«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018–2020 жылдарға арналған даму стратегиясын Директорлар кеңесі 2018 жылғы 28 тамызда бекітті (ДК № 08/18 хаттамасы).
Стратегияны іске асыру барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартында, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Орнықты даму саласындағы басшылығы мен Корпоративтік басқару кодексінде белгіленген орнықты даму қағидаттарын ұстанады.
Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтау PESTEL-талдау, макроэкономикалық және салалық үрдістерді талдау, сондай-ақ ішкі ортаны талдау негізінде құрылды.
НЕГІЗГІ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР
Қазіргі уақытта Компанияның алдында оның ағымдағы жағдайының, сыртқы ортаның сипаттамалары мен даму үрдістерінің салдары болып табылатын бірқатар негізгі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлер тұр.
Негізгі сыртқы қауіп-қатерлер
-
Қуат нарығы.
Инвестициялар тарту есебінен жаңа қуаттар салуды және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды, реконструкциялауды қамтамасыз ету болжанып отыр. Электр қуаты нарығы аясында «Самұрық-Энерго» АҚның қолда бар электр станцияларының үздіксіз жұмысы үшін өндіруші жабдықтың тозу деңгейін қысқарту жөніндегі болжамдар.
-
ЕАЭК жалпы электр энергиясы нарығын қалыптастыру.
ЕАЭК-тың жалпы электр энергетикалық нарығын енгізу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Кеңеске қатысушы елдердің нарықтарына жеңілдетілген қолжетімділікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар электр энегиясының сыртқы жеткізушілері үшін ішкі нарықтың ашықтығын атқарады.
-
Көмірді сату көлемдерінің төмендеуі.
Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін меншіктік станциялар жүктемелерінің төмендеуі көмірді сату көлеміне жағымсыз әсер етеді. ҚР-дағы өзге тұтынушылардың Екібастұз көмірін тұтынудағы өсу әлеуеті шектеулі. РФ-ға жеткізу көлемі ауыспалы сипатқа ие, ол РФ-да электр энергиясын тұтынудың өсуімен байланысты. Сонымен қатар, Ресей көмір станцияларын ішкі өндірушілердің көміріне немесе табиғи газға ішінара ауыстыру бойынша РФ саясаты жалғасуда.
-
Экологиялық заңнама талаптарын күшейту.
Қазіргі уақытта әлемде қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендетуге бағытталған тұрақты тренд байқалады. Қазақстан Республикасының экология саласындағы халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы ретінде және СамұрықЭнергоның экологиялық және әлеуметтік жауапты компания ретінде қабылдаған міндеттемелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы үрдістерге проактивті әрекет жасау қажеттілігін белгілейді.
-
ЖЭК-ті дамыту жөніндегі реттегіш ортаның өзгеруі.
ЖЭК нысандарын салу үшін аукциондық сауда-саттық тетігі ендірілді. Аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін қаржылық қамтамасыз етуді енгізу қажет болатын белгіленген шекті аукциондық бағалардан бастап электр энергиясына бағаны төмендету қағидаты бойынша жүргізіледі.
-
Бизнесті цифрландыру.
Қазіргі уақытта әлемде өндірістік және операциялық процестерді цифрландыру тренді байқалады, ол уақыт шығындарын оңтайландыруға, операциялық тиімділікті арттыруға және автоматтандырылған режимде алынатын талдау деректерін дамытуға әсер етеді.
Негізгі ішкі қауіп-қатерлер
-
2016–2020 жылдарға арналған Кешенді жекешелендіру жоспары аясында Компанияның активтерін әділ нарық баға бойынша сатуды қамтамасыз ету қажеттігі.
-
Компанияның операциялық тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігі.
