

Ұсынылып отырған есеп «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының 2020 жылғы қызмет нәтижелері мен жетістіктерін, сондай-ақ 2021 жылға арналған жоспарлар сипаттамасын қамтиды.
«Самұрық-Энерго» АҚ қызмет қорытындылары туралы біріктірілген жылдық есеп екі томнан: қаржылық және қаржылық емес бөліктерден тұрады.
Есептің қаржылық емес бөлігінің мазмұны Есептілік бойынша ғаламдық бастаманың (GRI) стандарттары мен қағидаттарын, Электр энергетикасы саласындағы GRI салалық хаттамасын (Electric utility, EU), есептілікке қойылатын БҰҰ Ғаламдық шартының, Корпоративтік басқару кодексінің және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының талаптары ескеріле отырып әзірленді. Есептің қаржылық емес бөлігінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның орнықты дамуы тұрғысынан неғұрлым маңызды деп танылған аспектілері қарастырылады .
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның 2019 жылғы және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2020 жылғы аудит өткізілген шоғырландырылған қаржылық есептілігі «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз аудитінің нәтижесі болып табылады .
Осы есепті әзірлеу кезінде ұсынылған ақпарат алдын ала талданды және мүдделі тараптар есеп мазмұнының шынайылық дәрежесін бағалау мүмкіндігіне ие болатындай мақсатта ашық көрсетілді.
Есептегі болашаққа қатысты келтірілген деректер болжамдық сипаттағы ақпаратқа негізделген, қызметтің күтілетін нәтижелері барынша ықтимал немесе типтік сценарий ретінде қарастырылмауы тиіс және қарастырылмайды. Болжалды мәлімдемелер Есеп шыққан мерзімге қатысты көрсетіледі.