Қызмет аудиті

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі компаниядағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру арқылы Компанияның стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуіне көмектеседі.

Қызметтің миссиясы «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде өз міндеттерін орындауда Директорлар кеңесі мен атқарушы органға қажетті көмек көрсету болып табылады.

2020 жылдың наурыз айында ІАҚ жаңа басшысы болып Бекжан Бейсенұлы Қасымбеков тағайындалды. ІАҚ басшысы Алматы энергетика және байланыс университетінің бакалавр дәрежесіне ие. Ланкастер университетінің магистрлік дәрежесін бітірген (Ұлыбритания, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының стипендиаты). Түрлі халықаралық кәсіби сертификаттарға ие, соның ішінде Ұлыбританияның Dip ICFM халықаралық қаржы менеджерлері институтының (DipCPIA), EXIN халықаралық институтының (ITIL) сертификаттарына ие. Түрлі жылдары халықаралық аудиторлық компанияларда (Ernst & Young, PricewaterhouseCoopers), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Ішкі аудит қызметінде және т. б. жұмыс істеді.

2020 жылы Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі – Компания) тобы бойынша 20 жоспарлы аудиторлық тапсырма орындалды:

  • Компания тобы бойынша сатып алу процесі тиімділігінің аудиті;
  • Компания тобы бойынша Цифрлық трансформация бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді бағалау;
  • Компания тобы бойынша басшы қызметкерлердің ҚНК-ні орындау дәрежесін бағалау;
  • IT-аудит, адам ресурстарын басқару процестерін бағалау және т. б.

Барлық аудиторлық тапсырмалар Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкес орындалды. Жүргізілген аудиторлық тексерулердің қорытындысы бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.

Аудиторлық тапсырмалардың басымдылығы өзіне тән тәуекелдері неғұрлым жоғары процестерді таңдау арқылы, сондай-ақ Жалғыз акционер мен «СамұрықЭнерго» АҚ Директорлар кеңесінің аудиторлық тексерулерді жүргізуге басым сұраныс жасауы арқылы анықталды.

Компанияда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде 2020 жылы ІАҚ төмендегідей іс-шаралар жоспарларын орындау бойынша жұмыстарды жалғастырды:

  • ІАҚ стратегиялық даму жоспары;
  • Сапаны қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасы;
  • Ішкі бақылауды тестілеуге негізделген аудиторлық тексерулерге көшудің үш жылдық жоспары.

Бұған қоса, ІАҚ тоқсан сайын сыртқы аудитор ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізіп, ІАҚ ұсынымдарының орындалуы бойынша өткізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалайды.

2020 жылдың ІV-тоқсанында «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз компаниясы тарапынан ІАҚ қызметіне сыртқы бағалау жүргізілді. ІАҚ нәтижелері бойынша халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ІАҚ қызметін Директорлар кеңесі «ТИІМДІ» деп бағалады.

Сапа менеджменті жүйесінің аудиті

Компанияда ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес корпоративтік менеджмент жүйесі енгізілді. «Самұрық-Энерго» АҚ мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен болжалдарын ескере отырып, Компанияны тиімді және нәтижелі басқаруды қамтамасыз етеді.

Корпоративтік басқару жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растау үшін Компания жыл сайын сыртқы аудиттен өтеді. Бұл TÜV NORD CERT рәсімдеріне сәйкес, энергетикалық активтерді корпоративтік басқару қызметі тұрғысынан менеджмент жүйесін қолдануды растау арқылы жүзеге асырылады.

2020 жылы сыртқы қайта сертификаттау аудиті «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкестігін растады. Рәсімді «TUV Nord» халықаралық тәуелсіз компаниясының мамандары жүргізді.

Сыртқы аудит

Компанияның аудиторлық ұйымын таңдау «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың Аудиторлық ұйымды таңдау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудиторлық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер қызметтің сапасы мен құны болып табылады. 2012 жылдан бастап Компанияның сыртқы аудиторы PricewaterhouseCoopers (бұдан әрі – PwC) әлемдік фирмалар желісі болып табылады.

PwC аудиторлық және кеңес беру қызметін ұсынуда жетекші орынға ие: аудит бойынша клиенттер қатарына FTSE 100 және Fortune 500 рейтингтеріне енген компаниялардың жартысына жуығы кіреді.

Әлемнің түрлі елдерінде отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында PwC фирмасы аясында Дүниежүзілік энергетикалық қызмет құрылды, онда 4 000-нан астам маман жұмыс істейді.

Неғұрлым толық ақпаратты www.pwc.kz сайтынан алуға болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Аудиторлық ұйымдардың қызметін тарту саласындағы саясатына сәйкес, Компания әр бес жыл сайын аудит үшін негізгі жауапкершілік арқалайтын серіктесті ауыстыру принципін қолданады. 2016–2017 жылдары аудит үшін Бауыржан Бұрханбеков негізгі жауапты серіктес болды. 2018 жылдан бастап негізгі серіктес – Дана Іңкәрбекова болды.

Бұған қоса «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында аудиторлық ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау шарттары ерекше. Сонымен, Компанияның міндетті аудитіне Компанияның Басқарма мүшесі, басқарушы директоры немесе бас аудиторы лауазымына тағайындалған (сайланған) күнінің алдындағы екі жылда аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде екі жыл бойына қатысқан аудиторлық ұйымның қызметкерін тағайындау мүмкін болған жағдайда, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу талап етіледі.

PwC Компанияның мына ЕТҰ-ларында аудит жүргізеді:

Компания

Қызмет түрі

Кезең

«Самұрық-Энерго» АҚ

Холдингтік компания

2008–2010, 2012-қазірге дейін

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

Павлодар облысында орналасқан электр станцияларында көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру

2013 – қазірге дейін

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр энергиясын тасымалдау, желілердегі электр энергиясын техникалық тарату қызметі

2010, 2012- қазірге дейін

«Алматы электр станциялары» АҚ

Алматы қ. мен Алматы облысы үшін электр- және жылу энергиясын өндіру

2010, 2012- қазірге дейін

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС

Алматы қ. мен Алматы облысы аумағында электр энергиясын сатуды жүзеге асырады

2008–2010, 2012- қазірге дейін

«Шардара СЭС» АҚ

Электр энергиясын өндіру

2007 ж.

«Мойнақ СЭС» АҚ

Шарын өзенінде су электр станциясын салу

2008, 2012- қазірге дейін

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде өндірілетін көмір негізінде электр және жылу энергиясын өндіру

2005–2009 жж.

«Богатырь Көмір» ЖШС

«Богатырь» және «Северный» көмір кесіктерінде ашық тәсілмен тас көмір өндіру

2008–2010, 2012- қазірге дейін.

Аудиторлық ұйымға 2020 жылы көрсетілген аудиторлық қызметі үшін төленген сыйлықақы

Қызметтер

«Самұрық-Энерго» АҚ

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы

2020 жылғы аудит үшін

32 364 000 теңге

168 200 597 теңге

2020 жыл ішінде PWC қаржылық есептілік аудитіне қатысы жоқ қызметтерді ұсынбады.