САТЫП АЛУДЫ БАСҚАРУ

САТЫП АЛУДЫ БАСҚАРУ

Сатып алу қызметінің әдіснамасы

2018 жылғы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 202- VI Заңына қол қойылды, сатып алу жүйесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Сатып алудың жаңа моделіне көшудің негізгі мақсаты ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен нарықтық құнын арттыруға бағытталған Қор компаниялары тобында сатып алу қызметін басқарудың кешенді жүйесін енгізу болып табылады.

Жаңа тәртіп пен стандарт сатып алуды жоспарлау және өткізу, сатып алу стратегиясын әзірлеу, жеткізушілерді басқару және дамыту, жеткізілім мен қорларды басқару сияқты процестерді қамтиды.

Сатып алудың жаңа моделіне көшу аясында «СамұрықЭнерго» АҚ Басқармасы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару қағидаларын бекітті.

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің 2014–2022 жылдарға арналған бағдарламасы (импортты алмастыру)

Мемлекет басшысы және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді орындау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өнеркәсіптің қайта өңдеу салалары саласында бәсекеге қабілетті жаңа отандық өндірістерді құру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Осы міндетті іске асыру мақсатында Қор тұрақты негізде Қор тобы сатып алатын тауарлардың импортын алмастыруға бағытталған жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің 2014–2022 жылдарға арналған бағдарламасын (импортты алмастыру) (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруда. Бағдарлама тауарларды сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар (оффтэйк-шарт) жасасуды көздейді.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2020 жылы «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы сомасы 97,6 млн теңгеге 16 оффтэйк-шарт жасалды.

САТЫП АЛУДЫ САНАТТЫҚ БАСҚАРУ

Сатып алу санаттарын басқару процесі сатып алу қызметін оңтайландыруды көздейді.

Сатып алуды санаттық басқару тұжырымдамасы меншіктің жалпы құнының индикаторын төмендетуге, яғни сатып алудың тікелей шығындарын ғана емес, оны иеленудің бүкіл өмірлік циклі бойында ТЖҚ категориясының шығындарын азайтуға негізделген, бұл сізге ең заманауи және экономикалық тиімді шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді. Сатып алу қызметіне енгізілетін өзгерістер Сатып алу бағаларын төмендетуге, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, отандық тауар өндірушілерді дамытуға ықпал етеді.

2020 жылы «Құбырлар», «Электр жарықтандыру жабдығы» санаттары бойынша сатып алу санаттық стратегиялары әзірленді, Өткен кезеңдердің «Металл прокаты», «Шиналар», «Көмірді тасымалдау» сияқты санаттары өзектендірілді. Қазіргі уақыттағы енгізу кезеңінде сатып алудың санаттық тобы 11 сатып алу категориялық стратегиясын әзірледі, ал іске асырудың нақты экономикалық тиімділігі 3,78 млрд теңгені құрады.

2022 жылға қарай сатып алудың 24 категориялық стратегиясын әзірлеу және бекіту міндеті қойылды. Сатып алудың санаттық стратегияларын іске асырудың экономикалық тиімділік әлеуеті 2022 жылдың соңына дейін 5,8 млрд теңгеге жетеді деп бағаланып отыр.

2018–2020 жж. сатып алуда жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат, млн теңгемен*

 

нақты 2018 ж.

нақты 2019 ж.

нақты 2020 ж.

Нақты жеткізілген ТЖҚ-ның жалпы сомасы

ЖҚ %

Нақты жеткізілген ТЖҚ-ның жалпы сомасы

ЖҚ %

Нақты жеткізілген ТЖҚ-ның жалпы сомасы

ЖҚ %

тауарлар

152 323,77

83

159 847,19

80

168 776,88

79

Ж/Қ

153 420,06

88

159 365,72

87

104 660,70

79

*Ескертпе: «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС деректері