-
ҚАҢТАР
Алматы облысында 220/110/10 кВ № 10А «Қаскелең» қосалқы станциясының ашылу шарасы өтті. Қосалқы станция Алматы облысындағы Қарасай және Жамбыл аудандарының тұтынушыларын, соның ішінде Қаскелең қаласының жаңа тұрғын үй-әкімшілік аудандары мен Алматы қаласының аумағынан шығарылатын өнеркәсіп кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-
СӘУІР
Қазақстанның ең ірі электр станцияларының бірі – отандық электр энергетикасы саласындағы көшбасшысы Екібастұз ГРЭС-1-дің құрылғанына 40 жыл.
-
МАУСЫМ
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ рейтингін «BB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты», кепілдендірілмеген жоғары рейтингін «BB-»-дан «BB»-ге дейін, сондай-ақ несие қабілеттілігі бағасын дербес негізде «b»-дан «b+» -ке дейін көтерді.
-
ТАМЫЗ
- Жаңартылатын энергия көздері саласындағы екі жаңа жобаны – Алматы және Ақмола облыстарында жел электр станцияларын: оның бірі – Алматы облысының Еңбекшіқазақ аймағындағы Шелек дәлізінде келешекте қуатын 300 МВт-ға дейін кеңейту көзделген 60 МВт жел электр станциясын және Ақмола облысының Ерейментау қаласы аумағында орналасқан белгіленген жалпы қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салуды іске асыру басталды.
- Тең акционерлері – «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылатын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайтын барлық міндеттемелерін шетелдік валютамен қайта қаржыландырды. Осылайша, станция валюталық тәуекелдерді толығымен анықтап, кепілзатты қамтамасыз етуден босатып, ілеспе шығындарды оңтайландырды.
-
-
ҚЫРКҮЙЕК
«Самұрық-Энерго» АҚ Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Жоба аясынд жалпы құны 38 млрд теңгеге станцияның гидроагрегаттарының төртеуі де ауыстырылды. Құрылыс австриялық-неміс компаниясыAndtitz Hidro GmbX жүргізді. Ауқымды қайта құру СЭС қуатын 100-ден 126 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жаңа жабдық су электр станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартады, сонымен қатар СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып, апаттық деңгейін азайтады.
-
ҚАЗАН
- Еліміздің энергетикалық жүйесіндегі маңызды нысан – Қапшағай су электр станциясы 1 қазанда өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Жобалық қуаты 434 МВт-ты құрайтын СЭС жұмыс істей бастағаннан бері шамамен 53,756 млрд кВт*с электр энергиясы өндірілді, орташа есеппен жылына 1,1 млн кВт*с.
- Алматы облысында ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім аясында іске асырылған 5 МВт Шелек жел электр станциясы іске қосылды. Станцияның жобалық қуаты – 5 МВт, электр энергиясын өндірудің орташа жылдық көлемі – 15 млн кВт*с.
- Алматыда «Қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайту арқылы Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті, оның аясында оңтүстік мегаполистің негізгі жылу электр орталығын көмір отынынан газға ауыстыру жоспарлануда. Тыңдаулар бейнеконференцбайланыс форматында, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеушілері – «ҚазНИПИЭнергопром» АҚ, тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ және Алматы қаласы әкімдігінің Жасыл экономика басқармасы өкілдерінің қатысуымен өтті.
-
ҚАРАША
- Екібастұздағы әлемдегі ең ірі «Богатырь» көмір кесігінің ашылғанына 50 жыл толды. 1985 жылы ең үлкен қуат кесігі ретінде ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 65 %-ы және бүкіл Қазақстандағы көмір өндірісінің 40 %-ы тиесілі.
- ҚР Энергетика министрі Н. Ноғаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қалалық ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысымен танысты. ЖЭО-2-ні газға көшіру кезең-кезеңімен 2025 жылдың аяғына дейін жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр
- «Самұрық-Энерго» АҚ Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге байланысты қажетті корпоративтік рәсімдерді бастады. Алдын ала зерттеу материалдары Компанияның Инвестициялық-инновациялық кеңесі мен Басқармасына жіберілді. Қаржыландыру көздерін анықтауға арналған сұрақтар талқыланып жатыр.
-
ЖЕЛТОҚСАН
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Қоғамның қаржылық тұрақтылығын растап, Қоғамның несиелік тәуекелдің «жасыл» аймағындағы орнын белгіледі.