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ SWOT-ТАЛДАУЫ
Стратегиялық НҚК-ларды орындау
|
№ |
Атауы |
2018 ж. нақты |
2019 ж. нақты |
2020 ж. нақты |
2021 ж. болжам |
2022 ж. болжам |
|
1 |
Таза табыс, млн теңге |
3 241 |
6 835 |
8 008 |
10 604 |
56 829 |
|
2 |
Қарыз /EBITDА (ара қатынасы) |
3,18 |
3,31 |
2,67 |
3,23 |
1,90 |
|
3 |
ROACE, % |
2,99 |
3,43 |
3,60 |
3,98 |
9,53 |
|
4 |
Таза активтердің құны (NAV), млн теңге |
385 304 |
392 073 |
400 623 |
403 255 |
460 084 |
|
5 |
Корпоративтік басқару рейтингі |
BB |
– |
- |
BBB |
- |
|
6 |
ҚР электр энергиясы нарығындағы үлесі, % |
29,7 |
28,5 |
29,0 |
28,4 |
28,8 |
|
7 |
LTIFR* |
0,28 |
0,33 |
0,27 |
0,36 |
0,33 |
Жалпы алғанда, Компанияның стратегиялық көрсеткіштерінің 2018–2022 жылдар кезеңінде жақсаруға бейімділік үрдісі байқалады. Өсудің негізгі факторлары ішкі нарықта электр энергиясы мен қуаттарды сату көлемін ұлғайту, қуатқа жеке тарифтер алу, технологиялық қажеттіліктерге отын мен судың үлестік шығыстарын қысқарту, ОЭР-энергия үнемдеуге арналған шығындарды оңтайландыру, сондай-ақ борыштық жүктемені азайту болып табылады.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР
Қатысу нарығында энергия ресурстарының сенімді бәсекеге қабілетті жеткізілімін қамтамасыз ету
Акционерлік капитал құнын арттыру
Орнықты даму
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР
Сатудың табыстылығын арттыру
Қызмет тиімділігін арттыру
Инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру
Корпоративтік басқару және орнықтылық
МІНДЕТТЕР
|
Ішкі нарықта электр энергиясы мен көмірді сату көлемін ұлғайту |
Қолда бар қуат көздерінің операциялық тиімділігін арттыру |
Инвестициялық |
Орнықты даму саласында бастамаларды жүзеге асыру |
|
|---|---|---|---|---|
Қор компаниялар тобының тұтынушыларына электр энергиясының жеткізілуін қамтамасыз ету
|
Электр энергиясы ысырабының деңгейін төмендетуге қатысты іс-шараларды іске асыру
|
«№ 3 энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 станциясын кеңейту және реконструкциялау» жобасын іске асыру
|
Стейкхолдерлермен өзара тиімді іс-қимыл
|
|
Энергия сыйымдылығы шағын өндіріске (майнинг, ЦОД) электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ету
|
Инновациялық даму және цифрландыру
|
«Екібастұз ГРЭС-1 қуаттарын кеңейту және реконструкциялау (№ 1 блокты қалпына келтіру)» жобасын іске асыру
|
Корпоративтік басқару тиімділігін арттыру
|
|
Бәскелестерді ығыстыру арқылы көмірді өткізу
|
«Екібастұз кен орнының күлі көп көмірін жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағу құрылғыларының технологиялары (ҒЗТКЖ)» жобасы іске асырылды
|
«Богатырь» (ОҚТ) кесігінде көмір өндірудің, тасымалдаудың, біркелкілеудің және тиеудің циклдық-ағындық технологиясына көшу жобасын іске асыру
|
Адам капиталын дамыту
|
|
Электр энергиясы мен көмірді экспортқа шығарудың жаңа бағыттарын бағалау
|
Компанияның қаржылық тұрақтылығының артуы
|
«Қуаты 50 МВт Ерейментау қ. аумағындағы жел электр станциясының құрылысы» жобасын іске асыру
|
||
Сыртқы нарықтарда электр энергиясы мен көмірді өткізуді ұлғайту
|
Компанияның трансформация бағдарламасын жүзеге асыру
|
«Шелек дәлізінде келешекте 300 МВт дейін кеңейтілетін қуаты 60 МВт ЖЭС салу» жобасын іске асыру
|
||