Компанияда тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі тиімді жұмыс істейді және тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.
Жыл сайын Директорлар кеңесі Қоғамның тәуекелге тәбетін сандық және сапалық тұрғыдан анықтайды, тәуекел-тәбет негізгі қызмет түрлеріне қойылатын шектеулерді қамтиды және тоқсан сайын оның сақталуына бақылау жасалады.
Жыл сайын Тәуекелдер тізілімі, Тәуекелдер картасы, НТK (негізгі тәуекел көрсеткіштері) және Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, Компанияның Директорлар кеңесіне қарауға және бекітуге ұсынылады. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының 2020 жылға арналған тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының қызметіне тән 33 тәуекел сәйкестендіріліп, бағаланды, НТК-нің шекті мәні жаңартылды, тәуекел иелері тәуекел факторлары мен оларды азайту шараларын өзектендірді.
Осы қайта бағалау нәтижелері бойынша 2020 жылға арналған Тәуекелдер картасының негізгі аймағына 10 тәуекел кірді (2019 жылы – 13 негізгі тәуекел):
Тәуекелдер картасы

|
№ |
Тәуекел атауы |
|---|---|
|
1 |
Қызметтік міндеттемелерді орындау барысында қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зақым келтірген өндірістегі жазатайым оқиғалардың тәуекелі |
|
2 |
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының іске асырылатын/перспективалық инвестициялық жобалары мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекелдері |
|
3 |
Өндірістегі авариялар және апаттар тәуекелі |
|
4 |
Электр энергиясын сату жоспарын орындамау тәуекелі |
|
5 |
Тарифті белгілеу тәуекелі |
|
6 |
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының адам ресурстары тәуекелі |
|
7 |
Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел |
|
8 |
Валюталық тәуекел |
|
9 |
Кредиттік тәуекел |
|
10 |
Сыртқы кредиторлардың ковенантын және листингтік талаптардын бұзу тәуекелі |
Тәжірибе көрсеткендей, тәуекелдер бағалау және алдын алу қажет болатын бизнес-процестер қызметінің кез келген түрінде туындайды.
Бүгінгі күні тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша түрлі шешімдер бар, олардың бірі «СамұрықЭнерго» АҚ-да қабылданды.
2018 жылғы қарашадан бастап корпоративтік басқарудың маңызды бөлігі болып табылатын және мынадай өзгерістерге жататын үш кіріктірілген кіші жүйеден тұратын «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталды, олар:
- тәуекелдерді басқару жүйесі (жүйені жетілдіру);
- ішкі бақылау жүйесі (бақылау рәсімдерінің дизайнын бағалау және операциялық тиімділігін тестілеу бойынша жүйені пысықтау);
- қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі (жүйені ендіру).
2020 жылдың қорытындысы бойынша «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру шеңберінде мынадай бірқатар іс-шаралар кезең-кезеңімен орындалды:
- Жобаны іске асыру процесінде шешуші болып табылатын ЕТҰ-лар анықталды;
- Жобаны іске асыру жоспары анықталды, онда «Самұрық-Энерго» АҚ және оның негізгі ЕТҰ-лары үшін іс-шаралар белгіленді;
- Жобаны іске асыру үшін тартылған процестер анықталды (өндірістік және ІТ-процестері);
- «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның ЕТҰ-ларында Жоба шеңберінде 2020 жылға белгіленген қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар тағайындалды («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ);
- ЕТҰ-ларға белгіленген 2020 жылға есептелген процестер шекті топтарға бөлінді («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ);
- ЕТҰ-ларда («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ) 2020 жылға белгіленген ішкі нормативтік құжаттар (Ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары, Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету қағидалары) әзірленді;
- «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның ЕТҰ-ларында 2020 жылға белгіленген қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарлары мен Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарлары әзірленді («Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара су электр станциясы» АҚ);
- Жобаны іске асыру аясында негізгі ЕТҰ-лар үшін қолданыстағы Ішкі бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары негізінде Ішкі бақылау жүйесін тестілеу әдістемесінің жобасы әзірленді;
- Жобаны іске асыру барысында негізгі ЕТҰ қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету Ережелеріне сәйкес қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесін тестілеу Методикасының жобасы әзірленген;
- «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да ішкі бақылау және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйелеріне сынама тестілеу өткізілді;
- есептік кезең ішінде Жоба қызметі аясында мерзімді түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- Жобаның іске асырылу барысына тексеру жүргізілді (барып көру арқылы).
2020 жылғы негізгі өзгерістер (негізгі тәуекелдерді митигациялау)
|
Компанияның Даму стратегиясының орындалмау тәуекелі (ықтималдық бойынша ұлғаю - негізгі аймаққа өту) |
|
|
ЕТҰ-лардың іске асырылатын/перспективті инвестициялық жобалары мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекелдері (өзгеріссіз) |
|
|
Қызметтік міндеттерін атқару процесінде қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне залал келтірген өндірістегі жазатайым оқиғалардың тәуекелі (ықтималдық бойынша ұлғаю) |
|
|
Валюталық тәуекел (ықтималдылық бойынша төмендеу) |
|
|
Кредиттік тәуекел (өзгеріссіз) |
|
|
Сыртқы кредиторлардың ковенантын және листингтік талаптарды бұзу тәуекелі (өзгеріссіз) |
|
|
Электр энергиясын сату жоспарын орындамау тәуекелі (өзгеріссіз) |
|
|
Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел (әсер ету және ықтималдық бойынша төмендеу) |
|
|
Өндірістегі авариялар мен апаттар тәуекелі (өзгеріссіз) |
|
|
Тариф белгілеу тәуекелі (өзгеріссіз) |
|
|
Компанияның адам ресурстары тәуекелдері (өзгеріссіз) |
|