Управление устойчивым развитием

Орнықты даму қағидаттары үш деңгей тұрғысында ендірілді.
1. Стратегиялық интеграция – орнықты даму қағидаттары Стратегияға енгізілді (толығырақ «Стратегия» бөлімінде);
2. Операциялық интеграция – Компания басшылығы барлық корпоративтік шешімдерді орнықты даму саласындағы қағидаттар мен мақсаттарға сәйкестік критерийлеріне сүйене отырып қабылдайды;
3. Мәдени интеграция Компаниядағы қызметкерлерді оқыту, Компанияның корпоративтік порталына мақалаларды орналастыру шеңберінде, сондай-ақ Мінез-құлық кодексі шеңберінде іске асырылады (толығырақ «Әлеуметтік аспект» бөлімінде).
Компанияның орнықты даму саласындағы негізгі трендтерімен және тәуекелдерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholders-and-investors/annual-reports-on-the-results-of-the-company-s-activities.
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде орнықты даму қағидаттарын біріктіре отырып, орнықты дамудың 17 мақсатын ұстанады. Компания ОДМ-ның әрқайсысын көрсететін экологиялық және әлеуметтік мәселелердің өзектілігін және кез келген ұйымға әсер ететінін біледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде БҰҰ-ның мынадай орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға ұмтылады:
1-мақсат: Кедейліктің барлық түрлерін кеңінен жою
2-мақсат: Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақты жақсарту және ауыл шаруашылығының орнықты дамуына жәрдемдесу
БҰҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде кедейлік жағдайында өмір сүретін адамдардың саны 1990 жылғы 36 %-дан 2015 жылы 10 %-ға дейін азайды, COVID-19-дың салдарынан дағдарыс ондаған жылдар бойы кедейшілікпен күресте қол жеткізген прогресті жоққа шығару қаупін туғызып тұр. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы жұмыс орындарын сақтауға және жалақыны индекстеуге ұмтылады (2020 жылдың нәтижелері бойынша индекстеу орташа есеппен 7,5 %-ды құрады). 2020 жылы Қоғамның компаниялар тобы бойынша қызметкерлердің орташа жалақысы ұқсас көрсеткішке қатысты 12 %-ға өсті (толығырақ «Әлеуметтік аспект» бөлімінде).
Компания жергілікті халықтың шаруашылықтарын тұрақты жүргізу мүмкіндігі үшін өзіне қарасты барлық өңірлерін, оның ішінде шалғай аудандар мен елді мекендерді үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге ұмтылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік-жауапты компания бола отырып, еншілес ұйымдар орналасқан өңірлердің әлеуметтік әл-ауқатына назар аударуға ұмтылады. 2019 жылы еншілес және тәуелді ұйымдар орналасқан өңірлерде қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру және оларға қолдау алу мүмкіндігі мәселелері бойынша «SK-Trust» КҚ-мен белсенді өзара іс-қимыл басталды.
2020 жылы Компания әлеуметтік сипаттағы өзекті орын алып отырған мәселелерді анықтау бойынша жұмыс жасады, жұмыс нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек алу үшін «SKTrust» КҚ-ға өтінімдер жіберілді. Атап айтқанда, «СамұрықЭнерго» АҚ-ның еншілес ұйымдары («АлЭС» АҚ, «SamrukGreen Energy» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «БЖЭС» ЖШС) жергілікті атқарушы органдармен белсенді жұмыс жүргізу нәтижесінде қатысу өңірлеріндегі өткір әлеуметтік проблемалардың тізімін, сондай-ақ осы проблемаларды шешу шеңберінде жобаларға бастамашылық жасауға және оларды іске асыруға қабілетті коммерциялық емес ұйымдардың тізімін анықтады.
Жыл сайын Компания мүгедектерге, тұрмысы төмен азаматтарға, зейнеткерлерге, онкологиялық науқастарға көмек көрсету бойынша бірқатар әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырады (толығырақ «Әлеуметтік аспект» бөлімінде).
4-мақсат: Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу
Электр энергетикасының ерекшелігі жұмысқа жіберу және кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін қолдау үшін кадрларды үнемі үздіксіз даярлауды және қайта даярлауды талап етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы қызметкерлерді орнықты дамытуға және оқытуға ұмтылады. Қызметкерлерді оқыту және дамыту жабдықтардың және тұтастай алғанда, компанияның үнемді, апатсыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі табыстың негізгі факторы болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ жетекші отандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істейді, оқытудағы басым бағыттардың бірі персоналға халықаралық танылған оқыту бағдарламалары бойынша сертификат беру болып қала береді (толығырақ «Әлеуметтік аспект» бөлімінде).
