тұтыну, млн ГДж |
11,8 |
11,3 |
11,5 |
|
о.і. ЖЭК-тен |
1,0 |
1,3 |
2,6 |
|
Жылу энергиясын жалпы тұтыну, млн ГДж |
2,7 |
2,6 |
2,4 |
|
о.і. ЖЭК-тен |
– |
– |
– |
|
Энергияны жалпы тұтыну, млн ГДж |
14,5 |
14,0 |
13,9 |
|
о.і. ЖЭК-тен |
1,0 |
1,3 |
2,6 |
Энергия сыйымдылық
Осы көрсеткіште ұйым ішіндегі отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемі, сондай-ақ өндірілген электр және жылу энергиясының, жеткізілген электр энергиясының, өндірілген көмірдің көлемі пайдаланылды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «СамұрықЭнерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша жалпы тауарлық өнімнің энергия сыйымдылығы 29,2 ш.о.т./млн теңгені құрады және өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда төмендеді.
Жылу энергиясын тұтыну базалық жылға қарағанда да (3,7 млн ГДж), сондай-ақ өткен жылға қарағанда да төмендеді және 2,4 млн ГДж құрады. Тұтастай алғанда жылдар бойынша 2014 жылғы базалық (17,7 млн ГДж) көлемге қарағанда энергияны жалпы тұтынудың төмендеу үрдісі байқалады. Энергияны жалпы тұтынудың төмендеуі оның өз қажеттіліктеріне арналған шығындарын оңтайландыруға байланысты.
Энергия сыйымдылық, млн теңге
Энергияны жалпы тұтыну, млн ГДж
Энергия тұтынуды азайту
Электр энергиясын тұтыну базалық жылға қарағанда төмендеді (14,0 млн ГДж), өткен жылға қарағанда аздап өсті және 11,5 млн ГДж құрады.
«ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР» АСПЕКТІСІ
«Самұрық-Энерго» АҚ өнімі – бұл жылу және электр энергиясы, сондай-ақ энергетикалық көмір.
Осы саланы реттеуді мемлекеттік орган атынан Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жүзеге асырады.
Электр және жылу энергиясы отынның қазбалы түрлерін қолдану арқылы өндірілді. Көмірді, газды және мазутты жағу кезінде пайда болатын химиялық реакциялар тиісті бақылау болмаған жағдайда қоршаған табиғи ортаның қажетті сапасының жоғалуына әкелуі мүмкін бірқатар заттардың табиғи түзілуіне әкеледі. Мұндай бақылау үшін Қазақстанда табиғатты қорғау және табиғи ресурстар құқығы түріндегі мемлекеттік реттеу жүйесі жұмыс істейді (толығырақ «Экологиялық санат» бөлімінде).
Компания шығарылатын өнімге қатысты жарнама мен ілгерілетуді қоса алғанда, ешқандай маркетингтік коммуникацияларды жүзеге асырмайды.
Өнім өндіру кезінде біздің кәсіпорындарда қолданылатын материалдар тізбесі
|
Электр энергиясын өндірген кезде: |
Өлшем бірлігі |
Жұмсалған материалдар |
||
|---|---|---|---|---|
|
Көлемі |
||||
|
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
||
|
Көмір |
тонна |
17 619 007 |
16 565 570 |
16 652 949 |
|
Мазут |
тонна |
15 010 |
15 746 |
19 925 |
|
Газ |
мың м³ |
35 928 |
38 472 |
46 370 |
|
Жылу энегиясын өндірген кезде: |
Өлшем бірлігі |
Жұмсалған материалдар |
||
|---|---|---|---|---|
|
Көлемі |
||||
|
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
||
|
Көмір |
тонна |
839 883 |
764 291 |
1 446 269 |
|
Мазут |
тонна |
14 031 |
2 358 |
1 740 |
|
Газ |
мың. м³ |
251 620 |
226 580 |
284 914 |
|
Өнімнің екі түрін өндіру кезінде қосалқы қажеттіліктерге: |
Өлшем бірлігі |
Жұмсалған материалдар |
||
|---|---|---|---|---|
|
Көлемі |
||||
|
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
||
|
Бензин |
тонна |
3 588 |
3 570 |
3 656 |
|
ДО |
тонна |
25 210 |
28 586 |
34 662 |
Самұрық-Энерго» АҚ өнімі – бұл жылу және электр энергиясы, сондай-ақ энергетикалық көмір, тиісінше, экологиялық таңбалау және буып-түю туралы талаптар шығарылатын өнім түрлеріне қолданылмайды.
«КОМПАНИЯНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» АСПЕКТІСІ
Стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-да корпоративтік коммуникацияларға бірыңғай тәсілдемені көздейтін, мақсатты аудиторияны, коммуникациялар қағидаттарын, медиа-жоспарлауды, дағдарысқа қарсы ден қоюды, компанияның ішкі және сыртқы PR құралдарын және сыртқы жайғастыруды айқындайтын Коммуникациялық стратегия жұмыс істейді.
Коммуникациялық стратегияның миссиясы:
Мақсатты аудиторияларға қызмет нәтижелері туралы толық, барынша ашық және жедел ақпаратты ұсына отырып, Компанияның оң имиджін қамтамасыз ету.
Коммуникациялық стратегияның пайымы:
Компанияны Қазақстанның энергетикалық саласын дамыту мәселелері бойынша қоғамдық пікір мен ықпалдың көшбасшылары қатарына шығаруға қабілетті тиімді құрылған коммуникация арналары.
Бұдан басқа, Компанияда ақпаратты ашу қағидаттарын, тәртібін, мерзімдерін, тізбесі мен тәсілдерін, ақпарат түрлерін, мүдделі тараптармен, оның ішінде акционерлермен және инвесторлармен өзара іс-қимылды, ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды, ашылатын ақпараттың мониторингі мен сапасын бақылауды айқындайтын Ақпараттық саясат қолданылады.
Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі мақсаты – «СамұрықЭнерго» АҚ-ның деректері мен ақпаратын, сондай-ақ оны қолдайтын инфрақұрылымды кез келген кездейсоқ немесе зиянды әсерлерден қорғау. Кез келген хакерлік шабуыл деректер мен ақпаратқа, оның иелеріне немесе қолдау инфрақұрылымына зиян келтіреді. Компанияның ақпараттық қауіпсіздік саясатында, мониторинг пен бақылауда, осындай әсерлерді болжау мен алдын алуда, сондай-ақ оларды іске асырудан болатын зиянды азайтуда анықталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері.
2020 жылы құпия ақпараттың жария болуына жол берілген жоқ. Дербес компьютерлерде пайдаланушылардың іс-қимылдарының мониторингі «Самұрық-Энерго» АҚның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ішкі нормативтік құжаттамасының бұзушылықтарының өткен жылдармен салыстырғанда едәуір төмендегенін көрсетті.
2017 жылы трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «Басқару жүйесін енгізу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» жобасы басталды.