2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасының 4 жоба мен 13 іс-шараны қамтыған Жобалар және іс-шаралар портфелін (Портфель) іске асыруды жалғастыруда, және 2025 жылға қарай 27,5 млрд теңге мөлшеріндегі таза пайдаға қол жеткізуді жоспарлап отыр.
|
Жоба/іс-шара атауы |
Статусы |
2020 жыл қорытындысы |
|
АРЧМ енгізу (жоба) |
Іске асыру процесінде |
|
|
Біріктірілген жоспарлау жүйесі (жоба) |
Жүйе енгізілді, жоба «Мониторинг» сатысында |
|
|
Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу (жоба) |
Іске асыру процесінде |
|
|
Ақпараттық қауіпсіздікті басқару және қамтамасыз ету жүйесін енгізу (жоба) |
Іске асыру процесінде, жоба «Мониторинг» сатысында |
|
|
Жобаларды (бастамаларды) портфельдік басқаруды енгізу 3 іс-шараны қамтиды:
|
Аяқталды |
|
|
Көшбасшылықты дамыту |
Іске асыру процесінде |
|
|
Корпоративтік мәдениетті дамыту |
Іске асыру процесінде |
|
|
HR құзыреттерін дамыту |
Іске асыру процесінде |
|
|
Yellow Pages қағидаттарын іске асыру |
Аяқталды |
|
|
ІТ шығындарын оңтайландыру |
Аяқталды |
|
|
Компанияның сатып алу қызметін және диагностика жүргізуді басқару әдістемесін әзірлеу |
Аяқталды |
|
2020 жылы трансформация командасы бизнес тиімділігін арттыруға бағытталған идеялар мен ұсыныстарды іздестіру мақсатында еншілес және бағынысты ұйымдармен, «Самұрық-Энерго» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен ауқымды жұмыс жүргізді. Осы жұмыс нәтижесінде Жобалар мен іс-шаралар портфелі жаңартылып, 2020 жылдың желтоқсанында Директорлар кеңесінде мақұлданды. Портфельде қамтылған 7 жоба мен 12 іс-шараның бюджеті 3,5 млрд теңгені құрады, ал болжамды пайдасы 15,8 млрд теңгеге бағаланды.
Портфельге: «Қазандық агрегаттарын мазутсыз тұтандыру жүйесін енгізу (Плазматрон)»; «Қауіпсіз өндіріс»; «Деректерді талдау арқылы желілердегі коммерциялық шығындарды талдау» секілді жобалар енгізілді. Сонымен қатар: «Мастер деректерді басқару процесін енгізу»; «ЖЭО-3-те газбен жұмыс істейтін қазандықтарды жағуды ұйымдастыру»; «Тұрақты жақсарту процесін жетілдіру»; «Корпоративтік менеджмент жүйесін жетілдіру»; «ЖЭК электр энергиясын сатып алу моделін жетілдіру»; «Автоматтандырылған медициналық тексеріс жүйесін енгізу»; «АЭС» ЖШС электр энергиясын тұтынушыларына арналған онлайн-қызметтерді енгізу»; «Жеткізушілер» бастамасымен жобаларды әзірлеу үшін сатып алу қызметін диагностикалау» іс-шаралар қамтылды.
2020 жылы «АЭС» ЖШС заңды тұлғаларына онлайн-қызметтерді енгізу» іс-шарасы басталды. Осы іс-шараның арқасында Алматы қаласы мен Алматы облысының заңды тұлғалары онлайн-режимде барлық қажетті ақпаратты алып, есептесулер жүргізе алады. 2025 жылға дейін кем дегенде 15 мың заңды тұлғаны онлайн-қызметке ауыстыру жоспарланып отыр.
«AЛЭС» АҚ мен «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-да «Автоматтандырылған медициналық тексеріс жүйесін енгізу» іс-шарасы (пилоттық форматта) аяқталды. Іс-шара нәтижесі бойынша «АлЭС» АҚ аппараттық-бағдарламалық жасақтама кешенін сатып алды, бұл кешен қызметкерлерге бір минут ішінде зерттеуден өтіп, өзінің сол сәттегі физикалық жағдайы туралы толық ақпарат алуға және жұмысқа кірісуге рұқсат алуға мүмкіндік береді.
Алдын ала берілген деректер бойынша, 2020 жылы Цифрлық трансформация бағдарламасы бойынша таза пайда 4,42 млрд теңгені құрады, жылдық жоспары 3,31 млрд теңге болғандықтан, орындалуы 133 % құрады. Жобалар мен іс-шаралардың негізгі нәтижелерін қамтитын Цифрлық трансформация бағдарламасының Жол картасын іске асыру 100 %-ды құрап отыр. Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жобалар портфелін жаңарту мақсатында бизнес бастамаларды жинақтау және талдау жұмыстары жалғаса бермек.