|
Құндылық |
Мүдделер салалары |
Өзара іс-қимыл жасау платформасы |
|
Акционерлер |
||
|
|
|
|
Еншілес және тәуелді ұйымдар |
||
|
|
|
|
Қызметкерлер |
||
|
|
|
|
Мемлекеттік органдар, қаржы институттары |
||
|
|
|
|
Халық, тұтынушылар |
||
|
|
|
|
Серіктестер, өнім берушілер |
||
|
|
|
|
БАҚ |
||
|
|
|
|
Кәсіподақтар |
||
|
|
|
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Компания жыл сайын Өзара іс-қимыл жоспарын әзірлейді. Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспары және мүдделі тараптармен кері байланыс механизмдерінің жұмысы бойынша жұмысты жақсарту жөніндегі ұсыныстары қоса берілетін есеп жыл сайын Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады.
2020 жылдың нәтижелері бойынша Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары бойынша іс-шаралар толық көлемде орындалды.
Стейкхолдерлермен Кері байланыс механизмі
Компания үшін сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің барлығының тыңдалуы өте маңызды. «Самұрық-Энерго» АҚда шынайы хабарлама қалдырған кез келген адамды қудалаудан және жауапқа тартудан қорғауға кепілдік беретін стейкхолддерлер үшін мынадай Кері байланыс құралдары жұмыс істейді:
- Жедел желі 24/7 Телефон: 8 800 080 30 30, Сайт: nysana.cscc.kz, e-mail: nysana@cscc.kz
- «Кері байланыс» нысаны https://www.samrukenergy.kz/ru/feedback-all корпоративтік сайтында орналастырылған.
- Жергілікті қоғамдастықтар, мердігерлердің қызметкерлері не жобаға қатысы бар тұлғалар https://www.samruk-energy.kz/ru/obrat сайтында өз пікірін білдіре алатын, енгізілетін инвестициялық жобаларға байланысты тұлғалар санаты үшін «Кері байланыс» нысаны.
- Акционерлер мен инвесторлар үшін Кері байланыс. Инвестордың сауалнамасы: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/independent-registrar
- Байланыс деректерін көрсете отырып, туындайтын мәселелер бойынша өтініштер мына сайтта: https://www.samruk-energy.kz/ru/company/contact
- Омбудсмен o.bekbas@samruk-energy.kz электрондық поштасы арқылы 8/7172/69-23-56 телефон нөмірі арқылы.
Компания жыл сайын келіп түсетін өтініштердің мониторингін жүзеге асырады, бұл Компанияның барлық мүдделі тараптардың алаңдаушылығын зерттеуіне, жүйелі проблемалық мәселелерді анықтауына, кейіннен ден қою үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл бойынша қолданыстағы тетіктердің тиімділігін анықтауына мүмкіндік береді.
Өтініштердің статистикасы *
|
№ р/с |
Дереккөз |
Саны |
||
|
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
||
|
1 |
Жедел желі |
33 |
29 |
46 |
|
2 |
«Самұрық-Энерго» АҚ кеңсесі, оның ішінде: |
9 773 |
10 297 |
9 741 |
|
|
мемлекеттік органдардан |
456 |
445 |
298 |
|
|
Акционерден |
537 |
617 |
596 |
|
|
Өтініштер мен шағымдар |
45 |
38 |
72 |
|
3 |
Тікелей Қауіпсіздік қызметіне |
6 |
6 |
2 |
|
4 |
Сайттағы «Кері байланыс» нысаны |
1 |
4 |
6 |
|
5 |
Омбудсмендер |
39 |
28 |
36 |
|
6 |
Кәсіподақтар |
26 |
28 |
29 |
|
7 |
Соттар мен қадағалаушы органдар |
25 |
10 |
10 |
|
8 |
Басшыға келіп түскен жазбаша өтініштер |
– |
5 |
2 |
|
БАРЛЫҒЫ |
|
175 |
148 |
203 |
Көрсетілген өтініштер қозғайтын аспектілер, ең көп өтініш берілген өңірлерді анықтау, «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобына жүгінген тұлғалар санаты, өтініштердің мәні бойынша статистика және шағымдарды талдау бойынша талданды. Әрбір шағымға белгілі бір санат берілді.
2020 жылы стейкхолдерлерді сыйақы төлеу, жұмыстан босату және жұмысқа орналастыру мәселелері қызықтырды.
Компанияға келіп түскен барлық өтініштерге жауаптар уақтылы берілді. Жауаптар мүдделі тараптар үшін қолайлы тәсілдермен берілді. Өтініштердің құпиялығы мен жасырындығы сақталды. Қудалау фактілері тіркелген жоқ.
Мүдделі тараптардың өтініштері бойынша қорытындылар Компанияның Директорлар кеңесіне жіберілді, онда ұсыныстар жасалып, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау сапасын жақсарту бойынша шаралар әзірленді.