Көмір нарығы

BP Statistical Review of World Energy деректеріне сәйкес, 2020 жылғы жағдай бойынша Қазақстан дәлелденген көмір қорының көлемі бойынша әлемде сегізінші орынға ие – 25,6 млрд тонна немесе жалпыәлемдік көмір қорының – 2,4 %-ы.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2020 жылы еліміздегі көмір өндіру көлемі 109,2 млн тоннаны (көмір концентратын есепке алмағанда) немесе 2019 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 98 %-ды (111 млн тонна көмір) құрады.

Қазақстанда энергетикалық көмір нарығы біршама бөлшектенген – ірі ойыншылар «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ мен «РУСАЛ» БК), «ЕЭК» АҚ («ERG»), «Шұбаркөл көмір» АҚ («ERG»), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қаражыра» АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС болып табылады.

№ р/с

Облыс

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Δ, %

1

Павлодар

62 467,9

70 325,2

68 364,9

67 049,9

98 

2

Қарағанды

35 909

34 987,3

34 217,1

33 614,6

98

3

Шығыс Қазақстан

6 867

8 290

8 157,7

8 388,8

103 

ҚР бойынша барлығы

105 964,9

113703,4

111083,2

109 227,6

98 %

 

Көмір сатудың жалпы сызбасы

Қазақстандағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның ірі тұтынушыларының арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Степногор қалаларының энергия жүйелері, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 бар.

Көмір өндіру

Көмір алу үшін электр станциялары өз беттерімен Екібастұз станциясынан («Богатырь Көмір» ЖШС) белгіленген станцияға дейін көмір тасымалдауды ұйымдастырады, сол үшін көмір тасымалдауға вагон иелерін (операторларды) тартатын түрлі экспедиторлармен шарттар жасасады.

Биржа мәмілелерінің қорытындылары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеу екі түрлі жолмен: теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Тұтынушылар ауылдық жергілікті жерлердегі ұсақ қазандықтар болып табылады, олар үшін Екібастұз көмірі төлқұжаттық отын болып табылады.

2020 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның үлесі Қазақстанда өндірілетін барлық көмірдің 39,7 %-ын, Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 64,6 %-ын құрады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында «Богатырь Көмір» ЖШС 43 338 мың тонна көмір өндірді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (44 848 мың тонна) 3,4 %-ға аз.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 43 436 мың тонна көмір сатылды, оның ішінде:

  • ҚР ішкі нарығына 33 378 мың тонна, бұл 2019 жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,2 %-ға аз (33 792 мың тонна);
  • экспортқа (РФ) – 10 058 мың тонна, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7,7 %-ға аз (10 893 мың тонна).

Тұтынушыларға көмір сату

№ р/с

Компания

Сату көлемі, мың тонна

Δ, % 2020/2019 жж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

1

«АлЭС» АҚ

3 299

3 338

3 291

101,4

2

«Қарағанды Энергоорталық» ЖШС

3 521

3 417

3 500

97,45

3

«Астана-Энергия» АҚ

3 640

3 779

3 837

106,5

4

«Павлодарэнерго» АҚ ПЖЭО-2, 3

3 289

3 004

2 494

70,7

5

«Степногор ЖЭО» ЖШС

984

986

950

96,4

6

«ЕГРЭС-1» ЖШС

11 559

10 937

11 553

105,6

7

«ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ

3 285

3 203

3 007

93,9

8

«Bassel Group LLS» ЖШС

605

622

539

86,6

9

«Севқазэнерго» АҚ

2 672

2 949

2 773

94,0

10

«Екібастұзжылуэнергия» ЖШС

513

499

481

96,4

11

«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК

323

281

316

112,3

12

Комтұрмыс

1 519

775

637

82,2

ҚР ішкі нарығындағы барлығы

35 572

33 378

98,8

 

13

Рефтинск ГРЭС-і

9 564

10 893

10 058

92,3

РФ-ға экспортқа барлығы

9 587

10 058

92,3

 

2020 жылдың көрсеткіштері бойынша 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмір сатудың 2,8 %-ға төмендеуі байқалады.

«Богатырь Көмір» көмірін сату, мың тонна

Алдағы кезеңге болжам:

2021 жылға арналған болжамда көмір сату көлемі «Богатырь» кесігінде циклдық-ағындық технология объектілерін салу жобасын іске асыруға байланысты 1 436 мың тоннаға немесе 2020 жылға қарағанда 3 %-ға азаяды. 2022 жылға арналған болжамда көмірді сату көлемі 2 %-ға немесе 2021 жылға қарай 1 000 мың тоннаға ұлғаймақ