5-мақсат: Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту
10-мақсат: Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту
«Самұрық-Энерго» АҚ «БҰҰ-Әйелдер» серіктестігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты шеңберінде әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатын қолдайды. Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарына бейілділікті, сондай-ақ әйелдер мен еркектерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың неғұрлым табысты және үздік нәтижелерге қол жеткізетініне сенімділікті болжайды. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Компанияда іс-шаралар жоспары қабылданды, ол жұмыс күшінің және кадр резервінің құрамында әйелдердің санын арттыру, энергетикаға қатысы бар мамандықтарға түсуге қыздар мен әйелдердің санының көбірек болуын көтермелеу және осы сектордағы әйелдердің мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарымен әріптестік қатынастар орнату жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Сонымен қатар, Covid-19 пандемиясы және карантиндік шараларды енгізу «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының әдеттегі өмір салты мен жұмысын өзгертті. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің және «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК студенттерімен тең мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша жоспарланған дөңгелек үстелдер жалпы алғанда елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін өткізілетін болады.
Сонымен бірге Еуропалық қайта құру және даму банкі (EҚДБ) қолдауымен 2020 жылдың тамызында Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері және гендерді теңдікті насихаттау бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама мақсаты Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК), Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз байланыста, жаңартылатын энергия секторындағы кәсіпорындарда әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін насихаттау болып келеді. ЕҚДБ қолдау бағдарламасы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының еншілес ұйымдардағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) және Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері секторларына гендерлік теңдікті көздеу мақсатымен әйелдерді тарту үшін жиналысқа қатысу, кездесу жүргізілді. 2021 жылғы есеп негізінде гендерлік теңдікті ендіру бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы әйелдердің қатысуын кеңейту жол картасы жасалады.
Теңсіздікті қысқарту және ешкімді де назардан тыс қалдырмауды қамтамасыз ету орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады (Толығырақ «Әлеуметтік аспект» бөлімінде).
7-мақсат: Барлығы үшін арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жаппай қол жетімділікті қамтамасыз ету
Компания «таза» энергияны (ЖЭК) дамытуға баса назар аудара отырып, энергияны тұрақты және кеңінен қолжетімді ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылы 31,385 млрд кВт*с құрады. «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандарының (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіруі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 335,8 млн кВт*с құрады.
2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында жаңартылатын энергия көздері саласындағы екі жаңа жоба – Алматы және Ақмола облыстарындағы жел электр станцияларын салу іске асырыла бастады: Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болашақта 300 МВт-ға дейін кеңейту мүмкіндігімен Шелек дәлізіндегі 60 МВт жел электр станциясының және Ақмола облысының Ерейментау қаласы ауданында орналасқан, белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды.
Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара су электр станциясын толық жаңғырту бағдарламасын аяқтады. Барлық төрт гидроагрегатты ауыстыру бойынша ауқымды қайта құру СЭС қуатын 100-ден 126 МВт-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жаңа жабдықтар су электр станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұлғайтады, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырады және апаттылық деңгейін азайтады.
2020 жылы Алматы облысында ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылған 5 МВт Шелек жел электр станциясы пайдалануға берілді. Станцияның жобалық қуаты 5 МВт-ны құрайды, орташа жылдық өндіру шамамен 15 млн кВт*с электр энергиясын құрайды.
8-мақсат: Үдемелі, жан-жақты әрі тұрақты экономикалық өсуге, барлық адамдарды толық және өндірістік жұмыспен қамтуға, олардың лайықты жұмыс істеуіне жәрдемдесу
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының ірі жұмыс берушілерінің қатарына кіреді. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы персоналының тізімдік саны 17 783 адамды құрады.
Есепті кезеңде толық жұмыспен қамтылған қызметкерлердің үлесі 100 %-ды құрады. Әйелдердің ең төменгі жалақысының ерлердің ең төменгі жалақысына арақатынасы 100 %-ды құрайды (бұл туралы «Қаржы-экономикалық есептілік» және «Әлеуметтік аспект» бөлімдерінде толығырақ).
9-мақсат: Тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
Барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру инновациялармен қатар жаңа технологияларды ендіру мен ілгерілетуде, халықаралық саудаға жәрдемдесуде және ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да мынадай бірқатар жобалар жүзеге асырылуда:
- SKE.03.01P «Жиілік пен қуатты автоматты түрде реттеуді енгізу» жобасы;
- «Деректерді талдау арқылы коммерциялық шығындарды талдау» жобасы;
- «Медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесін сынауды енгізу» жобасы.
«Екібастұз кен орнының № 3 қабатының күлі көп көмірін және құнарынан айырылған көмірді/көмірді байыту қалдықтарын жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағу құрылғыларының технологиясын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысы орындалды.
«Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық жүйесі» ЖМ аумағында «Таза көмір технологиялары» бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды.
16-мақсат. Орнықты даму мүддесінде бейбіт сүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығы үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және көпшіліктің қатысуына негізделген мекемелер құру
Компания бизнес-этиканың, ашықтық пен заңдылықтың, іскерлік әдет-ғұрыптардан және белгілі бір юрисдикцияда бизнесті жүргізудің басқа шарттарынан тәуелсіз жоғары стандарттарын ұстанады. (Толығырақ «Комплаенс» және «Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл» бөлімінде).